Сейсенбі, Шілде 25

Заман және қоғам

Тасмағамбетов балабақшаларды қазақ тіліне аударуға ұсыныс тастаған\\ видео

Тасмағамбетов балабақшаларды қазақ тіліне аударуға ұсыныс тастаған\\ видео

Заман және қоғам
Қазір Қазақстанның Ресейдегі өкілетті елшісі қызметін атқарып отырған Иманғали Тасмағамбетов Үкімет басшылығында отырғанда Қазақстандағы балабақшалардың бәрін қазақ тіліне аударуға бастама көтерген деп хабарлайды Qamshy.kz. Мемлекет қайраткері Иманғали Нұрғалиұлы Үкімет мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында тіл мәселесі туралы және осы орайда  ешбір ата-ананың қарсы шықпайтынын алға тарта отырып, барлық балабақшаларды қазақ тіліне аударуға бастама көтерген болатын. «Егемендігімізге, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толды. Қазір барлық жерде балабақшалар салынып жатыр. Неге соны қазақ тілінде ашпаймыз,» дейді Тасмағамбетов. Айта кетер болсақ, өткен жылдың желтоқсан айында Астанада өткен Республикалық жастар форумының пленарлық отырысында жастар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иман
Министрдің күмәнді істермен айналысқаны үлкен қателік

Министрдің күмәнді істермен айналысқаны үлкен қателік

Заман және қоғам
Жуырда Білім және ғылым министрі өткен жылы жалпы тарих пәнін ЖОО бағдарламасынан алып тастап, ел-жұрттың құлағын бір шулатып еді. Енді тіл мәселесі бойынша басы тағы дауға қалды. Ол өз бұйрығымен «Қазақстан Республикасындағы жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы» деген құжатының жаңа нұсқасын осы жылдың 1 ақпанында қолданысқа енгізген екен. Алайда, аталған құжаттың «Бакалавриат мамандықтары» деген 7.1. бөлімінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығы жоқ болып шыққан. Оның орнына «Мұғалімдерді тілдер мен әдебиет бойынша даярлау» деген бап енген. Осыдан соң белгілі ғалым-академиктер Ә.Қайдарұлы, Ө.Айтбаев, С.Қирабаев, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, М.Қойгелді Премьер-Министр Б.Сағынтаевқа, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықоваға, Президент әкімшілігі басшысының б
Оразалы Сәбден: Халықтан биік ешкім жоқ

Оразалы Сәбден: Халықтан биік ешкім жоқ

Заман және қоғам
Биылғы мешін жылына жылдағыдай ұрандатып емес, басымызды салбыратып кірген жайымыз бар. Төл теңгеміз 100 пайызға құнын жоғалтып, әлемнің ең әлсіз валютасына айналды. Google-дың дәстүрлі жыл қорытындысы бойынша, 2015 жылы қазақстандықтарды жиі толғандырған сұрақ та теңгенің бағамына қатысты болған екен. Құнсыздықтың арты қымбатшылыққа ұласып, дағдарыс тырнағын батыра бастады. Айырбас құнының бұнша құбылатынын білмеген халық дел-сал болып, айырбас пункттерін торуылдады. Ертеңгі күннің көзін бұлт басып тұрған шақта көпшілікке жол сілтеуші, кәсіби көзқарасқа қазіргі қоғам зәру-ақ. Сондай тынық ой, саралы пікір айтуға қарымды азаматтар саусақпен санарлық десек, солардың өздерінің ішіндегі саусақпен санарлықтардың бірі академик, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Ыстамбұлда қазақтың тарихынан сыр шертетін кітаптар оқырманға ұсынылды

Ыстамбұлда қазақтың тарихынан сыр шертетін кітаптар оқырманға ұсынылды

Заман және қоғам
Ыстамбұл қаласында халықаралық кітап жәрмеңкесі ашылды. Биыл осымен төртінші мәрте өткізіліп жатқан айтулы шарада әлемнің 19 елінен 300-ге жуық баспа үйінің өнімдері оқырман қауымның назарына ұсынылды. Олардың арасында Түркиядағы қазақ диаспорасының қолдауымен түрік тілінде жарық көрген «Халифа Алтай» және «Қаралы көш» кітаптары да бар. Бүгін жәрмеңке аясында сиясы кеуіп үлгермеген жаңа туындыларды таныстыру рәсімі өтті. «Енді түрік оқырмандары Алтайдан Анадолыға жеткен қазақ көшінің тарихы мен жол бастаған белгілі дін және қоғам қайраткері Халифа Алтайдың шығармашылығымен жақыннан танысуға мол мүмкіндік алып отыр», - дейді  тарихшы Әбдіуақап Қара. Әбдіуақап Қара, Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры: - Ғұламаның туғанына 100 жыл толып отыр. Кітап та соған арналып шығарылды. Е
Қ. Қожамжаров: Халық әртісі айыпталушы болады деп кім ойлаған?!

Қ. Қожамжаров: Халық әртісі айыпталушы болады деп кім ойлаған?!

Заман және қоғам
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров алқа отырысында Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты былай деді: «Кейде қоғам не болғанын түсінбей қалады. Себебі қылмыстық қудалауға көбіне танымал түседі. Олар түрлі салаларда жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы, Жаманқұлов. Халық әртісі, еліміздің сүйікті азаматы айыпталушы болады деп кім ойлаған?! Біз дәлелдерді көрсетуіміз керек». Қ.Қожамжаров «CentralAsiaMonitor» газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты да ойын айтты. «Ғабдуллинге қатысты қылмыстық іс енді басталғанда журналистер менен дәлелдерді көрсетуімді сұраған. Сот ашық өтті, ол кінәсін мойындады. Барлық дәлелдер мен тергеу жұмыстарының нәтижесі қоғам алдында
Шеттегі қазақтардың мүддесін Ата Заң қорғауы тиіс

Шеттегі қазақтардың мүддесін Ата Заң қорғауы тиіс

Заман және қоғам
Құрметті Әділбек Рыскелдіұлы! Елбасы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы бастама көтеріп, сол өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға бір ай уақыт берді. Міне, көзді ашып-жұмғанша сол бір айыңыз да бітуге таяды. Енді санаулы күндерден кейін талқылау аяқтап, ұсыныстар қортындыланып, нәтиже шығарылады. Мүмкін, талқылау уақыты тағы бірер айға ұзартылып қалар. Үміт дүниесі ғой, Ата Заңның 10-бабына толықтыру үшін ұсынған ұсынысымызды ел талқысына тағы бір мәрте салуды жөн көрдік. Негізі, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация жөнiнде» Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 1990 жылғы 25 қазандағы Қаулысында «Қазақстан Республикасы Республикадан тыс жерлерде тұ
Ахметбек Нұрсила    Қазақтың жауы – сетевой маркетинг!

Ахметбек Нұрсила Қазақтың жауы – сетевой маркетинг!

Заман және қоғам
Осы Facebook-ті құзырлы орындардың өкілдері оқи ма екен? Құзырлы орындарда (КНБ, прокуратура ) істейтін таныстарыңыз қайсыңызда бар? Бүгін "Айтуға оңайға" Бейсен Құранбек бауырымның шақыруымен өз командаммен түсіп келдім. Түсірілімге бір топ бизнес жастар келіпті көрермен болып қатынасуға! Жастардың жанарында от жоқ! Эксперт шалдар келді.  «Сен не шатып отырсың, сонда не қазақтың бәрі кәсіпкер болып бай болып кетуі керек пе» деп. Тура осылай айтты! Өзі ауқатты бизнесі бар адам. Ал басқа Қазақ бай болады десе ШОШИДЫ!! Ата бабамыз осындай бай да кең ұлан асыр жерді тастап кетті бізге! Неге ҚАЗАҚ КЕДЕЙ болуы керек???Түсірілімнен кейін бастары салбырап, көздері мөлиіп тарап жатқан жастарды көргенде өкіріп жылағың келеді екен! Неге солай рухы түсіп кеткен Қазақтың? Бір жас қыз келіп айтады
Ахметбек Нұрсила   Бір-ақ секіріп шығам деп…

Ахметбек Нұрсила Бір-ақ секіріп шығам деп…

Заман және қоғам
Бизнес деген не? Бизнесті қандай түрлері болады? Мен бизнесті Сауда Қызмет Өндіріс бизнестері деп үшке бөлер едім. Бизнесті не үшін ашады? Пайда табу үшін! Ақша табу үшін, Сізге халық, мекемелер ақшаны қашан төлейді? Сіз оларға бір пайдалы іс жасасаңыз! Сондықтан сіз халыққа қандай пайдалы іс жасай аласыз? Енді соны қалай табыс көзіне, ақшаға айналдыруға болады? Алдымен мына сұраққа жауап беру керек:Қолыңыздан не келеді? Қандай қызмет түрлері? • Қолмен істейтін қызмет ( шаштараз, үй жөндеу, көлік жөндеу т.б.) • Баспен істейтін қызмет ( программа жасау, заңгер, бухгалтер, фотоға түсіру т.б.) • Ұйымдастырумен істейтін қызмет (жалға алып жалға беру, той ұйымдастыру, асхана ашу) Өндіріс • Қолмен істейтін өндіріс ( пеш жасау, бақша егу, мал өсіру, тоқаш пісіру т.б.) • Ұйымдастыруме