Дүйсенбі, Қаңтар 22

Қытайлық фирма басшысы: “бір малшы Қазақты өлтірсеңдер құнын мен төлеймін, және 400 мың юан беремін”

Қытайда тұратын бір жарым миллион қандасымыздың біразы Шынжаң ұйғыр автономиясының орталығы Үрімжі қаласында тұрады. Негізінен қала маңына шоғырланған қазақтар мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары Қытай үкіметі тұрғылықты халықтың жерін сатып алып, әртүрлі мақсаттарға (завод-фабрика, демалыс орындары) пайдаланып келген. Сол арқылы ішкі қытайдан ағылған жұмысшалар нөпірін Шыңжаңға қоныстандыруды мықтап қолға алып еді.\r\n\r\nҮрімжі ауданы Банфаңгу ауылдығы Нансан тауында малшы қазақтардың үйлерін бұзып-шағып, жерінен, жайлауынан зорлық-зомбылықпен қуып түсіп, қазақтардың жерін заңсыз тартып алып, саяхат орындарын ашқан Жинбейфаң серіктігінің (新疆金北方投资有限责任公司) бастығы Жаңзұң (张新生) былай деген: “Бір малшы қазақты өлтірсеңдер құнын мен төлеймін, және 400 мың юан беремін” деп жұмыс істеушілердің қолына темір тесе беріп малшыларды шапқызып өлміші еткен. Сақшыларға пара беріп жәбірленушіледі қаматқан. Сот бастығы мен шенділерге пара беріп қазақтардың арызын қабылдатпай қойған.\r\n\r\nШинжаң өлкелік саяси кеңестің төрағасы Асхат Керімбайұлы тексеріп барғанда кеудесінен арқасына дейін тесе қадалып қансырап, емханада жаны зорға аман қалған ауыр зақымдалушы қазақ апа таяқ жеген оқиғаның кескін, суретін Асхат Керімбайұлының қолына ұстатады. Асхат Керімбайұлы барлық жағдайды толық көріп шығып, Жинбейфаңның бастығын шақыртқанда, ол Пекинге қашып барып ондағы Шинжаңнан қуылған Уаңлышуан, Сымайыл Тілепалды (ұйғыр) қатарлы кезінде ауызын әбден майлаған таныстарына арқаланып Асхат Керімбайұлын тоқтатып, істі соңына дейін тексертпейды. Бұл оқиғаны Асхат Керімбайұлы айтып берген, барлығы шындық жағдай. Жергілікті қазақтардың осындай парақорлық шектен шыққан ұлттық қорлау әрекеттерді тыйуға арызданғалы 10 жылдан асқан, әлі күнге дейін шешілмеген. Жинбейфаң серіктігінің бастығы сотталмаған, керісінше малшылардың жайлауын жалғасты тартып алып қарсы келгендерін күш қолданып қорқытуда.\r\nҚазақтар мен ұйғырлар көптеп қоныстанған Шинжаңға ішкі қытайдан жылына миллиондап келетін қара қытайлар (“Халық жұмысшылары” деп заңды атау берілгенімен ешқандай құжаты, білімі жоқ, бақа-тышқанмен қоректенетін үйсіз, мекенсіз кезбелер) жерлгілікті мұсылман ұлттарға тізесін батыруды әбден әдетке айналдырған.\r\n\r\n senkazakh.com .

4 Comments

  • Серік

    Қазақстанға келіндер, таяқ жесенде қазақтан днйсің, қытайға қор болмаңдар, ертең қыздарыңды күштеп алады, сосын құрыйсындар, тез келіңдер Қазақстанға, сұлтан боламын демей ұлтан боламын деп келіңдер.

  • Айтқанымыздан өнім барма,мұнда келседе ақымақ қандасымыз оларды қайыршы есебінде қарап жүрген жоқпа.

  • Сафуан Рысбай улы

    Bauyrlar! Men munda otyrip alip, “kagymdy” pyshaktagannan paida zhok. Namysym kainap tur au, shirkin. Ne korsen de elinmen bol! Oraludin kamyna zhedel koshpesen, korerin alda. Kasahan aittin deme. Osygan turgaisyn!

Жауап жазу

Your email address will not be published.