Жексенбі, Қараша 19

Month: Сәуір 2017

Астанада жас ақындар айтысы өтті

Астанада жас ақындар айтысы өтті

Руханият
Астанада «Жастар болашақты жырлайды» атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz. «Тәуелсіз Қазақстанмен бірге қайта түлеген айтыс өнері қазіргі таңда өте жақсы жағдайда деп толық сеніммен айта аламыз. Заманауи айтыс өзінің әдеби құндылығын арттырмаса, кеміген емес. Айтыстың беделі де күн санап артуда. Осыған орай елімізде де жас әрі дарынды айтыскерлердің бар екендігі және олардың кәсіби шеберліктері көңіл қуантады. Олардың жырлары арқылы біз қоғамның өзекті мәселелеріне көңіл аударамыз»,- деп атап өтті депутат Бақтияр Мәкен. Айтыстың бас жүлдесін семейлік Нұржан Өмірбаев жеңіп алды. Оған 300 мың теңге табысталды. Екінші орынды қызылордалық Мұхаметжан Мансұров иеленіп, ол 200 мың теңге еншіледі. Ал, үшінші орынға қостанайлық Нәрия Ақбабақызы лайықты саналып, 150 мың
Алаш жұртының аяулы ақсақалы – Сұлтан Жанболат

Алаш жұртының аяулы ақсақалы – Сұлтан Жанболат

Алты Алаш
Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасы Секретариатының шешімімен тағайындалған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы Қытайда тұратын қандасымыз белгілі жазушы, тарихшы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Рамазанұлы Жанболатовқа да берілгенін хабарлаған едік. Бұл мәртебелі сыйлықты шетелдегі бес миллион қандастардан бес-ақ кісі иеленген. Олар – Халифа Алтай, Қажығұмар Шабданұлы, Хасен Оралтай, Ғалым Қалибекұлы және Дүкен Мәсімхан. Осы орайда оқырман қауымға Сұлтан Жанболаттың шығармашыл еңбек жолын таныстыра кеткенді жөн көрдік. Профессор, жазушы, ҚХР белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Сұлтан Жанболатов қазіргі таңда ҚХР-дың Үрімжі қаласында тұрады. Сұлтан Рамазанұлы Жанболатов 1936 жылы ҚХР Тарбағатай аймағы Шағантоғай ауданында дүниеге келген. 1956 жылы Шыңжаң институтының фи