Дүйсенбі, Қаңтар 22

Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫ. Шетелдегі бауырлар Қазақ Еліне көшуді бүгіннен бастауы керек!

Ондағы туып-өскен атамекендері өзгеелдің қолында қалсада, алдынан қандай қиындықтар мен сәтсіздіктер күтіп тұрса да «Нартәуекел!!!» деулері керек. Туған жерін кім оңай қиып кете алсын?! Сонда да ұрпақтарын сақтап, тек қана Қазақ, Мұсылман болып қалуы үшін басын сапарға тігуі, өзінің бір ғұмырын құрбандыққа шалуы керек!\r\n\r\nӘрбір есті Қазақ көш бұйдасын оң қолына ұстарда соңына қайырыла қарап тұрып, көзіне ыстық жас алып: “Қайырлы болсын Қазақ Еліне, Біз туып-өскен қайран жұрт!..” деген тілекті қоштасу сөзін айта кетуі керек!\r\n\r\nАлла қашанда шексіз мейрімді, әділетті, шебер ғой!..\r\n\r\nҚаншама ауыр һәм қасіретті болса да, өзі өскен қырқа-белестердің жусаны аңқыған саумал ауасы қандай жұпар болса да;\r\n\r\nӨзі көзін ашып, суын ішкен, жартастан атқылаған бұлақ сулары қандай тәтті болса да;\r\n\r\nӨзі желіге құлын байлап, жерошақ қазып, жуа теріп, күл төккен бабадан қалған сары жұрты – қимастықпен қаншама қолқа-жүрегін езсе де;\r\n\r\nЕрмен басқан, жел кеміріп, жаңбыр мүжіген ата-әже, туыс-бауырлар зираты  үнсіздік құшағында мүлгіп, көкірегіне улы шер құйса да;\r\n\r\nАлдынан Қазақ Елінің беймәлім өмірі мен күрделі ортасы күтіп тұрса да…\r\n\r\nБәрін-бәрін қайырып тастап, Елге көшулері керек!\r\n\r\nӨйткені, Қазақ Еліндегі «Күн сөнгенше сөнбейтін» ұлы болашақ, ғасырларға кететін ұлт абыройы, балаларыңыздың, немерелеріңіздің, шөберелеріңіздің кейін сізге айтар шексіз алғысы мен құрметі, еркін даладағы келешек алаңсыз өміріңіз – бүгінгіңізден мың есе қымбат, мың есе аяулы, мың есе сенімді болмақ, менің қадірменді бауырларым!!!\r\n\r\n \r\n\r\nKosh 4\r\n\r\n \r\n

Көш суреті – “Сен Қазақ” сайтынан алынды.

\r\n

“Алты Алаш” ақпарат

One Comment

  • Қазіргі ДӘУІР СЫРЫ да, УАҚЫТ ТЫНЫСЫ да бұрынғы қай-кездегімен салыстыруға келмейді. Мынау ЖАҚАНДАНУ кезінде… ҰЛТЫҢДЫ сақтап қалу үшін, ҰРПАҒЫҢНЫҢ болашағы үшін, тек ЖҰДЫРЫҚТАЙ жұмылып бірігуден басқа жол жоқ. Пендешілікке беріліп… бала-шағаңды түгелдей ассимилацияға мәжбүрлеп – ҚЫТАЙҒА – МОНҒОЛҒА – ОРЫСҚА – т.б. сияқтандырып аздырсаңдар – АТА-БАБА аруағына шет болып, ЕКІ ДҮНИЕНІҢ өкінішіне ұрынбауды ойлаған жөн. АЛЛАНЫҢ құдіретімен келген ТӘУЕЛСІЗДІКТІ иісі ҚАЗАҚ баласы ҚҰРМЕТТЕП… ЕЛ БОЛЫП БІРІГУДІҢ де, ҰЛТ БОЛЫП ҰЮДЫҢ да ең соңғы мүмкіншілігі екенін ҰҚҚАНДАРЫҢ ЖӨН. ЖАРАТҚАН ИЕМ ЖАР болып, КӨШ БАЙСАЛДЫ БОЛСЫН. Іске сәт…

Жауап жазу

Your email address will not be published.