Бейсенбі, Маусым 22

Намысты Қазақ жігіттері қытайлардан кешірім сұратты

Қытайда тұратын бір жарым миллион қандасымыздың біразы Шыңжаң ұйғыр автономиясының орталығы Үрімжі қаласында және сол маңда өмір сүреді. Негізінен қала маңына шоғырланған қазақтар мал шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары Қытай үкіметі тұрғылықты халықтың жерін сатып алып, әртүрлі мақсаттарға (завод-фабрика, демалыс орындары) пайдаланып келген. Сол арқылы ішкі қытайдан ағылған жұмысшалар нөпірін Шинжаңға қоныстандыруды мықтап қолға алып еді.Мамыр айының 2-күні Үрімжі маңындағы Дабаншыңында болған малшы қазақтарды қытай жұмысшылардың топтасып сабау оқыйғасының нақ майданна барып қайттық. Бару ниетімізге көптеген адамдар қарсы болды, “Сендер топтасып бармаңдар, барлығыңды сақшы ұстап қамайды, қазіргі саясат қиын, сұраусыз кетесіңдер, үкімет өзі шешсін деп”. Ол сөзге бойымыздағы Қазақ қанымыз шыдатпады, үйде отырып құр сөз айтқанмен ештеңе өнбейтінін біліп, атқа қонып, үрімжідегі жігіттердің басын қосып, бүгін түстен бұрын жолға шықтық.

Қазақтарды жәбірлеуші құрлысшы қытайлардың бірде-бірін кезіктіре алмадық. Жергілікті сақшылар құрлысшы қытайларды бастықтарымен қоса ұстағанын, қазақтар көтерілді дегенді естіп, қалғандары қашып жоғалыпты.Барғанымызға орай, сол күні жергілікті басшылар жуас малшыларды жыйнап алып, өздерінше жиналыс ашып отыр екен. Аттың әңгімесін айтып, жерлеріңді қайтарып береміз, және емханаға жатқан жәбірленушілерге төлем ақша береміз деп қазақтарға қүр уәдені беріп жатыр. Мұндай жымысқы қулыққа ашуланып, қанымыз басымызға бірақ шықты. “Айтып отырған жерің не? Төлем ақшаң не? Бізге олардың қажеты жоқ, бізге керегі Қазақтың намысы. Ішкі қытайдан ағылған қытай жұмысшылар малшы қазақтардың бала-шаға, кемпір-кешегімен қосып, неге сабайды? Бұлар неткен безбүйректер! Одан да сорақысы: “сендер қазақтар, малсыңдар!” деп неге бүкіл Қазаққа тіл тигізеді. Оларды қатаң жазалаңдар, және бүкіл Қазақтан кешірім сұрасын”! дедік. Біз осы жерге еріккенімізден келгеніміз жоқ, жұмысымзды тастап, сендер бітіре алмасаңдар біз бітіргелі келдік деп ойымызды ашық айттық. Содан кейін қытай басшылардың көздері бақырайып кетті. Бұл іске жоғарыдағы басшылар араласатын болды. Бүкіл Қазақтан кешірім сұратып, барлық шығынды төлетіп, заңды жауапкершілкке тартылатын болды.Егерде жақын күндері жәбірлеуші қытайлар теледидар арқылы бүкіл Қазақтан кешірім сұрамаса, біз бұл істі Пекиндегі басшылық орындарға дейін жеткізетінімізді айтып тарқастық.Bogda 2http://v.youku.com/v_show/id_XNzA4NDEwNTk2.html?firsttime=10\r\nشالقار سۇحپاتىنان اكەلىندىЖәбірленуші қазақ отбасы мүшелері Осындай қиын жағдайда тілеулесс болған барша қазаққа рахметін білдірді.\r\n\r\nЖағдайдың осыған жетуіне басты кінәлілар жемқорлық жәйлаған өлкелік, аудандық және жергілікті атқарушы барлық құзырлы орындар екені мұндағы барша халыққа мәлім…

10 Comments

  • қожа

    Аллаh жәрдемші, бәрі жақсы болады бауырлар. Қазақ болайық, мұсылман болайық.

  • Ақжүрек

    Аз болсада бірлік көрсеткендерің дұрыс болыпты, бірлігі жоқ қазақпызгой тарыдай шышылып кім көрінгеннін айтағында жүрген аман болындар қайда болсандарда, қазақстан деген ел барын білсендер аз қиыншылықтан қашпай келген абзал, білеміз қытайдағыдай бізде дамып жатқан жоқпыз бырақ рухани кеңдік бар 10 милион қазақ бар!!!

  • нургиса

    жарайсыңдар бауырлар бізде Қазақстанда басқа ұлттың алдын да қанша қазақтың намысы тапталып жатыр ауызбіршілік жоқ өздерінше сендерді шақырып қойады ертең келгенендеріңнен кейін осы шақырып жатқан біреуін таппай қаласың қатындарынан аса алмайды

  • Темирхан

    Жарайсыңдар, бауырларым! Судын да сурау бар, деген ел намысын аякка таптатпай ара тускен ер журектердің алдында бас иемін.Алла жар болсын.Шеттегі бауырлар,елге оралыңдар.\r\n Билік не дейді!!!\r\n\r\nТемирхан батыстан

  • Алтай

    көшіп кел деген сайын шалқақтайтын елміз емеспе,онанда жұтаған жұртын мақтап жүрсін боқтығын естіп.

  • Кәкен Қамзин

    Жарайсыңдар, азаматсыңдар, бауырларым! Арқа сүйер жұрты, іздеуші азаматтары бар екенін білсін. Ол жақтағы қазақтар “шүкір”, “тәубә” деп жүре бермесін, құқықтары үшін күрессін, тайсалмасын.

  • проф. Совет-Хан Ғаббасов

    Аяаулы азаматтарым істеген істеріңе алғыс айтамын. Ендігі ең үлкен мәселе, бойларыңда шыныменде ҚАЗАҚЫ ҚАНДАРЫҢ мен НАМЫСТАРЫҢ бар болса, ХАЛЫҚТЫҢ ертеңін ойлап , енжарлық пен салғырттықты қойып… АТА-ЖҰРТҚА қопарыла көшуді бүгіннен бастап… осы жазда түгелдей көшулерңді сұраймын. Ұлт пен Ұрпақ келешегі үшін… ендігі жерде пендешіліктің құшағында қалуға болмайды. АЛЛА өзі сәтін салып, азаматтық алу да… келіңдер деп отырған аймақтарға барсаңдар ҮЙДЕ… көтерме КӨМЕК те берілмек. Бұл жолы кешікпеңдер ағайын бауырларым…

Жауап жазу

Your email address will not be published.