Дүйсенбі, Қаңтар 22

Month: Наурыз 2017

Ұлықбек Есдаулеттің өлеңдері

Ұлықбек Есдаулеттің өлеңдері

Әдебиет
Тiлтұмардай көгершiн мен кептерге, Тұрымтайдың теперiшi өткенде, Тұтамдай сөз өткiзе алмай өктемге, Теңдiк үшiн тебiскендей Тептерде, Ерулiге қарулы сай сәттерде, Қырып-жойып оқпанмен де, оқпен де, Құмбыл халық қара қанға бөккенде, Қанды жұма қасiретi жеткенде, Жер-жаһанда iшiн тартып көп пенде, Дүниенi дүбiр кернеп кеткенде, Ортекелер орғығандай бөктерге Өлеңдерiм өрiп шықты дәптерге... Өртке, дертке, сертке малған – қысса-жыр, Шыңыраудан қайнап шыққан құса бұл, Оу, Алашым, ақыныңды шет көрме... Жүргiзе алмас перғауынға Мұса әмiр, Әмiр етсе – Жаратқанның iсi әдiл... Шерiн төккен шайырда жоқ бет-перде, Тiлiне ешкiм сала алмайды тұсауыл!   Намыс туралы баллада Бiздiң көлде қамыс бар едi Жайқалған. Бiздiң елде намыс бар едi Найқалған. Нар қамыс кет
Қаржаубай Сартқожаұлы. Ежелгі түркілердің көне саз аспаптары

Қаржаубай Сартқожаұлы. Ежелгі түркілердің көне саз аспаптары

Руханият
  Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы 70-ке толды. СІЗДІҢ  ХХІ ғасырдың басында түркітану саласына сіңірген ұшан теңіз еңбегіңіз ұлтымыздың тарихи санасының жаңғыруына, жас ғалымдардың тың зерттеулеріне әлі талай негіз болары сөзсіз. Шығармашылық толағай табыстар тілейміз!                                                                                                                 "Алты Алаш" редакция алқасы 2008 жылы жазда Орталық  Моңғолияның  Баян-хонғор (Байқоңыр) аймағының Ғалуты (Қазды көл) деген жеріндегі сағана тастағы жазуға тап болдық.  Онда: «Ізгілік-чор сегіз түрлі аспапты меңгергендіктен [оның құрметіне]  қатты тастан  ғибадатхана (барық) орнаттық» (4.  603-606 бет). Бұл жәдігерлік б.з. VІІ-VІІІ ғғ. мұрасы-тын. Өйтсе, Көк түрік дәуірінде ұлы сазгер Ізг
Тасмағамбетов балабақшаларды қазақ тіліне аударуға ұсыныс тастаған\\ видео

Тасмағамбетов балабақшаларды қазақ тіліне аударуға ұсыныс тастаған\\ видео

Заман және қоғам
Қазір Қазақстанның Ресейдегі өкілетті елшісі қызметін атқарып отырған Иманғали Тасмағамбетов Үкімет басшылығында отырғанда Қазақстандағы балабақшалардың бәрін қазақ тіліне аударуға бастама көтерген деп хабарлайды Qamshy.kz. Мемлекет қайраткері Иманғали Нұрғалиұлы Үкімет мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында тіл мәселесі туралы және осы орайда  ешбір ата-ананың қарсы шықпайтынын алға тарта отырып, барлық балабақшаларды қазақ тіліне аударуға бастама көтерген болатын. «Егемендігімізге, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толды. Қазір барлық жерде балабақшалар салынып жатыр. Неге соны қазақ тілінде ашпаймыз,» дейді Тасмағамбетов. Айта кетер болсақ, өткен жылдың желтоқсан айында Астанада өткен Республикалық жастар форумының пленарлық отырысында жастар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иман
Серік Мұратхан       Алашорда үкіметі және  Шығыс Түркістан қазақтары

Серік Мұратхан Алашорда үкіметі және Шығыс Түркістан қазақтары

Алты Алаш
Қазақ осы заманғы тарихында өз орнын ойып тұрып алған, алты Алаштың арманын бөліп-жармай, ортақ көтерген, тұтас Алаш ұранды Қазақтың басын біріктіргісі келген бірден-бір қозғалыс – Алаш Орда қозғалысы. Бірден-бір үкімет ол – Алаш-Орда үкіметі. Алаш  партиясы мен Алаш орда үкіметі, Алаш қайраткерлері туралы аға буын,  орта буын құлшына еңбектеніп жүр. Тіпті саясат сахынасына енді қадам басқан орта-жаңа буын саясаткерлерде өз имидждерін қалыптастырып, халық алдындағы бет-беделін көтеру үшін Алашордашыларды қалқан ететін кезге жеттік. Бір есептен бұл да жетістік. Біздің бүгінгі Қазақстан қоғамында кеше ауызға алу қылмыс болып саналған Алашордашыларды зерттеу, мадақтау, таныту абырой, мәртебе болса одан артық бақыт бар ма? Бұл да болса тәңір берген тәуелсіздіктің  баға жетпес тартуы болса кере
Абай    Жазғытұрым

Абай Жазғытұрым

Руханият
Жазғытұры Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.   Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.   Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып. Шаруа қуған жастардың мойны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басып...    
Армысың, әз Наурыз!

Армысың, әз Наурыз!

Алты Алаш
Барша қазақ елін жыл айналып келіп жеткен Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаратылыспен үндесіп, қашан да тұтасып жататын адамзаттың асыл мерекесі халқымызға бақ-берекесін, шаттық мерекесін ала келсін. Алты ай қыстан аман шыққан бұқараның арманын еселеп, келер күнге күш-қуат жинауына дем берсін. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын...
Өлмейтін өсиет

Өлмейтін өсиет

Алты Алаш
Өмірі өлмейтін өсиет! Себебі, беретін ғибраты әліге дейін бір мысқал да кемімеген. Ұлықпан ұзақ уақыт сапар шегерінде ұлына үш түрлі өсиет қалдырып: – Әйеліңе сырыңды айтпа, жаңа байығаннан қарыз алма, әкімнің нөкерімен дос болма, – дейді. Баласы әкесінің айтқандарын тексеріп көргісі келді. Сосын, бір қойды сойып, етін қапқа салып, қанын сорғалатып үйіне келді. Әйелі:– Бұл не? – деп сұрады. Ері: – Түзде бір кісімен ерегісіп, байқамай өлтіріп алдым. Қаптағы соның денесі. Қораға көмейік, сен ешкімге айтпа, – деді. Ертесіне жаңа байыған танысынан әдейі қарыз алды. Арғы күні әкімнің Дәруһа нөкерін қонаққа шақырып, онымен дос болды. Бір күн отбасында ойламаған жерден жанжал туады. Әйелі екеуі біраз жерге барысады. Әйелі шыдамай кетіп: – Құдайыңды ұмытайын деген екенсің. Қылмысыңды әшкерелеп,
Мағжан Жұмабаевтің  салт-дәстүр жырлары

Мағжан Жұмабаевтің салт-дәстүр жырлары

Әдебиет
Бесік жыры Күнім, айым, Еркетайым, Бөлейін енді. Тыста дауыл, Жатқан ауыл, Ұйқың да келді. Жұмсақ бесік, Жылы төсек, Жата ғой, қозым, Әлди, бөпем, Әлди, бөпем, Ұйықта, жұм көзің. Құлыншақтар, Қозы, лақтар – Бәрі-ақ ұйқыда. Сен – жұлдызым, Сен – көз нұрым, Кір тәтті ұйқыға. Сая жаным, Балапаным, Соқсын дауыл, жел, Болма алаң, Сүйген анаң Сақтар, анық біл Беу-беу, бөпем, Беу-беу, бөпем,                 Әлди, әлди-ай! Сәулем, еркем, Күні ертең                 Толарсың сен ай. Пісіп алмам, Толып бағлан,                 Жүгіріп жүрерсің. Сұлу сүйрік, Жорға жүйрік                 Тайға мінерсің. Қара жарғақ, Түлкі тымақ Шоқтап киерсің. Қуанып, қалқам, Ерке марқам,                 Қысып сүйермін. Мініп тұ