Дүйсенбі, Қаңтар 22

Хабар-ошар

Наурызда үй бағасы тағы төмендейді

Наурызда үй бағасы тағы төмендейді

Хабар-ошар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2017 жылғы ақпанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі жайлы мәлімет келтірді. Комитеттің хабарлауынша, 2017 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,4 пайызға төмендеді, ал абаттандырылған тұрғын үйлер бағасы өзгеріссіз қалды. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,4 пайызға жоғарылағаны айтылады. Наурыз айына келер болсақ, қайталама нарықтағы баспана бағасы тағы төмендейді. Homsters.kz талдау орталығының мамандары осындай болжам жасап отыр. - Теңгенің ақпандағы нығаюы қайталама нарықта бағаның төмендеуіне әсер етті, ал жаңа үйлер нарығындағы шаршы метр құны өзгерген жоқ. Наурыз айында қайталама нарықтағы баға төмендей береді, – делінген болжамда. Мамандардың мә
Талқан табылса – тамақ.

Талқан табылса – тамақ.

Хабар-ошар
Қостанайлық бір топ кәсіпкерлер ұлттық тағамымыздың бірі – талқан туралы дабыл қағып, Президентке ашық хат жолдады. «Ұлттық тағамымыз ұмытылып барады» деген кәсіпкерлер талқанды күнделікті тұтынатын азық-түліктер тізіміне енгізіп, балабақша мен әскерде ас мәзіріне қосуды сұрапты. Құптарлық-ақ ұсыныс. Талқан тек құнарлы тағам ғана емес, емдік қасиеті мол азық. Ғалымдардың айтуынша, күніне 200 грамм талқан жеген кісі қан аздығы ауруынан құлан-таза айығады екен. Ертеде ата-бабаларымыз талқанды сусамыр дертін емдеуге пайдаланған. Т. Тілеубай "Тәуелсіздік - тұмарым" Алты Алаш - руханият
Жақсыдан үйрен…

Жақсыдан үйрен…

Хабар-ошар
Біздің ақжағалылар, депутаттар шетелге жиі барады. Бірақ жат жұрттардың қарапайымдылығынан, елсүйермендігінен үлгі алмайды. Марқұм Орал Мұхамеджановтың спикерлігі тұсында бір топ мәжілісші Еуропаның бір еліне барыпты. Сол елдің Премьер-Министрімен, депутаттарымен кездесуден кейін, лауазымды басшылар жөніне кеткен. Түскі ас ішетін жерге жаяу-жалпылап жеткен біздің қалаулылар қара терге малшыныпты. Мейманханада да ешкім қарсы алмаған көрінеді. Бір депутат шеткеріде дастарқан жайып жүрген адамнан: «Премьер-Министрлеріңіз қайда кетті?» деп сұраса: «Кешіріңіз, ол менмін!» депті. Бір қызығы, әлгі елдің Үкімет басшысы да, депутаттары да жұмысқа велосипедпен барып- келеді екен.
Жаза басқан жүргізуші (бейне)

Жаза басқан жүргізуші (бейне)

Хабар-ошар
Лос-Анджелесте американдық киноакадемияның бас жүлдесін табыстау рәсімінің соңы күтпеген жерден дау-дамайға ұласты. Барлық номинация бойынша «алтын адамдар» табысталып болып, сыйлықтың сұлтаны «Ең үздік фильм» үшін Oscar жеңіп алған картинаны атау кезінде актриса Фэй Данауэй мен актер әрі режиссер Уоррен Битти шатасып, «Ла ла лендті» айтып қалып, сахнаға осы фильмді түсірген топ шығып, жиылған жұртқа және ағайын-туыстарына жүрекжарды алғыс білдіре бастаған еді. Бірақ, сөйткенше болған жоқ, актерлік аламанның бас жүлдесі «Лунный свет» картинасына берілгені анықталды. Бұған сенер-сенбесін білмеген жұрт есеңгіреп барып, есін жиды. Рәсімнің шымылдырығы түрілер кезде жүргізуші Джимми Киммел «түбінде осылай масқара болатынымды біліп едім» деп, жұрт алдында ағынан жарылды. Алты алаш - ақпара
Банк жүйесін қалпына келтіру экономикалық өсімге жаңа серпін бермек

Банк жүйесін қалпына келтіру экономикалық өсімге жаңа серпін бермек

Хабар-ошар
Үкіметтің банк секторын қалпына келтіру мақсатында 2 трлн теңге бөлуі туралы соңғы жаңалықтар негізінде Рrimeminister.kz осы сұраққа қатысты сарапшы пікірін білді. Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі, ҚР Үкіметі жанындағы Экономика мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес мүшесі Олжас Құдайбергенов банкті «нашар несиелерден» тазарту – кейінге шегеруге болмайтын атқарылуы маңызды шаралардың бірі деп есептейді. Сарапшы ел Президенті өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің қаржы секторын «қайта қалыпқа келтіру» керектігін айтқанын еске салды және де банк секторын қалпына келтірудің кешендік шараларын әзірлеу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы банктерді «нашар несиелерден» тазарту жұмыстарын жеделде
Ғалым Боқаш  Батыс пен Шығыстың қайталанбас ерекшеліктері

Ғалым Боқаш Батыс пен Шығыстың қайталанбас ерекшеліктері

Хабар-ошар
 Батыстың адамы көршісіне: "Бүгін Мистер кіші Смит Мистер Аткинсонның жалғыз қызы Джейнге үйленіп жатқанын естідіңіз бе? Таңертең Дорчестердегі шіркеуде некелерін қиыпты. Кешкі 5-те ресми дастарханы екен. Мистер үлкен Смит есіңізде шығар, біздің Ньюбериде туып өскен, су шаруашылығын басқарған, кейін Дорчестерге көшкен. Ал мистер Аткинсонның шешесі Миссис Уильямс - осы көшенің басында тұрған Грейлердің жалғыз қызы, кейін Дорчестердің бухгалтеріне күйеуге тиген". Шығыстың адамы көршісіне: "Біздің Ақбұлақтан Қарағандыға көшіп кеткен Тенгебаев Сәбит есіңде ме? Ой, әлгі қырманшы Сейіттің үлкен ұлы ше? Иә, сол 56 Сәбит қой. Қарағандыға барып өсіп кетіп еді ғой, ауыл шаруашылығы басқармасына кіріп. Сосын әлгі Қадишаны білуші ме ең? Жәкен атаның ортаншы қызы ше. Бақыттармен қатар оқыған? Бізден ү
Ықылас Ожайұлы   Бәрібір “өлгендер қайтіп келмейдінің” кебін құшасыз…

Ықылас Ожайұлы Бәрібір “өлгендер қайтіп келмейдінің” кебін құшасыз…

Хабар-ошар
Сөзді төтесінен тартайық. Енді елу, жарайды жеті жүз жыл өтті дейік, сіздің бүгінгі шығармаңыз (поэзияңыз бен прозаңыз) ертеңгілік низамның жоралғысына жарай ала ма, жоқ па, МӘСЕЛЕ СОНДА. Жемір уақыт сіздің атағыңыз бен абыройыңызға мемлекеттік сыйлығыңызбен парасат орденіңізге пысқырып та қарамайды. Кешегі "менмін" деген мықтылардың көбісінің аяғы көктен келді. Тағы да талайларымыздың ізім - ғайым жоқ боларын көзіміз көрер, көрмесек рухымыз сезер. Әңгіме төркіні әдебиет жайында болып отырғандықтан Мұстафа Шоқайдан бір үзім мысал келтірейік: "Әдебиет аяққа қарай тігілетін шақай емес". Көбігінен арылған дұрыс пайым. Біз бұған әдебиет бүгінге емес, ертеңге (оқырман санасының жаңа сапалық қабаттарға көтерілуіне) қызмет қылу керек деген тезисті түзген болар едік. Олай болса Абайға Әбділдә,
Тоқтар Әубәкіров. Пайдаланады да, тастай салады

Тоқтар Әубәкіров. Пайдаланады да, тастай салады

Хабар-ошар
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек. Т. Әубәкіров Алты алаш - ақпарат