Жексенбі, Қараша 19

Қытайлар: “Қазақтар, сендер малсыңдар, иелерің жоқ” немесе Боғда бөктеріндегі қақтығыс

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың, 

ҚХР Президенті Ши Жинпиңнің назарына!

Қытайда тұратын бір жарым миллион қандасымыздың біразы Шыңжаң ұйғыр автономиясының орталығы Үрімжі қаласында тұрады.  Негізінен қала маңына шоғырланған қазақтар мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары Қытай үкіметі  тұрғылықты халықтың жерін сатып алып, әртүрлі мақсаттарға(завод-фабрика, демалыс орындары)  пайдаланып келген.  Сол арқылы Ішкі қытайдан ағылған жұмысшалар нөпірін Шыңжаңға қоныстандыруды мықтап қолға алып еді.

Үрімжі қаласының маңындағы Дабанчың районы сондай ауданның бірі. Сол ауданда Тиянь-шан шаруа қожалығына қарасты 1 ауылда малшылардың «Машинақұдық» деп аталатын көктеулігі бар. Кеше ғана сол Көктеулікте бүкіл елді шулатқан қанды оқиға болды. Оқиғаның мән-жайы былай болған.Жақында Қытай билігі дәл осы көткеуліктен жол өткізуді ұйғарыпты. Есесіне жер иелеріне  аз ғана тиын-тебеннің шетін көрсетіпті.  Бұған риза болмаған малшылар жолды жауып тастаған екен. Қытай жұмысшылары жолда тұрған 7 адамдық автокөлікті  таспен ұрып, таяқпен сындырып, адамдарды «экоскаватормен көміп тастаймыз» деп қорқытыпты. Әйтеуір жергілікті полицейлер келген соң ғана Қытай жұмысшалары «сабасына» түскен көрінеді.Іле-шала 100-ден астам қытай жұмысшылары қолдарына сойыл алып, шаруа қожалығының директоры Нұрмұрат Махмтұлының үйіне басып кіріп, әй-шайға қаратпай, Нұрмұраттың әйелі Жеңісгүлді күрекпен ұрып, қолын сындырады, әйелдерді шаштарынан сүйреп, сабайды. Баласы Ұлан Нұрмұратұлын қуып жүріп, таспен ұрып сойылға жығады. Ол жан сауғалап қашады. Онысына қарамай ұстап алған қытайлар Ұланды екі адамға ұстатып қойып, «бізге тізе бүгіп, бас ұр, әйтпесе өлтіреміз» дейді. Ол бас ұрмай қойған екен, иығына сойылмен ұрып, басын жерге тигізіпті. Әйтеуір, айтуға ауыз бармайтын неше түрлі сұмдықтарды жасаған. Кішкене сәбилерді де аямаған олар «Бұлар иесі жоқ, тауда жүрген мал, өлтіріп тастасақ та ешкім іздемейді. Құнын төлеп құтыламыз» деген екен.\r\n\r\nҚытайдың соңғы сайланған Президенті Ши Жинпиңнің аты миллиардтар елін тәртіпке келтірумен, жемқорлықпен күресумен шығып еді. «Коммунистік партияның» әділдігі, 56 ұлттың бірлігі де айтылуындай айтылған. Тіпті қазақтың ұлттық мәдениетін дамытушы ел ретінде Қытай мемлекетінің жинаған абыройы да аз емес болатын. Дегенмен қарапайым қазақтың басына келген мына зауал Қытайдағы бір жарым миллион қазақтың тағдырына төнген қауіпті көрсетіп отыр.Басқасы басқа, қытайлардың «қазақтар, малсыңдар, сендердің иелерің жоқ» деуі – сол Нұрмұраттың отбасына ғана емес, бүкіл қазақ ұлтының бетіне шашқан түкірігі. Олар Қазақстан деген мемлекеттің бар екенін, оның иесі қазақ екенін білмейді емес, біледі. Тіпті, жыл сайын Қазақ топырағына мыңдап келіп, мұнайын сорып, бизнесін жасап отыр. Олар кезінде Шыңжаңға да солай келген. Ендеше, Қазақстан жұртының да бұл сөзді еститін күні алыс емес.

Ерлан Төлеубай

Abai.kz сайтынан

22 Comments

  • Anonymous

    Осындағы қытайларды бізде мал қылып тізе бүктіруіміз керек.

  • Талгат

    Казактын намысын таптап.Мысын басып тастадыго Жогарыда отырган шенеуликтер Кайран батыр казагымды

  • Макпал

    Нурмурат бауырым жерди сатып акынды алып агайн туган аулдастарынменен алге орал оз жерин бар! Казак жери сендерди кутип жатыр бизге сал сендердин жан басы жетпей жатыр соны бил сонда сенде казакка осы жерде комегин тиеди Бар бауырластар кытайдагы казактарга айтарым елине орал есин барда елин тап деген атамыз келгенде онай емес , сондада елин жерин ата журтын .

  • нұрғазы

    Қазақтың басынан сор арылмады бас ауыртар билік көрседе білмеи қалады.

  • Қайран менің бауырларым -ай! не көрмедіңдер ! Елім деп елге қосылған қандастарын , Қазақстандақ баурлар,қандастарымыз : “Оралмандар”, “Ориктер ” деп көзге де ілмейді ,ал енді аз болғандай ,қытайдағы қандастарымыз да ,қара қытайлардың текпісінің астында қалыпты , ар намыстары аяққа тапталып , көз жастары көл болып отыр,. Кезінде Абай АТАМЫЗ :” ҚАЛЫҢ ЖҰРТЫМ ҚАЗАҒЫМ ҚАЙРАН ЕЛІМ , Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың ” деп күңіренген екен. сол үрдіс бүгінде жалғасып отыр ,көпшілікке топырақ шашпаақ қояйын , кейбір өресі төмен азаматтар, өз бауырларын сидырғысы да жоқ, ұланқайыр жерге неге ғана сиыса алмайды екен! түсінбедім. Ө

  • Бакытжан

    Казактар ежелден билимди халык! Алтай жери казактардын жайлауы болган бирак кытай жерине отип кеткен. кытайдагы казактардын оралуына казакстан Жагдай дамам отыр. Коп кандастарымыз кытай экономикасы дамып Келе жатканын корип елге кайткысы Жок . Озге елде султан болганша- оз елинде ултан бол, деген атам казак!!!!!

  • Қайран жұртым-ай,екі жақта жатып алып қырқысқан.қытайдағы қазақтың жерін тартып алыпты дейді.ол қайдағы жер қытай территорясында қазақтың табаны тиетін жер болып тұрғанына тоба.дүние боқ кімді қызықтырмасын уақыттық болсада өз жеріндей сезініп жүрғой бейуаз ел.түбінде бәрінен жұрдай болатынына ойы жеткен жоқ әлі,Аллаһтан бір шапағат болар.

  • шындык

    оган тауекелин жетпесе 2) жеринди сол жердеги уигыр т б аз халыкты кытайга садакага бер де Каш.Кош.Кошип кел де Каза ели кытайдан да баскадан да коркпайтын болуына , ел бирлигине Казак кобейуине табандылыкпен улес кос.

  • шындык

    карсы бигу керегин угындырып жане америкадан, баска да кытайдын тыныштыгы бузылып озинен мыкты болмауын тилейтин мелекеттерден жане ислам халифаты сиякты ислам уиымдарынан комек сурап,каржы сурап кытайга карсы турып акыры референдум жасап болинип шыгасын .

  • шындык

    Олар жерди алады, онымен токтамай кыз-катынынды алады.Алдап,амалдап,азгырып,тартып,турли жолмен алады.Сосын улынды озинди кул етеди.Сосын осы стегенин Казак мемлекетине де жасауга тырысады.Ал не амал етесин? 1) Сол жердеги уйгыр т б халыкпен биригип оларга ортак жауга

  • Керей

    Ал олардын йелерын жок деген создеры рас шынымен де казыр быз кытайга карсы тура алмаймыз

  • Керей

    Казактар быз шынымен де малмыз ол барыбыр де кытайдын жеры уакыты болган кезде мындетты турде оздерыне кайтарып алады бырак буны кытайлардын баскыншылыгы деп айтуга болады осы озымыздын елдегы журген кытай мырзаларга быз де солай жасайык сонда гана есемызды кайтарган боламыз

  • Ербол

    Кытайдагы емес озимиздиак осындай жагдайларды дурыстап алайыкшы

  • serik

    bul xindih ,kexe gana koz aldinda twilgan is , bizde ahparat\r\n ukimet jaginan hatti xektalip ustaladi .

  • kerey

    Hashan hazah bir shanirahtin astina jinalar eken bir jagadan bas bir jennen hol shgarar ekenbiz…duniyege tarap ketken hazahti kok tuimizdin astina jinasa esh bir xalihtin bizge shamasi jetpes edi..atten hazagim..shet elde jurgen biz siyahti hazahtar bir kuni jokh bolip ketermiz ba dep horham….

  • Шуря

    Надандықпен жазылған мақала. Эмоция таза және нақты өз құқыңды қорғайтын нақты факттар мен заңнама негізі келтірілмеген. Осындай сауатсыз жазылған мақала кесірінен ұлтаралық конфликт туындауы мүмкін.\r\nӨз құқықтарыңды сауатты қорғайық, болмай

  • Салия

    Түркі халықтары біріккенде ғана жан-жағымыздан анталаған алпауыттарды жеңетін боламыз.

  • АБАҚКЕРЕЙ

    ҚАЗАҚТАР ӨЗ ЕЛІНДЕДЕ ӨЗГЕЛЕРДЕН ТАИАҚ ЖЕП ЖҮРГЕН ҚҮЛ БОЛЫП ЖҮРГЕН МАНГҮРТТЕР.. ОЛАР КЕЛІМСЕКТЕРДЫ ҚАБЫЛДАЙ БЕРЕДЫ ОЛАРДЫҢ САУДА ІСТЕП ДАМУЫНА НАДАН ҚАЗАҚТАРДЫ ҚҮЛ ҚЫЛУҒА ЖАҒДАИ ЖАСАИДЫ..ӘЛЕДМЕ ЖАЛҒЫЗ ЕЛ БАР ДҮНИЕ ЖҮЗНДЕГІ ҰЛТТАРДЫ ЖИАТЫН .. ЕҢ БОЛМАГАНДА ОРТА АЗИАДАҒЫ ТУСҚАН ТҮРКЫ ХАЛҚЫН ЖИСА ОЛАРҒА ҚАЗАҚ ДЕП АЗАМАТТЫҚ БЕРЕ БЕРСЕ РЕНЖМЕС ЕДЫК.. ҚАЗАҚ КӨБЕИЕР ЕДЫ..

Жауап жазу

Your email address will not be published.