Сейсенбі, Шілде 25

Басты тақырып

Ерлан Қариннің қызметі ауысты

Ерлан Қариннің қызметі ауысты

Басты тақырып
Е. Қарин "Қазақстан телерадио корпорациясының" басшылығына тағайындалды. Саясаттанушы, қоғам қайраткері Ерлан Қарин «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Ерлан Тынымбайұлы бұл қызметке Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуге, соңғы жылдары қатты әлсіреп қалған мемлекеттік ақпараттық идеологиялық бағытты қалпына келтіруге және стратегиялық маңызы зор жұмысты атқару үшін Елбасының шешімімен тағайындалды. Ерлан Тынымбайұылының бұндай қызметке тағайындалғанын Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады. «Бүгін «Қазақстан» РТР­К» АҚ ұжымына жаңа ба­сшы – Ерлан Қаринді т­аныстырдым. Ерлан Тынымбайұлы біл­ікті саясаттанушы, ид­еолог, еліміздің шына­йы патриоты ретінде к­өпшілікке жақсы таныс­ екені

Министрлік қоғамның әрбір ұсынысын ескереді

Басты тақырып
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты заң жобасындағы жұртты алаңдатып жүрген екі баптың алынып тасталғанын жеткізді. "Қымбатты достар, біздің министрлік ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша түрлі алаңдарда қоғамдық талқылау өткізуде. Бұл процеске сарапшылар мен журналистер және азаматтық сектор тартылуда. Талқылаудың барлық кезеңінде қатысушылар айрықша назар аударған нормалардың бірі жасырын пікір қалдырушылардың алдын алу (деанонимизация) мәселесі болды. Атап айту керек, бұл норма троллингке, тексерілмеген ақпараттарды тарату мен арандатуға, экстремизмді насихаттау мен әлеуметтік жанжалдарға шақыруға қарсы күреске бағытталған болатын. Сонымен қатар, жұмыс тобы отырыстарының аясында сарапш

Ұлық болсаң – кішік бол… (видео)

Басты тақырып
Түркия Президенті Ережеп Тайып Ердоған және оның жұбайы Эмине ханым сириядағы оқиғадан жапа шеккен кішкентай қыз Гезьяши мен 27 жастағы Махмұд Халиф Насирді өз жанұяларына қабылдады. Махмұд Халиф Насир сириядағы Идлибте Асад режимінің әуе шабуылы кезінде жарақаттанып, нәтижесінде екі аяғынан мүлде, оң қолының саусақтарынан және жанарынан айырылған еді. Гезьяши қызымыз жарылыстар кезінде аяғы мен көзінен айырылған әкесін құшақтап отырған суретімен халыққа танымал болған.  Гельяштің «Менің көзімді әкеме салып беріңдерші! Әкем мені көрсін! Сосын қуансын!» деген сөзі Түркия қоғамында үлкен резонанс тудырған еді. Алты алаш - ақпарат
Б. Сағынтаев: Қоғамдық резонанс тудырған жердің тағдыры…

Б. Сағынтаев: Қоғамдық резонанс тудырған жердің тағдыры…

Басты тақырып
Бүгін Үкімет отырысында 2016 жылы қоғамда резонанс тудырған Жер кодексі талқыға түседі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz. - Алдымен Елбасының биылғы Жолдауын іске асыру бойынша жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қараймыз. Ал күн тәртібіндегі өзекті мәселе – жер қатынастары туралы заңнаманы жетілдіру. Өткен жылы осы заңның кейбір баптары қоғамдық резонанс тудырғанын барлығымыз білеміз. Осыған байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заңды қабылдауға мораторий жариялады. Оны реттеуді жер реформасы бойынша құрылған комиссияға тапсырған болатын. Бүгін өзгерістерді қарап, тиісті шешімдер қабылдауымыз керек, - деді ол. Бақытжан Сағынтаев аталмыш мәселеде Жер комиссиясы мүшелерінің пікірі ескерілетіндігін атап өтті. - Осы
Ильхам Алиев және Александр Лукошенко

Ильхам Алиев және Александр Лукошенко

Басты тақырып
Әзербайжан  мен Белорус арасындағы серіктестік ерекше. Ильхам  Алиев Александр Лукошенконы бірнеше рет құтқарды. Ол Ресей мен Белорус арасында орын алған келіспеушіліктердің салдарынан күтпеген жерден пайда болған Минскінің тесіктерін  жамауға  ақшалай да, мұнаймен де көмектесті. Лукошенко алдағы уақытта көмірсутектер жеткізуде Мәскеуге балама ретінде Бакуға көп иек артады. Жуықта әзербайжан Президенті  белорустық әріптесіне әкесі Гейдар Алиев атындағы Орденді табыстағанды. Екі ел президенті жәй ғана жақсы байланыста деп айтуға келмес, олар посткеңестік кеңістікке тән емес, бірдей дәрежедегі және ешқандай шиеленіссіз жеке қарым-қатынаста. Белорустың Армения және Ресеймен бірге  ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына) мүшелігіне қарамастан, Қарабах бойынша Минскінің ұстанымы әрқа
И. Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

И. Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Басты тақырып
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Үкімет басшысының орынбасары                И.Тасмағамбетовты Ресей федерациясындағы Елші қызметіне тағайындады. Президент бірқатар кадрлық өзгерістер орын алғанын...,   Марат Тәжиннің Президент Әкімшілігіне келуіне орай, менің  қасымда ұзақ жылдар қызмет атқарған Иманғали Тасмағамбетовты өзінің өтінішін ескере отырып, Қазақстанның Ресейдегі Елшісіне тағайындағанын айтты. «Мәскеу - біздің басты серіктесіміз, жақын көршіміз  және одақтасымыз. Сондықтан онда Қазақстан мен Ресейдегі ахуалды жақсы білетін, салиқалы тұлға болуы тиіс. Меніңше, бұл алда атқарылатын жұмыстар мен еліміз үшін игілікті іс болмақ,» - деді. Алты алаш - ақпарат

Румыниядағы мыңдаған халықтың наразылығы: халық коррупцияға қарсы

Басты тақырып
Румындықтар билікке бас берер емес, Бухарестің орталығында наразылық науқандарын жалғастыруда. Полицияның берген мәліметінде бейсенбі күні 80 000-нан астам халық жиналған. Ал сәрсенбі күні наразылыққа шыққандардың саны 250 000-ға жеткен. Басты мақсат биліктегі коррупцияға «жол ашатын» декреттің күшін жою. Наразылық науқанына қатысушылардың бірі: «Біз осында декреттің күшін жойып, осыны қабылдаған үкіметті таратуды талап етіп шықтық. Түннің ортасында қол қойылған заңнан бас тартқандарын қалаймын," – дейді.  Бухарестің тағы бір тұрғыны: "Олардың өз қызметтерін атқарғандарын қалаймын. Мен үкіметтің  күшпен тарағанын қаламаймын. Олар  халықтың көз алдында тонаушылықпен айналыспай, өздерін жақтап дауыс бергендердің алдында соңына дейін жауапты болуы керек. Біз осы заңның күші жойылғанға

Жауластырмақ, жаушыда…

Басты тақырып
Мемлекеттік дума депутаты Павел Шперовтың шекараны қайта қарау туралы айтқанына орай Ресей Сыртқы істер министрлігі ресми пікір білдірді. "Ғаламторда Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы қызу талқыланып жатқанына қатысты айтарымыз - Ресей Федерациясының сыртқы саясат мәселелері бойынша Ресей президенті, Ресей Үкіметінің Төрағасы, Сыртқы істер министрі, олардың өкілетті тұлғалары ғана ресми мәлімдеме жасайды. Біздің стратегиялық серіктесіміз және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы(ҰҚШҰ) бойынша одақтасымыз Қазақстанмен қазіргі қарым-қатынас 1992 жылғы 25 мамырда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартының негізінде  жүзеге асырылды. Бұл қарым-қатынастар 2013 жылғы 11 қарашада Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арас