Сейсенбі, Шілде 25

Алты Алаш

Алаш жұртының аяулы ақсақалы – Сұлтан Жанболат

Алаш жұртының аяулы ақсақалы – Сұлтан Жанболат

Алты Алаш
Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасы Секретариатының шешімімен тағайындалған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы Қытайда тұратын қандасымыз белгілі жазушы, тарихшы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Рамазанұлы Жанболатовқа да берілгенін хабарлаған едік. Бұл мәртебелі сыйлықты шетелдегі бес миллион қандастардан бес-ақ кісі иеленген. Олар – Халифа Алтай, Қажығұмар Шабданұлы, Хасен Оралтай, Ғалым Қалибекұлы және Дүкен Мәсімхан. Осы орайда оқырман қауымға Сұлтан Жанболаттың шығармашыл еңбек жолын таныстыра кеткенді жөн көрдік. Профессор, жазушы, ҚХР белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Сұлтан Жанболатов қазіргі таңда ҚХР-дың Үрімжі қаласында тұрады. Сұлтан Рамазанұлы Жанболатов 1936 жылы ҚХР Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданында дүниеге келген. 1956 жылы Шыңжаң институтының фи
Серік Мұратхан       Алашорда үкіметі және  Шығыс Түркістан қазақтары

Серік Мұратхан Алашорда үкіметі және Шығыс Түркістан қазақтары

Алты Алаш
Қазақ осы заманғы тарихында өз орнын ойып тұрып алған, алты Алаштың арманын бөліп-жармай, ортақ көтерген, тұтас Алаш ұранды Қазақтың басын біріктіргісі келген бірден-бір қозғалыс – Алаш Орда қозғалысы. Бірден-бір үкімет ол – Алаш-Орда үкіметі. Алаш  партиясы мен Алаш орда үкіметі, Алаш қайраткерлері туралы аға буын,  орта буын құлшына еңбектеніп жүр. Тіпті саясат сахынасына енді қадам басқан орта-жаңа буын саясаткерлерде өз имидждерін қалыптастырып, халық алдындағы бет-беделін көтеру үшін Алашордашыларды қалқан ететін кезге жеттік. Бір есептен бұл да жетістік. Біздің бүгінгі Қазақстан қоғамында кеше ауызға алу қылмыс болып саналған Алашордашыларды зерттеу, мадақтау, таныту абырой, мәртебе болса одан артық бақыт бар ма? Бұл да болса тәңір берген тәуелсіздіктің  баға жетпес тартуы болса кере
Армысың, әз Наурыз!

Армысың, әз Наурыз!

Алты Алаш
Барша қазақ елін жыл айналып келіп жеткен Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаратылыспен үндесіп, қашан да тұтасып жататын адамзаттың асыл мерекесі халқымызға бақ-берекесін, шаттық мерекесін ала келсін. Алты ай қыстан аман шыққан бұқараның арманын еселеп, келер күнге күш-қуат жинауына дем берсін. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын...
Өлмейтін өсиет

Өлмейтін өсиет

Алты Алаш
Өмірі өлмейтін өсиет! Себебі, беретін ғибраты әліге дейін бір мысқал да кемімеген. Ұлықпан ұзақ уақыт сапар шегерінде ұлына үш түрлі өсиет қалдырып: – Әйеліңе сырыңды айтпа, жаңа байығаннан қарыз алма, әкімнің нөкерімен дос болма, – дейді. Баласы әкесінің айтқандарын тексеріп көргісі келді. Сосын, бір қойды сойып, етін қапқа салып, қанын сорғалатып үйіне келді. Әйелі:– Бұл не? – деп сұрады. Ері: – Түзде бір кісімен ерегісіп, байқамай өлтіріп алдым. Қаптағы соның денесі. Қораға көмейік, сен ешкімге айтпа, – деді. Ертесіне жаңа байыған танысынан әдейі қарыз алды. Арғы күні әкімнің Дәруһа нөкерін қонаққа шақырып, онымен дос болды. Бір күн отбасында ойламаған жерден жанжал туады. Әйелі екеуі біраз жерге барысады. Әйелі шыдамай кетіп: – Құдайыңды ұмытайын деген екенсің. Қылмысыңды әшкерелеп,
Қасымхан Бегманов: Мұстафа Шоқай жолымен…

Қасымхан Бегманов: Мұстафа Шоқай жолымен…

Алты Алаш
«Мұстафа Шоқай  жолымен» жобасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары және  шоқайтанушы әрі  тарихшы ғалымдардан құралған арнайы экспедиция  Қасымхан Бегмановтың ұйымдастыруымен сапарға шыққанынан кезінде баспасөз арқылы хабардар едім. Автордың әр сапардан оралған сайын атқарған жұмыстары жайлы сол тұста республикалық мерзімдік басылымдар мен телевидение арқылы халыққа беріп отырған есептерімен өте жақсы таныспын. Нәтижесінде, Мұстафа Шоқай жайлы көптеген тың  деректерге қаныға түстік. Қазіргі уақытта зерттеушілер, әсіресе тарихшы мамандардың жазылар еңбектерінің деректік базасын кеңейте түсуге тікелей қатысуына мүмкіндіктері зор. Бұл мақсатқа олар сол замандағы оқиғаларды көзімен көрген немесе оны басынан өткізген адамдармен арнайы сұхбаттасу арқылы жете алады. Расында бұл мүмкіндікті па
Тұрсын Жұртбай     Ахмет Байтұрсынұлы және біртұтас алаш идеясы

Тұрсын Жұртбай Ахмет Байтұрсынұлы және біртұтас алаш идеясы

Алты Алаш
1905 жылдан бастап аса ықтияттылықпен саяси күрес нәтижесінде жасалған, 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылу арқылы нақты мемлекеттік идеяның негізін қалаған Біртұтас алаш идеясында әрбір алаш қайраткерлерінің демі мен аңсары бар. Ал ол идеяның ұйытқысы, тарихшы Мәмбет Қойгелдиев дәл тауып айтқанындай, қазақ қоғамының Сун Ят Сені мен Махатма Гандиі – Әлихан Бөкейханов болатын [1]. Әлекеңнің – Әлихан Бөкейхановтың тергеушіге берген жауабындағы: «Мен сырымды екі-ақ адаммен бөлісе аламын. Олар – Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов» – деп айтқанына жүгінсек, онда Біртұтас алаш идеясының ілхамында Ахаңның да – Ахмет Байтұрсыновтың да рух шапағаты бар. Мен бұл арада 1905 жылғы Сәлімгерей Жантөриннің «Автономия» атты еңбегінен және Мұхамеджан Тынышбаевтің 1905 жылғы 19 қарашада автономияшылдардың
Нұрбол ҚАБИ. Мағжанның жұмбақ өлімі туралы аңыз бен ақиқат

Нұрбол ҚАБИ. Мағжанның жұмбақ өлімі туралы аңыз бен ақиқат

Алты Алаш
 Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылды ма? Бастауыш сыныпта – ана тілін, орта буында – әдебиетті оқыдық. Бала күнімнен Мағжанды сүйіп оқушы едім. Шығармаларын ерекше қызығып оқыдым, патриоттық рухқа толы өлеңдерінен нәр алдым. Соңғы кездері мені бір сұрақ мазалап жүр. Барлық оқулықтарда Мағжанның өмірбаяны қысқа жазылатын, тиісішне бір ғана сөйлеммен аяқталатын. Әлі де солай. Онда: Мағжан Жұмабаев 1938 жылы наурыз айының 19-ы күні қайтыс болған делінеді. Мәселе әдебиет кітаптары яки Мағжан туралы тараудың қалай аяқталуында да емес, мәселе мынада болып отыр. Кейінгі кезде "Репрессияда Мағжан, Сәкен, Міржақыптар тірі қалған" деген сөздер ауыздан-ауызға айтылып та, жазба беттерінде жарыса жазылып та жүр. Жел тұрмаса – шөтпің басы қимылдамасы анық. Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатовтар туралы сәл к
Бабалар тілі бүгінгі бәсекелестік бәйгесіне берік пе?

Бабалар тілі бүгінгі бәсекелестік бәйгесіне берік пе?

Алты Алаш
Серімов Е.Е. ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы оқу-әдістемелік бөлім бастығы, з.ғ.к., полиция полковнигі   Бабалар тілі бүгінгі бәсекелестік бәйгесіне берік пе?   Әр халықтың даму көшінде, әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта, тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, қашан да басты назар айдарылып отырылуы заңды құбылыс. Уақыт бедері өзгеріп, қоғам жаңғырған сайын толғауы тоқсан қызыл тіліміздің де қоры молайып, бояуы өзгеріп, қызметі кеңейіп, жаңа мағынаға ие болуы тарихи дамудың алғы шарттарының бірі. Осы өзгеріс, жаңалықтар аса қасиетті рухани қазынамыздың қорына орынды өрнек болып қосылып, ажарын аша түсетіні де ақиқат. Ендеше осы тарихи дамудағы ана тіліміздің бар мүмкіндігі, көркемдік кестесі толығымен пайдаланылса ғана, оның қуатты қаруға айналар