Дүйсенбі, Қаңтар 22

Баяхмет ЖҰМАБАЙҰЛЫ. Шығыс Түркістан өңіріндегі Алаш-Орда рухының іздері

 \r\n\r\n     Алаш ордасының кереге көтерген негізгі идеясының бірі «ұлт өзін – өзі басқару» көзқарасын дәріптеген ерлерімізді тек Қазақстан ішінде емес, шетелге дейін өмір сүрген шындықтың бетін ашуымыз керек еді, яғни шетелдегі Қазақтар да бүгінгідей ел болуды аңсаған саяси партияның атойшысы болып, арпалысқан күндерді бастан өткізгендігін білуіміз керек. Мысалы, Сәбит дамолланың тоғыз жасынан бастап уфа қаласында уәлдан қазіреттің қолында жиырма бес жасына дейін оқып, ақ патша үкіметі татар сияқты түрік тектес ұлттардан әскер алатын болғанда уәлден қазіреттің амірімен ертең болайын деп тұрған бірнеше татар азаматын қоса қазіреттің қызы бәтимәні ертіп, Қазақ даласына келіп медресе ашып бала оқыту жұмысын қолға алады, бірақ, ұзамай сол қуғын көріп келген азаматтар патшалық үкіметтің қудалауына түскендіктен, қытай жеріне өтіп барып, өздерінің ұрпақты оятып, ұлттық идея, дербес ел болуды тынбай дәріптеумен болады. Соның бір дәлелі, сәбит дамолланың алдынан қанаттанған мәми, татай, жақып, аками сияқты игі жақсылардан жиыны 572 шәкірт тәрбиелеу арқылы саналылардың жетілдірген сәбиттің дербес ел болуды дәріптемеді деп кім айта алады. Егер сәбитте ондай идея болмаса, ұрпақ тәрбиелеп несі бар? Әуелі «мәнжурия үкіметіне әскер бермеу, түркия, араб еліне бала оқыту» дегенді сол кезде нәсихәттәмәс еді. Осы білімдәр бабамыз соңғы кезде Тарбағатай жеріне дейін барып, мәмірбек төре ауылында медресе ашып, бала тәрбиелеген кезінде, мәмірбек төре мен басқа ұлықтарға «Алтай және Тарбағатай Қазақтары Қазақстандағы (ол кезде арғы бет делінеді) Қазақтармен тізе қосып, Қазақ даласын басып алған ресей патшалық үкіметіне қарсы тұруды» дәріптегендігі қузауға түседі. Мүмкін осының кесірі болар, Тарбағатайдағы мәнжуриә үкіметі сәбиттің сары ізіне шөп салғандықтан, ол уақыттық арғы беттегі еліне қайта тұруға жеменей жерінде қазіргі май қапшағай шекара өңіріне келгенде, аяқ астынан іш ауруынан дүниеден көшеді. Халық аяулы дәнәгөйін сол жерде жерлегенімен, сәбиттің қастандыққа ұшырағандығы жайындағы ішкі күдік – күмәндәрін тіс жарып айта алмайды. Міне, осы ел болуға, Қазақтардың оянуына, бірлесуіне нәсихәттәлған үгіттерді тарқату, тю үшін тағы бір әккі айла істетіліп, ел ішіндегі рулар ара қайшылықтарды қасақана өрбітудей әккі саясаттың айтақтауымен тағы да жақ – жақ тірлік басталды. Осы арқылы ендігі нысана айдынды да айбатты Сәбиттің ұлы Зуқа сияқты азаматтарға төнеді. Қай орта, қай дәуірде де ұзақты болжайтын адамдар болатындықтан, ел ішіндегі ақылгой, даналардың қорғауында, зуқаны қытай жеріне кетпегенде тұтас өміріне хауып төнетіндігін ескеріп, жер аудартады. ?\r\n\r\nМіне бұл кезде патшалық ресей түрлі себептермен Қазақтардың жерін тартып алып қалмастан, малын тонап, беюәз адамдарды олтырумен қатар «болыс» деген итке лақтырған сүйектей мансаппен ел арасына алалық туғызатын алаяқтығын шығарып, бірін – біріне ырылдатып, қызығын көріп, мынау ел ішінің алаланып, отбастарының пәлеленген берекесіздігіне қызықтай қарап, ақыры жерді алып, рухты жоюдан мақсатын іске асырады.\r\n\r\n            Зуқа қытай жерінде есейіп, етек – жеңін жапқан соң, ата кегі жүрегінен бір шықпай, ылғи да елдің есе – теңдігіне бас қатырады. Әрине, қанды тұяқ, тегеурінді азаматтың қолына 1916 – жылдардан бастап Қазақ жерінен түрлі топтағы адамдар келеді. Бұл жөнінде мысал келтіре кетсек, күйші аспандияр, оқымысты уайыс, мүпті қапас, сейтқазы, қызмет, татар әбылшайыт дегендер арт – артынан россия жерінен мұнда келіп, Қазақ жеріндегі Алтай Қазақтарына ояну мен оңалу жайында толық түсініктер беріп, орыстың Қазақ даласын басып алып, халықтың рухын өшіруге жанталасып жатқан жайын жеткізе мәліметтермен қамдап тұрды. Зуқа бастаған аңғарлы азаматтың жүрегіне кек ұшқынын лаулата түседі, соның әсерінен қытай жеріне келген орыстармен және Моңғұлдармен жеті дүркін соғыс ашып, бетін қайтарады, болмағанда өзінің маңын басқалардан қызғыштай қорғап, пәледен, төніп келген рухсыздандырудан аман алып қалу жолында күресін жалғастырып отырды. Ең соңы 1921 – жылы бәкічің бастаған свет қызыл армиясынан жеңіліске ұшыраған 7000 ақтар армиясы табағатай арқылы Шинжияңға отып Алтай өңіріне бет алады, әуелде буыршыдағы қайықтардың шағылып қарсы алдынан қарсы күш жойқын болғандықтан өзеннен өте алмай шегініп «қара көл» деген жерден сал салып өтіп, Алтай қаласына беттейді, олардың бетін қайтаруға шыққан Алтай әскері жеңіліс тауып Алтайдың дутайы жоушуо (жуодайың) қорыққаннан өзін – озі өлтіреді.\r\n\r\nАлтайға ойран салған Бәкішің бас – аяқты бұлап – талайды, Қанапияны шақырып елден азық, мал, көлік жыюын бұйрады, арада өр Алтайға беттеген бір топ ақтар армаясының бетін зуқа ерлікпен қайтарады «Алтай ұлықтары болып мал, азық жиып жатқанда бізде берерімізді беріп тыныштық сақтайық, тіпті светтык жаңа өкіметпен қарсы келген бұл жау бізге алалығы жоқ болар» дегендерге зуқа: «ақ орыс, қызыл орыс, бәрібір орыс, бұлардың мақсаты жер мен байлық, саған бірнәрсе берейін деп келе жатқан жоқ» деп кескін жауап берді, ــ дейді 1980 – жылы сексенді еңсерген Насыр Білжәй ұлы.\r\n\r\nОсы ақтар армаясын Алтайдан қуып шығуға яң зыңшын жаң миңюанды қыруар әскермен шығарады «көмекке» деп свет өкіметі де әскер шығарады, бырақта осы сыбыстан ба, әлде өз мақсатарына жетуге бет алды ма? Ақтар Моңғұлияны бет алып шегінеді. ?\r\n\r\nОсы ақ патшаның қалдық күші Моңғұлиадағы көп Қазақтың ішінде сүгірбәйдің ұлы дұрбыт ханды олтырып свет қызылдар жағынан жеңіліп тыныш табады, соңғы нәтиже свет одағы осы орайда Алтайғада Моңғұлияғада өзінің әскерін тұрғызып үлгіреді, Моңғұлияның шегарәсін тарс бекітіп, белгі тұрғызады, тыпты «қашқын армайны қуушылар» деп соңынан арт – артынан төбімен, жекелей келген жылбысқа жансыздар жергілікті өкіметпен және мұнда орналастырған свет армиясы, көнсөл мен бірлесіп бұл өңірдегі «өкіметке» ойға алған игі істерге «қарсы келетіндер» деген сорпа бетіне шыққандарға қақпан құрып, дұзақ сала бастады, әне соның басты атамандарының бірі зуқа сабит ұлы болды, әртүрлі себептермен өкімет пен бұқара арасына, рулар ара, ұлтар ара қақтғыстарды мақсаты түрде тудыра отырып ақыры зуқаның басын алдырп Алтайдағы қара көпірге ылып мақсатарын іске асырады да, ендігі әкеңнің жоғын жоқтайтын ұлы солтан шарыптың қолынан неше дүркін «тыныштық сақтау» қағазын алып жуасытқысы келгенімен ең қатерлы жау санап бұны да төңіректей бастайды.\r\n\r\nИә оқырмаға осында ескерте кетер, осы ақтар армиясы жүрген жерінде басқа ұлтарға соқтықпай тек Қазақты ғана қырғындауы, шоғырлы Моңғұлиадағы Моңғұл халқына барғандада бір дорбыт қанды құрбандыққа шалуы… Бұл әңгіме өз алдында…\r\n\r\nЕкінші: «құнанбай заманында ақбиял деген қазірет болған, ол кезде орысша оқыған, діни сауаты жоғары екен, алайда орыстың Қазақ даласына төндірген қаупіне наразы болғандықтан, үнемі қамауға алынып, бақылауда болады екен.\r\n\r\nАбай ақбиялдың қайтпас қаһармандығына таңғалып, әрі шешендігін көзімен көрмек болып, ояздың алдында оған кезігуді ойлап, күтеді.\r\n\r\nАқбиял түрме казармасына кісенін шылдырлатып каперсіз бара жатқанын көрген абай: «тақсыр, бір сөз сұрасам жөн көресіз бе?» дейді. Ақбиял абайға бет бұрмай сыртын берген күйі тұрып: «иә» дейді. Абай:\r\n\r\nـــ тақсыр, шайтан болады дейді ғой, ол қандай болатынын білесіз бе? ـــ дейді. Ақбиял: ?.\r\n\r\nـــ е, шайтан дәл осындай тар жерде аңдиды, ـــ дегенде абай разы болып, ـــ әй, әттеген – ай, Қазақтан сіз сияқты адамдар неге қатар – қатар болып тумайды екен, ـــ дегенде ақбиял:\r\n\r\nـــ бұндай адамды адам тумайды, заман туады, ـــ деп кете береді.\r\n\r\nОсы ақбиял түрмеден түрмені тоздыра жүріп картейген кезінде бір кеңшілікпен түрмеден шығып, ел ішінде болған екен, сталинның тағы бір құйтұрқы саясатымен тағы да қудаланған соң, бір күні әлиқан бокейханға кезігіп:\r\n\r\nـــ сен маған жолдас болар ма екенсің? ـــ деген екен, әлиқан: ?\r\n\r\nـــ сіз ауған еліне кеткіңіз келіп тұр – ау, мен советке сеніп көрейін, сталинды сендіре алмасам, артыңыздан мен де барамын, ـــ дейді. Сонда ақбиял:\r\n\r\nـــ ондай болса, мен ауғаннан бұрын Алтай қазағына барайын, өмір болса сен барған соң бой түзейтін уақыт қашпас, ـــ деп қоштасып, Алтайда мәмидің ауылына келеді.\r\n\r\nМұндағы керей елінде ақбиялды «адал жан, жан сақтап келген, қу» деп түрлі созбен аялаушылдық та, өшпенділік те танытатындар шығады.\r\n\r\nАқбиял кезі келгенде бұрыннан «даудың әдыл биі мәми» деп естіген соң осында келгенін айтып, ел ішіне сіңе бастаған бір күндері бір жолы мәмидің жанында жүрген ақбиял мәмидің бір кесімін жақтырмай: «тақсыр – ай, сіз де жейді екенсіз – ау» дегенде мәми: «тақсыр – ау, сізге шашқан тары ғой» деген екен. Ақбиял шешен: «тілген надан бас мақұл, осы алалығың таза ма?» деп мәмиге қайта мойын бұрады. Бұл сұраққа мәми еш тіл қатпаған екен.\r\n\r\nАл, кейінде қалған әлиқан совет үкіметіне еңбек сіңіру арқылы адалдығын көрсетудің қамында жүргенде, сталинның зиялыларды жайпап, қырғындап, жер аудартатын ауқымы жеткенде әлиқанға үкімет адамдары: «сен совет үкіметіне қарсы бір куплит өлең жаз» дейді. Сонда әлиқан:\r\n\r\nДүниені топан су басса екен,\r\n\r\nАсқар – асқар таулардан асса екен.\r\n\r\nӨзенде толқындар құтырып,\r\n\r\nУлы көбігін маңына шашса екен, ـــ деп өзіне төнген хауыптен тайсалмай, майданда жазып қолдарына ұстатқан екен. Үкімет адамдары: «жарайсың, жақсы өлең, деседе дәл қазір саясатымызға білімділер симайды, сондықтан өзің ыңкар болған орныңа апарып тастайық» деп әлиқанды Моңғұлия жеріне жер аудартады.\r\n\r\nБұл деректі 1938 – жылы совет жерінен келген нүриден әпенді, садуақас молдалар оқушыларына айтқан кеңесі дейді.\r\n\r\nМәтәби Қожақын ұлы, 1989, 6. 13 (Шәкүртіде) \r\n\r\n \r\n\r\nМіне, көрдіңіз бе, шетелде жүрген Қазақтардың мемлекет құру жолындағы күресі мен қантөгісін?\r\n\r\nЕгер шетелдегі Қазақтарда идейә, көзқарас жоқ болса, ахымет байтұрсын бастаған алашшылдар шәуешек өңіріне алаш идейәсін насихатпен келмес еді, шетелдегі Қазақтар ел болуға ынтықпаса түрлі саяси ауқымдарда қаншама адам саясаттың құрбаны болмас еді.\r\n\r\nҮшінші: ел болудың қырық тарау жолының бірі былымдарлық, яғни адамдардың рухани дүниесінің сергектігі мен дүние танымының деңгейін жоғарылату екенін ескерген өз кезіндегі ел ағалары бұл өңірге білімдәрләрді жинау арқылы мектеп ашу, халыққа дүниелік деңгейдегі білім жеткізуді басты орынға қойды.\r\n\r\nШинжияң Қазақтарында 1897 – жылдың өзінде қазан баспасынан «жиһанша» атты кітәбі шыққан ақыт үлімжі ұлының әуелгі оқуы жуанған (жотақажы) бидің, тұрпан, үрімжіден мырзабақа (сынап) сияқты оқытушыларды әкеліп, алғашында үйінің іргесінен мектеп ашса, кейін медресе салу арқылы жұрттың ұрпағына парасат бағыштай білген еді. Сондықтан, ақыт араб, парсы, түрік білімдеріне тереңдей тұсынумен кейінгі кезде абай өлеңдерінен де сусындап, халқына абай болып нәсихәт айтатын болған.\r\n\r\nАбай демекші, абай шығармалары қазаннан 1909 – жылы жарық көрсе, осы жылдары, яғни сол 1909 – жылдары Алтайда мәми бейсінің «Абақия» мектебіне оқытушы болып келген Сейтқазы нұртаев сияқты зиялылардың қолымен абай шығармалары жетіп тұрғандығы анық.\r\n\r\nБұл жөнінде айырым тоқталамыз, айтпақшымыз, Алтай Қазақтары өздерінің саналарын жан – жақтылы жетілдіру арқылы ел болудың қамына ерте кіріскендігін анықтау ғана.\r\n\r\nСоветтык қызыл үкімет алашшылдардың өздеріне ең хауыпты жаулары екенін аңғарды, өйткені, алаш азаматтары Ахымет Байтұрсынұлы бастаған шоғыр қытайдың Тарбағатай өңірінде дейін барып, өз саясаттарын нәсихәттәй бастады. Басына күн туған Зият Шәкарім ұлы сияқты зиялылар қытайдағы Алтай Қазақтарының белсенділеріне барып қосылды, алаштың ықпалында болып, нәсихатын көтерген қызмет, бұл адам жөніндегі әзіргі деректе, Әлиқандармен бірге қалқаға келген, 1940 – жылдары құбайдолла деген атпен Өралтайда Оспан төңкерісшілерініің ішіне жасырын келген, 1946 – жылдары қызмет деген атпен Алтай, қобық жерлерінде жүріп, совет жеріне қайтқандығы» айтылады. Сейтқазы, Әлипа деген азаматтар қытайдың Алтай өңіріне барып, ағарту, мәдениет жұмыстарына кірісіп, елді оятып, халықты ертеңгі бостандыққа, теңдікке талпындыруға құлшынады. Міне бұлардың бұлай нәсихаттауы жоғарыда айтылған алаштық нәсихаттің халыққа тікелей жетуінен еді. Тіпті патшалық үкіметтің бұйыруымен кезінде Алтай өңіріне келіп кеткен аға сұлтан Құнанбай мұндағы елдің рухани күйінің сергектігіне барынша ұмітпен қарап, еліне қуана барғаны бар еді, әне сол құнанбайды үміттендірген Алтай елі ендігілердің де жадында болғандықтан, зиялылардың мұнда келіп мектеп ашу, баспа орындарын құру, мәдениет жұмысын жандандырып, өндірісті дамытуға ат салысқан азаматтар шоғырының ұсқындылығы советтык қызыл үкіметке тағы үрей салады. Сондықтан, Алтай, іле өңірлеріне көнсул құрдырып, әскер орналастырады. Ертіс өзені арқылы параход жүргізіп, мұндағы ел ағаларына машина – машина арақ жеткізіп, европалық (орыстық) мәдениетті тықпалап енгізіп, дәстүрден тайғызып, шаш қойғызып, таңса ойнатып, темекі тартқызып, орыс және татардан әйел алу арқылы дастарқандарда арақ, шампан тұруды «нағыз мәденилескен» «алғабасарлық» деп азғындауға бейімдетті. Бұған бір айғақ, 1938 – жылы Өралтайда шоғырлы бас қосу бір жиыны болғанда ақтеке би елді шығыстағы Чиңхай – гансу өңіріне көшіруді өтінеді, бұған қалел тәйжі бастаған адамдар қосылмағанда ақтеке ашуланып: «онда жастарды қалман мен рахат сияқты шолақ етек кигізіп, шаш қойғызып шайтанға айналдырыңдар» деп осының алдында рахаттың Алтай аймағына оқуға барып, қалманның Алтайда қызметке араласып оралған жағдайларын батыра ауызға алып өтеді. Осылайша Өралтай елі орыстану мен дінсіздендіруге асауша тулап шыға келген тағылығынан сескеніп, совет үкіметі өздері тәрбиелеп жетілдірген топ – топ адамдарды енгізді. Мысалы, садуақас молланың Задай Құсайынұлына айтуында, өзінің 1934 – жылы семей, өскемен өңірінен мектептен машинаға басып ғана алған қырық баланың ішінде келгенін, екі ай Алтай көнсуліндә тәрбиеленіп, бір күні жер – жерден ел ағаларын шақырып: «мына балалардың барлығы оқытушылар» деп таныстырып бергенін айта келіп, мұндай топпен келген адамдар көп екенін, бірақ, осылардың бәрі түрлі тасылмен атылып, қолға алынып, із – тозсыз жоғалып өлтірілгенін айтқанын дәлелдейді. Міне осылайша алашты нәсихәттәушіләр мен оның ықпалында болған азаматтарды ашық, жасырын түрде жоғалтып отырды. Әне солардың құрбандары шәріпқан көгедей, шәкерім зият ұлы, т.б қыруар азаматтар болды.\r\n\r\nкекті жүректердің кесірлі ойраны \r\n\r\n1930 – жылдардан бастап, қытайдағы Қазақтар қоныстанған Алтай өңірі мен сырт Моңғұлиадағы Қазақтар қоныстанған өңір совет үкіметі мен чиң үкіметі, шың шысай үкіметінің қанды пышағының құрбанына айналды.\r\n\r\nБолшевиктык идеяға асаусынған совет жеріндегі Қазақтарды қырғындап та, сіберге айдап та, кампескелеп байлығынан айырып, отырықтастырып қолға үйретіп, соғысқа салып, мол өнім алып егіз қозы таптырғанын сыйлап, мадақтаудай айламен алдап – арбап, әйтеуір түрлі айламен шоршағын басқандай болған қызылдар, Қазақстан өңіріндегі Қазақтардың енді шеңгелінен шықпасын білді де, алдағы қатер шетел Қазақтарынан деп хауыптенып, ең әуелі Шинжияң өңіріне топ – тобымен болшевиктердың жансыздарын енгізді. Моңғұлия шекарасын бекіттіріп, тіпті сырт Моңғұлды өз қарамағына алып үлгірді де, ондағы тағы мінезді Қазаққа жалама «жамбалама» сияқты өздерінің шпиондық органда тәрбиеленген жендеттерін жіберіп, Қазақтарды аяусыз қырғындады. Осының айғағы чехтегы тұлып адамның сыры шешеді (бұның артынан баяндаймыз) . Сөйтіп ендігі қатер болған Шинжияңдағы Қазақтардың тіс – тырнағымен қызылдарға қарсы адамдарын жаныштаудың амалын да ойлап тапты, кеше күні сілекейін шұбыртып отырған Шинжияңдағы қытай қызылдарының қолына өткізу арқылы ондағы қызылға қарсы топты тұбымен жоғалту шайқасын жүргізді. Әуелі совет, чиң үкіметі «алты ұраны» бойынша іс жүргізіп, жоқ жерден ойдырма делөләр тұрғызып, ел ағалары мен зиялы қауымға қырғиша тиеді. «жиын» деп апарған адамдарын тірі жібермеді. Міне бұлардың құрбаны ақыт үлімжі ұлы, қалел тәйжі, есімхан үкірдәй, шәріпқан дутың, мәнкей, бұқат, т.б неше жүздеген адамды түрме түбінде ауыр жазалармен өлтіріліп жатты. Мұндай тағылыққа шыдамаған бір бөлім адамдар, ауыл, ру – румен жел айдаған қаңбақтай жер аударып, аштықтан, соғыстан қырғындалса, алды құс ұшып өтпейтін, қою ауалы гимәләй тауынан асуға мәжбүр болды. Сөйтіп, гималайға беттеген отыз мың адамның екі мыңнан астамы ғана үндістән, түркиә елдеріне әрең жеткен.\r\n\r\nМіне, бұндай көзсіз қырғындау әділетсіз басымдылыққа қарсы топ – топ ержүрек азаматтар әуелі бақан – балтасымен жауларымен айқасқа шығады. Бұлардың негізгі уәкілі Оспан (батыр) сіләм ұлы. Ол әділетсіз үкіметпен он жыл бойы соғыс жүргізді. Осы соғыс арқылы елін кешегілер аңсаған дербестікке, елдікке жеткізбек болды. Оспанның осы озық идейәсін алашшылдардың ұшқыны қапас (мүпти), темірқан, оралдар қолдап, оған дем берсе, совет үкіметі қу түлкідей бұлаңын салып бір аунап түсіп, «шығыс түркстән үкіметі» дегенді көлденең тартады. Моңғұлиадан жансыздар жіберіп Оспанды шырғалап, оны «уақыттық үкімет бастығы» етіп сайлап, ақ кигізге салып хан көтерсе, «азаттық өрденімен сыйлап», уәли етеді. Алтайдың батыс өңіріндегі жеменейден елдің тағы бір азулысы ботақара рамазанды «жарым патша» деп хан көтеріп шырғаға тартады, бірақта Оспан аз өтпей «шығыс түркстән» үкіметінің сырын түсініп жетеді, оның нағыз арандаушы, алдаусырақтан қуыршақ үкімет екенін алаш ұшқындары да Оспанға толық ұғындырады. Осылайша Оспан мен шығыс түркстән (кейін үш аймақ деп өзгерген), Оспан мен совет қызылдары, Оспан мен сырт Моңғұлия қызылдары, Оспан мен қытай қызылдары арасында өліспей беріспейтін күрес жүрді. Сөйтіп, төңірегінен анталаған жаулары 1951 – жылы Оспанды да алып жеді. Бұл Қазақ тарихында ғана емес, қытай, совет, Моңғұлия, тіпті дүние тарихында да ұмытылмас жойқын күрестің, өспес тарихтың бірі болып қала берді.

Жауап жазу

Your email address will not be published.