Жексенбі, Қараша 19

Руханият

Астанада жас ақындар айтысы өтті

Астанада жас ақындар айтысы өтті

Руханият
Астанада «Жастар болашақты жырлайды» атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz. «Тәуелсіз Қазақстанмен бірге қайта түлеген айтыс өнері қазіргі таңда өте жақсы жағдайда деп толық сеніммен айта аламыз. Заманауи айтыс өзінің әдеби құндылығын арттырмаса, кеміген емес. Айтыстың беделі де күн санап артуда. Осыған орай елімізде де жас әрі дарынды айтыскерлердің бар екендігі және олардың кәсіби шеберліктері көңіл қуантады. Олардың жырлары арқылы біз қоғамның өзекті мәселелеріне көңіл аударамыз»,- деп атап өтті депутат Бақтияр Мәкен. Айтыстың бас жүлдесін семейлік Нұржан Өмірбаев жеңіп алды. Оған 300 мың теңге табысталды. Екінші орынды қызылордалық Мұхаметжан Мансұров иеленіп, ол 200 мың теңге еншіледі. Ал, үшінші орынға қостанайлық Нәрия Ақбабақызы лайықты саналып, 150 мың
Қаржаубай Сартқожаұлы. Ежелгі түркілердің көне саз аспаптары

Қаржаубай Сартқожаұлы. Ежелгі түркілердің көне саз аспаптары

Руханият
  Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы 70-ке толды. СІЗДІҢ  ХХІ ғасырдың басында түркітану саласына сіңірген ұшан теңіз еңбегіңіз ұлтымыздың тарихи санасының жаңғыруына, жас ғалымдардың тың зерттеулеріне әлі талай негіз болары сөзсіз. Шығармашылық толағай табыстар тілейміз!                                                                                                                 "Алты Алаш" редакция алқасы 2008 жылы жазда Орталық  Моңғолияның  Баян-хонғор (Байқоңыр) аймағының Ғалуты (Қазды көл) деген жеріндегі сағана тастағы жазуға тап болдық.  Онда: «Ізгілік-чор сегіз түрлі аспапты меңгергендіктен [оның құрметіне]  қатты тастан  ғибадатхана (барық) орнаттық» (4.  603-606 бет). Бұл жәдігерлік б.з. VІІ-VІІІ ғғ. мұрасы-тын. Өйтсе, Көк түрік дәуірінде ұлы сазгер Ізг
Абай    Жазғытұрым

Абай Жазғытұрым

Руханият
Жазғытұры Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.   Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.   Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. Шаруа қуған жастардың мойны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басып...    
Наурыз күні болғанда: Құл құтылар құрықтан, Күң құтылар сырықтан

Наурыз күні болғанда: Құл құтылар құрықтан, Күң құтылар сырықтан

Руханият
Қытайдың Баркөл аймағында тұратын ақын, аудармашы, қазақ қолөнерін зерттеуші, этнграф-ғалым Шәкен Бөкетайұлымен халқымыздың ұлық мерекесі «Әз Наурыз» туралы өткізген сұхбатымызды жариялап отырмыз. Ұлттық салт-дәстүріміз бен ұлық мерекеміз жайлы тереңнен толғаған ізденіске толы өрісті ойлары оқырман жүрегіне жол табары шүбасыз деген сенімдеміз. Сұрақ: Шәкен Бөкетайұлы мырза, сіз қазақ халқының көнеден сақталып келе жатқан дәстүрлі киім-кешек, киіз үй жасау және басқа да тұрмыста кеңінен қолданылатын ою-өрнек саласын зерттегелі көп жылдар болды. Бұл жайында ойларыңызды тарқата отырсаңыз. Жауап: Қазақ ұлты түркі халықтарының ішінде ежелгі ру-ұлыстардың дәстүр-салтын, тілдік қорын, дүниеге көзқарасын, ежелгі наным-сенімін ең жақсы сақтап қалған халық. Көкт түріктер заманынан бері бүгін
«Әтпіштің» әңгімесі

«Әтпіштің» әңгімесі

Руханият
I Ана жолы үстел басында бір топ жігіт «Абай жолындағы» Қодар мен Қамқа өліміне қатысты біршама сөзге келіп қалдық. Сондағы Құнанбай қолданған жазаны көбісі надандық пен ескілік қалдығы деп санайды екен. - Адамның ерік-қалауы деген болады, ол бүгінгі ата заңымыздың ақ парағына қара сиямен әдіптеліп тұрып жазылған, – деді алғаш сөз алған жігітіміз. – Сонда қайын атасы мен келіні... – дедім де кілт тоқтай қалдым, арғы жағын айтуға ауызым дауаламай. – Жоқ, – деді ол жұлып алғандай, – Бәрібір де адамның ішкі қалауына ешкімнің де араласуына жол берілмеуі керек. Сол кезде сөзге екінші опономентім араласты. –Немене, адамды міндетті түрде өлтіру керек пе? Мұнан кейін бұлай еш жасамаңдар деп жазаламай-ақ та жібере салуға болады ғой, – деді үлкен данышпандық ой тастап. – Пәлі, – дедім мен, – бұл
Марат ӘБСЕМЕТ: Міржақыптың “Оян, қазақ!” идеясы – Қазақ Елінің нағыз ұлттық идеясы!

Марат ӘБСЕМЕТ: Міржақыптың “Оян, қазақ!” идеясы – Қазақ Елінің нағыз ұлттық идеясы!

Руханият
Марат ӘБСЕМЕТ. Міржақыптанушы ғалым: – Міржақып Дулатұлы XX ғасырдың басындағы Алаштың ағартушылық, демократтық бағыттағы ақ семсер арыстарының бipi еді. Аумалы-төкпелі заманда қазақ елінің болашағы үшін өз басын қатерге тіккен тектілердің төресі еді ғой… Міне, биыл 125 жылдық мерей тойы келіп жатыр. Біз Жақаңның саяси қайраткерлігінен бастасақ… – Жақаң Алаш қайраткерлерінің арасындағы орны ерекше. Елі үшін туылып, ел үшін шаһит кешетін тұлға болады. Ол сол елдің ертеңінің нұрлы болуы үшін жанталасады. Міне, Жақаң – қазақтың ертеңі үшін туылған жан. Иә, ол алыс ауылдарда мұғалімдік қызметін атқара жүріп жәбір көрген қара қазақты көріп, патшаның отарлауына қарсы бір жола күрес жолына түседі. 1905 жылы Орал қаласында «Пікір» деген газет ашуға ат салысқан еді. Сол кездегі газет дегенің
А. Омаров: Абай о дүниеге әкететін екі-ақ нәрсең бар дейді…

А. Омаров: Абай о дүниеге әкететін екі-ақ нәрсең бар дейді…

Руханият
 ҚР Дін істері агенттігінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының жетекші маманы, абайтанушы философ ғалым Асан Омаровпен болған қоғамдық тұрақтылық, ұлтаралық келісім тақырыбын қамтығанәңгімеге зер салайық, зердеге тоқиық. -        Асан Қайырбекұлы, х алықаралық терроризм, экстремизм   және есірткінің заңсыз айналымы орын алған мына алмағайып заманымыз қиындап кеткендей... Өркениеттік құндылықтар дағдарысының алдын алу үшін не істеуіміз керек ? -        Өркениеттер қақтығысы ХХІ ғасырда өршіп тұрғаны рас. Таяу Шығыста басталған күйзелістер Украинада жалғасты. Әлемнің бірі – батыс, бірі - шығыс болып бөлінгені әлі де аяқталған жоқ. Оның себебі де белгілі – әлем үйлесіммен дамуы үшін рухани және материалдық құндылықтар бірлесе өркендеуі шарт. Батыс өркениеті
КІСІЛІК: Ержан Тоқтасынұлы     Желтоқсан – қорлыққа қарсы көтерліс…

КІСІЛІК: Ержан Тоқтасынұлы Желтоқсан – қорлыққа қарсы көтерліс…

Руханият
Сол күндерді есіме алсам, әлі күнге дейін өзегім өртеніп, жүрегім сыздайды. Жүрегімннің бір бұрышында қалып қойған ой мазалайтыны рас. Бұл сырымды ашу үшін өз басымнан өткен бір оқиғаны айтайын. 17 желтоқсан күні қас қарая бастағанда, алаңда тұрған біздерді жан-жағымыздан әскерлер қоршап, аяқ астынан нағыз қырғын басталып кетті. Фурманов көшесінен алаңға қатарласа кірген өрт сөндіретін бес-алты көлік жиналған жастарды мұздай сумен атқылап, таратпақ болды. Біздің алдымызда сапта тұрған бастан-аяқ қаруланған солдаттар қолындағы дубинка, сапер күректерімен жастарды ұрып-соғуға кірісті. Жалаң қол болсақ та, айғайлап-ұрандап тойтарыс бердік. Орталық алаңға шыққан жерде жалаңдаған жендеттер өрімдей қазақ қызын көз алдымда дубинкамен басынан ұрып сұлатты. Үсті басы қып-қызыл қанға боялған қыз