Бейсенбі, Қыркүйек 21

Жаңалықтар

Астана процесінің келесі кезеңі 3-4 мамырда өтеді

Астана процесінің келесі кезеңі 3-4 мамырда өтеді

Жаңалықтар
Сирия бойынша халықаралық кездесу 3-4 мамыр күндері елордада өтеді. Бұл туралы Астана процесі үшінші раундының қорытындысына орай кепілгер елдер әзірленген бірлескен мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бірлескен мәлімдемені ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов оқып берді. Онда: «Біз наурызда Женевада келіссөздердің жалғасуына қолдау білдіреміз. Үшжақты кездесу жоғары деңгейде жалғасатындығын атап өтеміз. Сирия Үкіметі мен Сирия оппозициясының өкілдері, сонымен бірге байқаушы ретінде басқа да тараптар бұл отырыстарға шақырылуы мүмкін. Біз жоғары деңгейдегі келесі отырысты 3-4 мамырда Астанада өткізу туралы шешім қабылдадық және 2017 жылдың сәуірінде Теһранда сарапшылар консультацияларын өткізуге келістік. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және
Сүйінші ағайын, Ата Заңымыздың 26-бабы өзгермейтін болды!

Сүйінші ағайын, Ата Заңымыздың 26-бабы өзгермейтін болды!

Жаңалықтар
"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды" деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 26-баптың 1-тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының азаматтары» сөзін «Әркім» сөзіне ауыстыруға қатысты өз қарсылығы ретінде оның қауіптілігі турасында көп талқыланды. 25 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы президент Нұрсұлтан Әбішұлының жарлығы шыққан болатын. 2017 жылғы 26 қаңтар - 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізілген бүкіл халықтық талқылауға ұсынып отырған «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасындағы 26 бапқа қатысты өзгеріске халық өте наразы болды. «Қамшы» порталы және басқа да
Елбасы Ресей Президентімен кездесу өткізді(бейне)

Елбасы Ресей Президентімен кездесу өткізді(бейне)

Жаңалықтар
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті. Алатау бөктеріндегі басқосуға екі жақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер арқау болған. Елбасы өз сөзінде Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының ерекше екендігін атап өтіп, өзара сенімділіктің жоғары деңгейде қалыптасқанын тілге тиек етті. Мысал ретінде, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы мен еліміздегі 7 мыңға тарта бірлескен кәсіпорын қызметін алға тартты. «Оның үстіне, екі ел әлемдік ахуалдарға қатысты біркелкі мақсат-мүддені ұстанады» - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ал Владимир Путин өз кезегінде Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінің нәтижелі өткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде ғала
Түркі әлемі Наурызда Түркістанда бас қосады

Түркі әлемі Наурызда Түркістанда бас қосады

Жаңалықтар
Ұлыстың Ұлы күні мере­кесі биыл Оңтүстікте ерекше тойланатын бол­ды. Себебі, Түркістан ­қаласы 2017 жылы Түр­кі әлемінің мәдени ас­танасы болып бекітілг­ен. Демек, айтулы мер­еке дәл рухани астана­мызда атап өтіледі. «­Түркістан – Түркі әле­мінің мәдени астанасы­» іс-шарасына дайынды­қ жұмыстарымен танысу­ мақсатында Оңтүстік ­Қазақстан облысының ә­кімі Жансейіт Түймеба­ев киелі мекенге іс-са­пармен барды. Түймеба­ев мырза алдымен Наур­ыз тойы тойланатын ал­аңда болды. Ондағы эт­ноауыл мен қолөнер қа­лашығымен танысты. Ке­йінірек облыс әкімі ж­ауаптылардың дайындық­ жұмыстары туралы есе­бін тыңдады. Жасалыны­п жатқан жұмыстар тур­алы баяндаманы өзінің­ орынбасары Ұласбек С­әдібеков жасады. Оның­ айтуынша, Наурыз той­ын тойлауға шет елден­ 800 қонақ келеді. Жа­лпы қатысушылар саны ­4–5
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездеседі

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездеседі

Жаңалықтар
27 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен кездеседі, деп хабарлайды Akorda.kz. Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық жайттар талқыланады деп жоспарланып отыр. Алты алаш - ақпарат
Астана – халықаралық бейбітшілік алаңы

Астана – халықаралық бейбітшілік алаңы

Жаңалықтар
Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Еуропадағы қақтығыстарға арналған отырысы шеңберінде Астананы осы жанжалдарды дипломатиялық жолмен шешудің баламалы алаңы ретінде ұсынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. «Әлі күнге дейін, өкінішке орай жалғасып жатқан Еуропадағы қақтығыстар бойынша менің елімнің позициясы баршаға белгілі. Қазақстан осы шиеленістерге қатысы бар барлық елдермен жақсы қарым-қатынаста. Сондықтан біз Астана платформасы сенім мен халықаралық құқықтың негізі принциптерін бұжытпай орындауды қалпына келтірудің қосымша тәуелсіз алаңы бола алады деп есептейміз»,-деді вице-министрі Роман Василенко. Сейсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Украинадағы, Грузиядағы Балқандағы және басқа да елдердегі қақтығыстарға арналған
Елбасы төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Елбасы төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Жаңалықтар
Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев әскери жаттығу барысында қаза тапқан 7 әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, деп хабарлайды Akorda.kz. – Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Олардың әрқайсысы елінің нағыз патриоты болып, өз әскери міндетін соңына дейін атқарды. Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан сарбаздардың отбасыларының бәріне жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия болған оқиғаның себептерін анықтауда. Мұндай қайғылы жағдай болашақта қайталанбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, – деді Қазақстан Президенті. Қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібіне мынадай мәселелер шығарылды: – Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпс
Қашаған мұнайы Новороссийскіге жөнелтілді

Қашаған мұнайы Новороссийскіге жөнелтілді

Жаңалықтар
Қашаған мұнайын тасымалдау үшін жаңа құбыр желісінің ашылғаны туралы ақпаратты «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі хабарлады. – Биылғы жылдың қаңтарында біз шикізат сапасын сақтап, Қашағанның жеңіл мұнайын Новороссийскіге дейін тасымалдай бастадық, - деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш ДОСАНОВ. – Ол «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы өтіп, әрі қарай транзитпен «ТрансНефть» ЖАҚ мұнай құбырының жүйесімен, күкірті аз Cібірдің жеңіл мұнайының жалпы ағымымен, Новороссийск портына дейін әрі қарай экспорттау үшін жөнелтіледі. Біз болашақта осы бағыт бойынша басқа қазақстандық кеніштердің жеңіл мұнайы тасымалданады деп күтеміз. Новороссийск портында Қашаған мұнайын тиеу 80 мың тоннадан болатын жекелеген танкерлік партиялармен жүргізіледі. Қашаған мұнайы б