Жексенбі, Қараша 19

Аударма

Фрэнсис Бэкон       Үйрену туралы

Фрэнсис Бэкон Үйрену туралы

Аударма
Үйренудің көңілділік үшін, көркемдік үшін, қабілет үшін атқарар қызметі орасан. Оның көңілділікке басты көмегі өзіңмен-өзіңді жеке тастап, оңаша қалдырады. Көркемдік үшін – шешен сөйлеуге, ал қабілеттілік үшін – жұмыстарды жете меңгеріп, тез бір жақты етуге икемдейді. Тәжірибелі адам әрбір кішкене істерге дейін жіңішке жоспарлап, артынан орындауға шебер болғанымен, дана ақылшылар, үлкен жоспар, ұлы істерді жобалаушылар қашанда оқығандардан шыққан. Уақытының көбін үйренуге жұмсайтындар – жалқау, көркем сөз теруге жұмсайтындар – бейтабиғи, барлық істі оқығандарына салатын оқу соққандар болып шығады. Білім табиғи кемелденеді әрі тәжірибе арқылы толығып отыруға тиіс. Табиғи қабілет табиғи өсімдікке ұқсайтын болғандықтан, оны үйрену арқылы күзеп отыруға тура келеді. Тек тәжірибенің шеңберінде ғ
И.А.Бунин   Құран бұйрығын естімейтін адам, қарғысқа ұшыраған адам!

И.А.Бунин Құран бұйрығын естімейтін адам, қарғысқа ұшыраған адам!

Аударма
Таурат пайғамбарларының пафосына туыс келген ұлы орыс ақындарын Құран рухы талай шабыттандырған. Пушкин айбынды «Подражания Корануды» жазған; Ислам рухымен Лермонтовтың көптеген туындылары өрнектелген; араб шөлдерінің көрінісімен Фет өмір кешкен; Мұхаммед Пайғамбарды Полонский өз шығармашылығында мадақтаған; Ислам мемлекеттерін ғашықтықпен Гумилев дәріптеді... Бірақ, дегенмен де, Иван Алексеевич Буниннан басқа ешбір орыс ақыны «мұсылман» өлеңдерін жазбаған шығар.Орыс поэзиясының классигі Иван Алексеевич Бунин(1870-1953жж), өз замандастарының есінде ең алдымен керемет көркемдеуші, махаббат жырын жырлайтын ақын және көркемөнершісі ретінде қалған, ал кейінірек Лонгфеллоның «Песни о Гайаватенің» үздік аудармашысы, «үндіс тақырыбының» алғаш ашушысы, 1903 жылы ресейлік Пушкин сыйлығымен марапатт
Либай өлеңдерінің аударылуы жөнінде

Либай өлеңдерінің аударылуы жөнінде

Аударма
Әдеби ортада зерттеу көрмей, кенже қалып келе жатқан дүниенің бірі - қазақ көркем аудармасының қазыналы бір бұтағы саналатын қытай қазақтары әдебиетіндегі аудармаға өз деңгейінде назар аударылмай келеді. Содан келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің бүйірін қампайтар үлкен олжадан игіліктене алмай отырмыз. Арамызды шекаралар бөліп жатқанмен сол шекараның ар жағында жазылған көркем туындылар біртұтас қазақ көркем ойының мүлкі де, тарихы жалпы қазақ тарихының бір бөлшегі. Соның ішінде, санының көптігімен, терең мағыналы тарихымен, көрікті сөз өнерімен ерекшеленетіні қытай қазақтары. Ондағы бауырлардың әдби өміріне көз сала отыру, құлақ түре жүру әбден игілікті іс. Соның ішінде аударма саласына да өте-мөте назар аударған жөн ғой деп ойлаймыз. Соңғы жарты ғасырдан астам уақыт ішінде ондағы қ
Мо Янь: Романның иісі

Мо Янь: Романның иісі

Аударма
(Франция Париж кітапханасында сөйленген сөз) Наполеон Бонапарт кезінде: «Менің көзімді таңып тастаса да, иіс түйсігіме сүйеніп, ата мекенім Корсиканы таба аламын» деген екен, себебі, Корсика аралында біртүрлі өсімдік өседі екен, оның хош иісі желмен бірге таралатын көрінеді. Жазушы Шолохов «Тынық Дон» романында өзінің елден ерек иіс түйсігін әйгілеп бақты. Ол Дон өзенінің иісін, жайлаудағы алуан түрлі (көк, қураған, шіріген) шөптердің және жылқының денесіндегі тер иісін суреттеді. Әрине, мұнда казак еркектер мен әйелдер денесіндегі иістер бар. Ол өз романының алғы сөзінде: «Тынық Дон, біздің әкеміз! Донның иісі – казак сахарасының иісі» дейді. Әсілі бұл оның ата мекенінің иісі еді. Қытай мен Ресей шекарасындағы Уссури өзенінде туылып, терең теңіздерде өсетін салмон балығы уылдырық
НОБЕЛЬ ДАУЫЛЫ НЕМЕСЕ ҚЫТАЙ ЖАЗУШЫСЫ МО ЯНЬ КІМ?

НОБЕЛЬ ДАУЫЛЫ НЕМЕСЕ ҚЫТАЙ ЖАЗУШЫСЫ МО ЯНЬ КІМ?

Аударма
Үстiмiздегi жылдың Нобель сыйлығы қытай жазушысы Мо Яньға берiлдi. Бұл — қытай әдебиетiнiң XXI ғасырда екiншi рет аталмыш сыйлыққа ие болуы. Гау Шиңжиан 2000 жылы осы сыйлықтың иегерi атанған. Биыл 12- қазан күнi (Нобель сыйлығы әр жылы қазан айының екiншi аптасында бейсенбi күнi Стокгольм уақыты бойынша түскi сағат 1-де жария етiледi) әлемнiң бiрқатар ақпарат құралдары Нобель сыйлығының жаңа иегерiнiнiң есiмiн бiрiншi болып есту үшiн тағатсыздана күтiп тұрды. Швеция әдебиет академиясының тұрақты хатшысы П.Инген жылдағы әдетi бойынша көпшiлiк күткендей күлiмсiрей жұрт алдына шығып: «2012 жылдың Нобель сыйлығы шындық пен қиялды шебер тоғыстыра отырып, тарих пен қоғамдық болмысты терең қазбалаған шығармаларында У.Фолкнер мен Г.Маркестi елестететiн, қытайдың дәстүрлi әдебиетi мен ауыз әдебиет
Роберт Закс  Орындалмаған уәде

Роберт Закс Орындалмаған уәде

Аударма
  Бұл Данияның бір көркем қалашығында болған оқиға. Онда саяхатшыларға қызмет ағылшын тілінде көрсетіледі екен. Мен әкемнің жұмыс орайындағы демалыс сапарына бірге ере шыққан болатынмын. Жолай біз керемет көңілді уақыттарды бастан кештік. - Шешеңнің келмей қалғаны қандай өкінішті! – деді әкем опынып, –  келгенде айналадағы көріністерді көріп, бір жасап қалар еді. Әкемнің қылшылдап тұрған жас кезінде Данияға жолы түсіпті. – Мұнда соңғы рет келгеніңізге қанша болды? – деп сұрадым мен одан. – О, отыз жылдың шамасы. Жолай осы мейманханаға соққаным әлі жадымда, –  деді ол жан-жағына жағалата қарап, өткенді еске алып отырып. – Ол бір ғажап күндер еді... – деп кенет сөзден қалған әкеме қарағанымда мен оның жүзінің қуарып кеткенін байқадым. Көз салған жағына назар тастағанымда қарсы жақт
Э. Хемингуэй Көпірдегі қарт

Э. Хемингуэй Көпірдегі қарт

Аударма
 Американдық атақты жазушы. Нобель сыйлығының иегері Үсті-басын шаң-тозаң басқанымен, көзінің нұры қайтпаған қарт кісі жол жағасында отыр. Таяу жердегі өзенге салынған аспалы көпірден арба, жүк машина, балаларын жетектеген ерлер мен әйелдер өтіп жатыр. Әскерлер қарайласып, дөңгелектерін шабақтарынан тартып қозғалтып, алға жылжытқан бір қашыр арба көпірдің қисайған жағынан бері шайқалақтап ілгерілеп келеді. Жүк машиналар әлдеқашан жағаға шығып алып, алысқа бет түзепті. Тобықтарынан топырақ кешкен диқандар жолды бойлап аяңдап барады. Бірақ, әлгі қарт әлі қозғалмай орнында отыр. Ол енді жүре алмастай шаршаңқы көрінді. Көпірден өтіп, арғы жақты барлап, жақындап қалған жаудың қалай қарай бет түзегенін байқап қайту – менің міндетім болатын. Мен бұларды орындап болып, қайтып келіп көп

Һусейн НиҺал АТСЫЗ Біз Тұрфанды салдық, Батыс – әлі есінеп жатқанда…

Аударма
Һусейн НиҺал АТСЫЗ (1905 – 1975) «Көкбөрілердің өлімі» (1946),« Көкбөрілердің тірілуі» (1949) атты романдарының беташар жырлары   Көз жіберіп өткенге, Атажұртқа барайық, Көкбөрінің ажалы – неден болды, қарайық. Кезді көріп көзбенен, он төрт ғасыр бұрынғы, Салыстырып көрейік, өткен менен бүгінді.   Дәл жүректен көздеген – кім болды екен кешегі, Қилы-қилы сұрақты, осы кітап шешеді. Неден, қашан болғанын сорымыз бен бағымыз, Халқымыздың қапысын қалай тапты жауымыз?   Қайтып, қашан, қай кезде, неден қорқтық, қуандық? Кек қылышын тот басқан, қалай қанға суардық? Өстік, өндік, гүл жардық, өштік, солдық - біз қалай? Мүмкін емес, еске алу, жүрек тулап, сыздамай.   Шолам десең көзбенен, көкжиегін көңілдің, Тоз-тоз б