Бейсенбі, Маусым 22

Әдебиет

Ұлықбек Есдаулеттің өлеңдері

Ұлықбек Есдаулеттің өлеңдері

Әдебиет
Тiлтұмардай көгершiн мен кептерге, Тұрымтайдың теперiшi өткенде, Тұтамдай сөз өткiзе алмай өктемге, Теңдiк үшiн тебiскендей Тептерде, Ерулiге қарулы сай сәттерде, Қырып-жойып оқпанмен де, оқпен де, Құмбыл халық қара қанға бөккенде, Қанды жұма қасiретi жеткенде, Жер-жаһанда iшiн тартып көп пенде, Дүниенi дүбiр кернеп кеткенде, Ортекелер орғығандай бөктерге Өлеңдерiм өрiп шықты дәптерге... Өртке, дертке, сертке малған – қысса-жыр, Шыңыраудан қайнап шыққан құса бұл, Оу, Алашым, ақыныңды шет көрме... Жүргiзе алмас перғауынға Мұса әмiр, Әмiр етсе – Жаратқанның iсi әдiл... Шерiн төккен шайырда жоқ бет-перде, Тiлiне ешкiм сала алмайды тұсауыл!   Намыс туралы баллада Бiздiң көлде қамыс бар едi Жайқалған. Бiздiң елде намыс бар едi Найқалған. Нар қамыс кет
Мағжан Жұмабаевтің  салт-дәстүр жырлары

Мағжан Жұмабаевтің салт-дәстүр жырлары

Әдебиет
Бесік жыры Күнім, айым, Еркетайым, Бөлейін енді. Тыста дауыл, Жатқан ауыл, Ұйқың да келді. Жұмсақ бесік, Жылы төсек, Жата ғой, қозым, Әлди, бөпем, Әлди, бөпем, Ұйықта, жұм көзің. Құлыншақтар, Қозы, лақтар – Бәрі-ақ ұйқыда. Сен – жұлдызым, Сен – көз нұрым, Кір тәтті ұйқыға. Сая жаным, Балапаным, Соқсын дауыл, жел, Болма алаң, Сүйген анаң Сақтар, анық біл Беу-беу, бөпем, Беу-беу, бөпем,                 Әлди, әлди-ай! Сәулем, еркем, Күні ертең                 Толарсың сен ай. Пісіп алмам, Толып бағлан,                 Жүгіріп жүрерсің. Сұлу сүйрік, Жорға жүйрік                 Тайға мінерсің. Қара жарғақ, Түлкі тымақ Шоқтап киерсің. Қуанып, қалқам, Ерке марқам,                 Қысып сүйермін. Мініп тұ
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы   Ащы-ащы шай ішіп кешкілікте…

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Ащы-ащы шай ішіп кешкілікте…

Әдебиет
Түз тағысы Ауылдың тіршілігін бақылаңыз, Әр күні – жомарт ертек, ақын аңыз... ...Ащы-ащы шай ішіп кешкілікте Тәтті-тәтті ой ойлап отырамыз.   Мұндайда әңгіме көп, түн – көңілді, Тыңдайсың кішің менен үлкеніңді. Әзілқой, әпенділеу қойшымыз бар, Қой көзді, теке танау, жылқы ерінді.   Қиын-ақ таудағы бір қыстақ үшін, Қасқырлар жазда – қысым, қыста – қысым. Қойшымыз теперішті көп көрген бе, Әйтеуір, көп айтады түз тағысын:   «...Тағдыр-ай, кей жылдары кекесін ең, Кездестік қиындықтың көкесімен... Сол жылы күн де жиі қызарақтап, Ал түнде Ай қарайтын шекесінен.   ...Онда да сары ала қаз ерте келді, Құтырған түлкі желді ерте келді. Түлкі жел түледі де, ...қар борады! (Сол күндер, ойласаңыз, ертек енді)
Ықылас Ожайұлы   Біздің қоғам – тәтті ұйқының төсегі…

Ықылас Ожайұлы Біздің қоғам – тәтті ұйқының төсегі…

Әдебиет
Ақынның бір топ өлеңдер топтамасы ӨЛІМ                                                                                      Дүниеге келмей бақ,                                                                                  Келсең бірақ өлмей бақ.                                                                                                             (Қорқыт)                                               Менімен менікінің айырылғанын,                                               Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес.                                                                                                                    (Абай) Жан менен тән өзгергенмен әр күйге, Өмір-өлім тұтас ұғым, әрине. ТІРІ БОЛУ ТІРЛІК КЕШУ ЕМЕС ОЛ, "ӨЛГЕНДЕР КӨП" ӨМІР СҮРГЕН ПӘНИДЕ. Келуің мен
Ықылас Ожайұлы   Қара өлең – тұтас ұлттың рухани генефоны

Ықылас Ожайұлы Қара өлең – тұтас ұлттың рухани генефоны

Әдебиет
Қара өлең – ықылым замандардың елегінен өткен, бір ғана автордың емес, тұтас ұлттың рухани генефоны. Дәлірек айтсақ, тектік негізі мен жаралымы. Эпостарға ЕС жұпарлап, қара өлеңге КІНДІК байламайынша қолға қалам алуға болмайды. Емлесі (жазылуы) қазақша дегеніңіз болмаса, ойын (мазмұнын) адам түсінбейтін, бейнебір тәржімә іспетті тексіз (генетикадан ада) өлеңдердің қаулап кетуінің түпкі тіні осында жатыр. Біз Алла жеткірсе бұл тақырыпқа қайыра оралып, сол шіркіндердің атын атап, өңін түстей отырып жеке-жеке жіліктейтін боламыз. Қысқасы, сөзуар, күшеншек, қолдан түнеріп өлең құрайтын «ақынсымақтарға» ШЫН ӨЛЕҢНІҢ мәртебесі осылай болады деген мақсатпен қара өлеңнің ғашықтық саласынан бірер шумақтар ұсынып отырмын... Жылқым жусар сәскеде Шаппакөлге, Жаным сергір сен жақтан соққан ж
Мұхтар Мағауин       Әйел махаббаты

Мұхтар Мағауин Әйел махаббаты

Әдебиет
( - Иә... шын сүйе алатын тек әйел ғана)    Мопассан. «Орындық тоқушы әйел». – Құдай-ау, біз көріспегелі он шақты жылдан асып кетіпті ғой! – Иә, Бәтимаш, ол кезде біз қыз едік... Бес биенің сабасындай толық, етжеңді келген қара торы әйел Бәтима өзінің бір кезде қыз болғанына шынымен таңырқай сәл аңырып қалды да, диванда шалқайып жатқан күйінде, сағынып көріскен досы Зияны құшағына қыса түсті. «Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады» деген осы екен-ау, қазіргі түріміз мынау, - деп қойды. – Сені айтпаймын, - деді аздан соң Зияға күле қарап, бойың өсіп, бет бейнең ашаңданып, денең толысыңқырағаны болмаса, сол уылжыған қалпың, әлі кыздан арықсың. Мектепте жоғарғы кластарда оқып жүргенде өзімізді бойжеткен санаушы едік, бала екенбіз онда. Студенттік жылдар ғой, шын дәурен
Серік Ақсұңқарұлы    Сабыр берді ішінен тынатындай…

Серік Ақсұңқарұлы Сабыр берді ішінен тынатындай…

Әдебиет
Не ғажап бар Тәңірдің қуатындай: Ұят берді –Ұлтымның Ұятындай! Топыраққа керемет кие салды, Бөкейханнан –Әлихан туатындай! Көкірекке көл қылып шер сіңірді –Көз жасымен көйлегін жуатындай... Иман берді - нәпсіні тыятындай, Сабыр берді – ішінен тынатындай; Тағдыр тартты – тар жол мен тайғақ кешіп, Ақыл-есті абдырап жиятындай; Далам қандай – бес бірдей Франция Бебеулемей, беліме сиятындай! Ар дарытты аздырмас текті ірітіп, Көк Бөрісі кеудемде кекті – ұлытып! ...Қалай Тәңірі осынша ұлы ұлысқа Ұлттық сезім сыйлауды кетті ұмытып...
Ерлан Жүніс. Тыныштықбек Әбдікәкімұлының бір жұмбағына жорамал

Ерлан Жүніс. Тыныштықбек Әбдікәкімұлының бір жұмбағына жорамал

Әдебиет
Шығармадағы ойды ашып көрсету – әдеби анализ, ойдың жетілмегендігін көрсету – сыни көзқарас, ал ойды өзіңше түсіну – көзқарас. Біздікі – көзқарас. Ересек адамдар әлдене жайлы әңгімелесіп отырып, күлген болса – кішкене нәресте де сықылықтап қосыла күлген болар еді. Сонда біз айтар едік: «Өй, құлыншақ, сен не түсініп мәз болдың?». Бұл – постмодерн көзқарасы. «Біздер «гомосапиенс» кезімізден білгір ек... Ал, мен өзім, мысал үшін, альфа жылы, игрек тәулігінде туыппын да... Кейін, икс-бесінде (омега жылы)қайтыс болам.\r\nСоным үшін кешіріңдер»... (Т. Ә) Осы жолдарды оқыған оқушы әуелі таң қалады. Іле әлденені еске түсіруге, ілесе – түсінуге тырысады. «Біздер «гомосапиенс» кезімізден білгір ек» – Хомо Сапиенс. Яки гоминид. Примат. Саналылық пен білгірлік – Хомо сапиенс сапиенс.