Дүйсенбі, Қаңтар 22

Күнес қазақтарының жерін қытай үкіметі тартып алуда

 \r\n\r\n Вашингтондық «Еркін Азия» ақпаратының бірінші мамырдағы ақпаратына негізделгенде, Қытайдың Батыс терістігіндегі Шыңжаң автономиясына қарасты Күнес ауданында диқандардың жері мәжбүрлі түрде тартып алынып, қала құрылысын қарқынмен кеңейтіп жатқан компаниялардың меншігіне беріліп жатыр екен. Аталмыш ауданда 140 мыңға жуық қандасымыз тұрады.\r\n\r\n«Еркін Азия» ақпаратына телефон арқылы Күнес ауданының бір жергілікті тұрғыны аудандағылардың тап болған бұл келеңсіз жағдайы жөнінде ақпарат берген. Сұқбат берген жергілікті тұрғын шамамен бір айдың алдында аудандағы диқандардың атынан осы тап болған жағдайды сайттарға жариялаған. Содан көп өтпей оның інісі және басқа диқандармен қоса тұтқынға алынғандығын айтқан.\r\n\r\n«Маған көп рет телефон шалып, жалғай алмағандарыңызды білемін. Себебі, полиция тұтқындап кетті. 15 күн қамалып шықтым. Олар ұялы телефонымды тартып алды. Алдыңғы күні қамаудан шығып, телефонымды көрсем, көп қоңыраулар шалыныпты\r\n\r\n…Сол кезде мен үйде жұмыс істеп жүргемін, кенеттен аудандық полицияның қызметкерлері үйіме баса-көктеп кіріп, мені ұрып-соқты. Қолымды артыма қайырып, полиция бөлімшесіне алып барды. Сосын маған ешқандай қамауға алу туралы рұқсат қағазын көрсетпестен, 15 күн тұтқында ұстады. Мен қамаудан шыққан соң, арыз беріп жүріп, әзер дегенде кеше ғана қамауға алу туралы рұқсат қағазын қолыма алдым», – дейді ол.\r\n\r\nСұқбат беруші аудандағы диқандардың бірнеше жылдан бергі жер дауы мәселесі туралы тоқталып былай дейді: «Біз тұрған жер Күнес ауданның орталығына жақын ең шұрайлы орын. Мұнда үш мыңнан артық отбасы бар. Мұнда, қазақ, ұйғыр, дүңген және басқа ұлттар қоныс тепкен. 2011 жылдан бастап, аудан орталығы – Күнес қаласын кеңейтіп, жаңа қала құрамыз деген сылтаумен жергілікті үкімет жерлерімізге сұғын қадай бастады. Бірнеше жыл бұрын ғана қалалық партком, халық үкіметі және басқа мекемелердің құрылыстарын жаңадан салып, сонда көшірген еді. 3-4 жылдың алдында ауданымызға Джия Исинь деген бір қытай партком хатшысы болып келді. Ол Күнес ауданының қала аумағын үлкейтемін, жаңа «даму аймағын» құрамын деп, біз тұрған жерлерді аудандық жергілкті үкіметке беруді талап етті. Жер диқанның жаны, жерден айырылсақ, біз не істейміз деп келіспедік. Содан ол біздің ауылдың хатшысы Ли Жумен бірлесіп, жерлерімізді мәжбүрлі түрде тартып алуға талпынды. Аудан осыдан алты жыл бұрын диқандардың жер құжаттарын жаңалап береміз деп алып алған. Оны да бермеді. Жеріміздің әр муына (бір му 6,7 соты) 25 мың юаннан беріп аламыз дейді. Бұған диқандар келіспесе, түрлі тәсілдермен диқандарды келісімге қол қоюға мәжбүрлеуде. Мен қазірге дейін келіспей тырысып келемін, алайда олар жерімді алмай қоймайды»\r\n\r\nОл бұл зорлыққа шыдамай, жоғарыға арызданғандығын, бірақ, ешқандай нәтижесі болмағандығын айтады. Ол осы барыста, Күнес ауданы полиция қызметкерлерінің диқандарға көрсеткен зорлығы туралы былай дейді: «Мен арызданып жүріп, мемлекеттің жер туарлы заңын үйрендім. Біздің аудан орталығының көп қабатты үйлер салыстырмасы 40 пайыз, қалған 60 пайыз үйлер көп қабатты үй емес. Гуо-у-юан-ның бір қаулысын көрдім. Онда көп қабатты үйлер 70 пайызға жетпеген аудандарда қала құрылысын кеңейтуге және диқандардың егіншілік жерлерін бұзып, құрылыс жүргізуге болмайды делінген. Сол қаулы бойынша, жоғарыға арыз бердік. Бірақ, жергілікті үкіметтен бастап, автономияның шенеуніктеріне дейін бақа тілдес, балық үндес екен. Бейжиңге дейін бардық, қала-құрылысы министрлігінен алып келген хатымыздың өзі аудандағы жауаптыларға қузау сала алмады. Біз бірнеше рет жоғарыға арызға бара жатқанда, жолымыздан тосып алып, қамап қойды. Шындығын айтқанда, ауылымызда арызға барғандардан қоқан-лоққы көрмеген, таяқ жемеген немесе қамауға алынбағандар жоқ»\r\n\r\nЖеріміздің қызығын аудандық партком хатшысы көріп жатыр\r\n\r\nСұқпат беруші тағы: «Қазір бұл істің басында ауданның партком хатшысы Джия Исинь бар. Әрине, бұл зорлықтың бәрі де соның бұйрығымен болып жатыр. Ол бұйрық түсіреді, ал диқандар оған келіспесе, аудандық саяси заң комитетінің хатшысы Шу уэйцянь полицияны іске қосып, диқандарды ұрады, қамайды. Ауылмыздың хатшысы Ли Жу оларға сәйкесіп, түрлі тәсілдермен диқандарды жерін сатуға мәжбүрлейді»\r\n\r\n«Олар бізден жерлерімізді 25 мың юаннан беріп, мәжбүрлі алған. Кейін естісек, бұл жерлерді Қытай компанияларына 400 мыңнан 450 мың юанға дейінгі бағаға сатыпты. Арадағы бұл зор мөлшердегі пайда олардың жеке қалтасына сүңгіп жатыр. Мен және басқа бірнеше диқандар жер сату келісіміне қол қоймауға тырысып жатырмыз. Ал, олар біздің өзімізді ішімізден ірітіп, біраз диқандардың үйіне сәлем-сауғаларымен, құрғақ уәделерімен барып, оларды қол қойғызды. Бала-шағаларымен үкімет қызметкері болып жұмыс істеп жатқан біраз отбасыларға, балалары арқылы қысым жасап, қол қойғызды»\r\n

Түпнұсқадағы тақырып атауы: Қытайдағы диқандардың жерін тартып алып жатыр

\r\n

 « Еркін Азия» ақпараты. Вашингтон.

\r\n

Ағылшын тілінен аударған: Санат Наққазақ.

\r\n

 “Алты Алаш” ақпарат

3 Comments

  • Бұл қытайлар неше мыңдаған жылдар бойы зұлым саясат жүргізе отырып, көшпенді Сақ, Ғұн, Түркілердің, яғни, қазіргі біздің ата-бабаларымыздың жерін біртіндеп тартып алып, енді Қазақтарға қарасты азғантай жерге ауыз сала бастады. Бізге тезірек ес жинау керек.

  • Куандык

    Өкіметтегілер қайда қарап отыр екен,асықпасаң үйіңе кіріп төріңде отырады әлі………

  • tilektes

    КӨКТЕ КҮН ЖОҚ\r\nЖЕРДЕ ҮН ЖОҚ\r\nБІЗДЕ ҚАТАР ТІЛ ЖООООООҚ

Жауап жазу

Your email address will not be published.