Сейсенбі, Шілде 25

Author: Алты алаш

Астанада жас ақындар айтысы өтті

Астанада жас ақындар айтысы өтті

Руханият
Астанада «Жастар болашақты жырлайды» атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz. «Тәуелсіз Қазақстанмен бірге қайта түлеген айтыс өнері қазіргі таңда өте жақсы жағдайда деп толық сеніммен айта аламыз. Заманауи айтыс өзінің әдеби құндылығын арттырмаса, кеміген емес. Айтыстың беделі де күн санап артуда. Осыған орай елімізде де жас әрі дарынды айтыскерлердің бар екендігі және олардың кәсіби шеберліктері көңіл қуантады. Олардың жырлары арқылы біз қоғамның өзекті мәселелеріне көңіл аударамыз»,- деп атап өтті депутат Бақтияр Мәкен. Айтыстың бас жүлдесін семейлік Нұржан Өмірбаев жеңіп алды. Оған 300 мың теңге табысталды. Екінші орынды қызылордалық Мұхаметжан Мансұров иеленіп, ол 200 мың теңге еншіледі. Ал, үшінші орынға қостанайлық Нәрия Ақбабақызы лайықты саналып, 150 мың
Алаш жұртының аяулы ақсақалы – Сұлтан Жанболат

Алаш жұртының аяулы ақсақалы – Сұлтан Жанболат

Алты Алаш
Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасы Секретариатының шешімімен тағайындалған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы Қытайда тұратын қандасымыз белгілі жазушы, тарихшы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Рамазанұлы Жанболатовқа да берілгенін хабарлаған едік. Бұл мәртебелі сыйлықты шетелдегі бес миллион қандастардан бес-ақ кісі иеленген. Олар – Халифа Алтай, Қажығұмар Шабданұлы, Хасен Оралтай, Ғалым Қалибекұлы және Дүкен Мәсімхан. Осы орайда оқырман қауымға Сұлтан Жанболаттың шығармашыл еңбек жолын таныстыра кеткенді жөн көрдік. Профессор, жазушы, ҚХР белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Сұлтан Жанболатов қазіргі таңда ҚХР-дың Үрімжі қаласында тұрады. Сұлтан Рамазанұлы Жанболатов 1936 жылы ҚХР Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданында дүниеге келген. 1956 жылы Шыңжаң институтының фи
Тасмағамбетов балабақшаларды қазақ тіліне аударуға ұсыныс тастаған\\ видео

Тасмағамбетов балабақшаларды қазақ тіліне аударуға ұсыныс тастаған\\ видео

Заман және қоғам
Қазір Қазақстанның Ресейдегі өкілетті елшісі қызметін атқарып отырған Иманғали Тасмағамбетов Үкімет басшылығында отырғанда Қазақстандағы балабақшалардың бәрін қазақ тіліне аударуға бастама көтерген деп хабарлайды Qamshy.kz. Мемлекет қайраткері Иманғали Нұрғалиұлы Үкімет мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында тіл мәселесі туралы және осы орайда  ешбір ата-ананың қарсы шықпайтынын алға тарта отырып, барлық балабақшаларды қазақ тіліне аударуға бастама көтерген болатын. «Егемендігімізге, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толды. Қазір барлық жерде балабақшалар салынып жатыр. Неге соны қазақ тілінде ашпаймыз,» дейді Тасмағамбетов. Айта кетер болсақ, өткен жылдың желтоқсан айында Астанада өткен Республикалық жастар форумының пленарлық отырысында жастар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иман
Абай    Жазғытұрым

Абай Жазғытұрым

Руханият
Жазғытұры Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.   Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.   Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. Шаруа қуған жастардың мойны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басып...    
Армысың, әз Наурыз!

Армысың, әз Наурыз!

Алты Алаш
Барша қазақ елін жыл айналып келіп жеткен Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаратылыспен үндесіп, қашан да тұтасып жататын адамзаттың асыл мерекесі халқымызға бақ-берекесін, шаттық мерекесін ала келсін. Алты ай қыстан аман шыққан бұқараның арманын еселеп, келер күнге күш-қуат жинауына дем берсін. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын...
Наурыз күні болғанда: Құл құтылар құрықтан, Күң құтылар сырықтан

Наурыз күні болғанда: Құл құтылар құрықтан, Күң құтылар сырықтан

Руханият
Қытайдың Баркөл аймағында тұратын ақын, аудармашы, қазақ қолөнерін зерттеуші, этнграф-ғалым Шәкен Бөкетайұлымен халқымыздың ұлық мерекесі «Әз Наурыз» туралы өткізген сұхбатымызды жариялап отырмыз. Ұлттық салт-дәстүріміз бен ұлық мерекеміз жайлы тереңнен толғаған ізденіске толы өрісті ойлары оқырман жүрегіне жол табары шүбасыз деген сенімдеміз. Сұрақ: Шәкен Бөкетайұлы мырза, сіз қазақ халқының көнеден сақталып келе жатқан дәстүрлі киім-кешек, киіз үй жасау және басқа да тұрмыста кеңінен қолданылатын ою-өрнек саласын зерттегелі көп жылдар болды. Бұл жайында ойларыңызды тарқата отырсаңыз. Жауап: Қазақ ұлты түркі халықтарының ішінде ежелгі ру-ұлыстардың дәстүр-салтын, тілдік қорын, дүниеге көзқарасын, ежелгі наным-сенімін ең жақсы сақтап қалған халық. Көкт түріктер заманынан бері бүгін
Қасымхан Бегманов: Мұстафа Шоқай жолымен…

Қасымхан Бегманов: Мұстафа Шоқай жолымен…

Алты Алаш
«Мұстафа Шоқай  жолымен» жобасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары және  шоқайтанушы әрі  тарихшы ғалымдардан құралған арнайы экспедиция  Қасымхан Бегмановтың ұйымдастыруымен сапарға шыққанынан кезінде баспасөз арқылы хабардар едім. Автордың әр сапардан оралған сайын атқарған жұмыстары жайлы сол тұста республикалық мерзімдік басылымдар мен телевидение арқылы халыққа беріп отырған есептерімен өте жақсы таныспын. Нәтижесінде, Мұстафа Шоқай жайлы көптеген тың  деректерге қаныға түстік. Қазіргі уақытта зерттеушілер, әсіресе тарихшы мамандардың жазылар еңбектерінің деректік базасын кеңейте түсуге тікелей қатысуына мүмкіндіктері зор. Бұл мақсатқа олар сол замандағы оқиғаларды көзімен көрген немесе оны басынан өткізген адамдармен арнайы сұхбаттасу арқылы жете алады. Расында бұл мүмкіндікті па
Тұрсын Жұртбай     Ахмет Байтұрсынұлы және біртұтас алаш идеясы

Тұрсын Жұртбай Ахмет Байтұрсынұлы және біртұтас алаш идеясы

Алты Алаш
1905 жылдан бастап аса ықтияттылықпен саяси күрес нәтижесінде жасалған, 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік идеяның негізін қалаған Біртұтас алаш идеясында әрбір алаш қайраткерлерінің демі мен аңсары бар. Ал ол идеяның ұйытқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят Сені мен Махатма Гандиі – Әлихан Бөкейханов болатын [1]. Әлекеңнің – Әлихан Бөкейхановтың тергеушіге берген жауабындағы: «Мен сырымды екі-ақ адаммен бөлісе аламын. Олар – Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов» – деп айтқанына жүгінсек, онда Біртұтас алаш идеясының ілхамында Ахаңның да – Ахмет Байтұрсыновтың да рух шапағаты бар. Мен бұл арада 1905 жылғы Сәлімгерей Жантөриннің «Автономия» атты еңбегінен және Мұхамеджан Тынышбаевтің 1905 жылғы 19 қарашада автономияшылдардың