Бейсенбі, Қыркүйек 21

Серік Мұратхан. Шығыс Түркістан: кеше, бүгін, ертең…

Қытай бодандығында қалған Шығыс Түркістан түріктерінің тағдыры бүкіл түркі жұртын ойландыруы керек. Бүгін Шығыс Түрікстан киген ноқтаны ертең бүгін тәуелсіз елміз деп отырған Орта Азия елдері кимес үшін Шығыс Түркістан тағдыры мен тарихына мән бермей болмайды. Олай болса осы атаулы тақырып жайлы ой өрбітейік.

Шығыс Түркістанның сәтсіз арпалыстары

Қазақ хандығы мен көшпенді Жоңғар хандығы арасындағы екі ғасырдан астам уақытқа созылған күресі Қазақ хандығын әлсіретіп, бодандыққа түсірсе, Жоңғардай алып елді жер бетінен мүлде жойып жіберді. Жоңғар мемлекетінің құлауымен бірге Жоңғария даласын мекен еткен Түркі жұрты енді жаңа отаршылдар – қытай елін билеп тұрған Мәнжу мемлекетінің бодандығына түсті. Әмірсананы 1757 жылы тыныштандырған Мәнжу билігі Жоңғардың қол астында болған Шығыс Түркістан түрктерін толық жаулауға кірісіп кетті.

Мәнжу империясын негіз еткен қытай жаулаушыларына Шығыс Түркістандағы түрктердің күресі алғаш Мұхаммед Яқупбек атымен байланыты болды. Ангиля жане Осман империясынан қолдау алған Яқупбек 1865-1877 жылдары Индияны билеп отырған Англия еліне арқа сүйеп ілгерінді-кейінді қытай-шүршіт шапқыншыларына жойқын соққы беріп, Шығыс Түркістанның оңтүстік бөлігін толық қамтыған, Қытай мен Ресейге тәуелсіз мұсылман мемлкетін құруға тырысты. Яқупбекпен бірігіп, Шығыс Түркістан өңірінде күреске қатысқан Кенесарыұлы Сыздық сұлтан бастаған Қазақ батырлары да болды. Алайда өз қол астындағы қазақтардың Яқупбек жолын ұстанып кетуінен алаңдаған ресей патшасы Іле сұлтандығын басып алып, Мәнжу үкіметіне көмек қолын созды. 1877 жылы Яқупбекке у беріп өлтіріліп, Шығыс Түркістанды қытай қолбасшысы Цзо Цзунь Танның жорық жасап, Шығыс Түркістанды толық басып алып, 1883 жылы Шыңжаң деп өзгертіп, толық Мәнжу билігіне өткізді.

Шыңжаң атымен бірге Шығыс Түркістан толық отарлық қамытын киді. Одан кейін де Алахан көтерілісі (1867-1881), Бөке батыр (1901-1903), Сәбит Дамолла, Қожанияз, Әліп Үкірдай (1933-1934), Есімхан-Ырысхан-Ақтеке (1939-1943), Оспан батыр (1940-1951), Әкбар-Сейт (1944-1947), Қалибек-Тәкіман (1944-1951), Қалман Ақытұлы-Дәлелхан балуан (1958-1960) қатарлы адамдар бастаған жеке-жеке неше ондаған ұлт азаттық көтерілістері Қытай жане Ресей, Советтік қызыл үкімет жағынан аяусыз жаншталып, Қытай отаршылдары Шығыс Түркістанды толық жаулай түсті.

Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілістерінің ішіндегі ең биік өреге көтеріліп, жеңісті соғыстар жүргізілген көтеріліс қазақтар мекендеген солтүстік шыңжаңдағы Шығыс Түркістан Республикасы құрылып, Тәуелсіздік жариялауы болатын. Бірақ ішпен сырттан бірдей астасқан қызыл совет үкіметі жас мемлекетті қызыл қытай үкіметіне жығып беріп, Шығыс Түркістан бесігінде тұншықты.

Ұйғырлардың қайта оянуы

 

1933 жылғы Қожанияз-Сәбит Дамолла көтерілісінен кейін оңтүстік Шыңжаңдағы жеті шаһарды мекен еткен. Бұл күнде жан саны 15 миллионға жеткен Ұйғыр түріктері тыныштыққа шомды. Олар сонау Оспан батыр бастаған Шығыс Түркістан қазақтарының көтерілісі кезінде де орайды қолдан бермей Қазақ түрктерімен бірігіп, отаршылдыққа қарсы ат қойғанның орнына 1949 жылы Қытай қызыл үкіметін жеті шаһардың сыртынан ақ нандарын көтеріп, қуана қарсы алып, бағынышты екендіктерін бірден білдірді. Ұйғырлар қызыл үкіметке сенгені сонша өздерінің ақсұйек жетекшілеріне қарсы күресті қытайлармен біріге кең көлемде өрістетіп, қытай үстемдігіне қарсы болып келген Қожа әулеттерінің тұқымын тұздай құртты. Олар Қытай қызыл үкіметі жасаған саяси реформадан кейін ел экономикасын көтеруге жаппай атсалысып, қытай қызыл үкіметіның қыспағы мен қинауына төзе отырып, комунистік үкіметпен етене болып кетті.

1991 жылы әлемнің жартысын билеп тұрған Совет Одағы шылпара ыдырап, оның орнына Тәуелсіз Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркіменстан қатарлы тәуелсіз түрік мемлекеттері шаңырақ көтергенде ұйғыр зиялылары шырт ұйқыдан шошып оянды. Олар сонда ғана өздерінің әлдебір елдің отарына түсіп, рухани азып-тозып бара жатқанын сезінді. Сонымен «Басқа түркі бауырлар тәуелсіздік алып жатқанда бізге неге болмасқа!» деген асығыс ойдың жетегімен шынайы тәуелсіздіктің қадыр-қасиетін танып кетпесе де асығыс қадамдарға барды.

1993-1996 жыл аралығында ұйғырлар арасында ондаған қарулы қақтығыстар орын алып, жеке-жеке «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», «Дүниежүзілік ұйғыр құрылтайы» құрылды. Тіпті, кейін келе «Шығыс Түркістан» атауынан толық бас тартып, «Ұйғырстан» туын ашық қөтеріп шықты. Ұйғырлар Орта Азиядағы Түріктердің тәуелсіздігінен шабыт алып, күрес жолына түскенімен, күрес тактикасын дұрыс таңдамады. Ұйғыр жетекшілері тек жалаң ұйғыршылдыққа бой алдырып, ұйғырларды бөлектеп, Шығыс Түркістандағы өзге түрік халықтарымен байланысты жоғалтып алды. Олар Қытайға қарсы күрес майданында жалғыз қалып, радикалды түрде сонау 1993 жылдары еш дайындықсыз қарулы бүлік жасап, Қытай үкіметін үркітіп алды. Ұйғыр жетекшілері Рабия Қадыр, Қаһарман Қожамбердиевтар жеке дара күрес жүргізіп, ұйғыр күресінің масштабын тарайтып, Қытайға қарсы күресте «Ұйғырстан» туын көтеріп, өздерін майданда жалғыз қалдырды. Бұл жайлы «қытайдың ұйғырға құрған үш қақпаны».

«Төрт құрту» саясаты

Шығыс Түркістанды жаулау үшін бір жарым ғасырға созылған күрес қытай қызыл үкіметі билікке келгеннен кейін айрықша екпін ала түсті. Қытай үкіметі әр рет билік ауысқанда қадам сайын өз жоспарларын іске асыра түсті. Әр көсем сайын өзгерген саясатты «төрт көсем жане төрт ұран» (http://www.azattyq сараптауынан оқи аласыздар.)

Қытай үкіметі соңғы 20 жылда өз территориясы бар, тарихта қытайдан тәуелсіз болған аз санды ұлттарға болған отарлау саясатын аса тездікпен жүргізді. Олардың соңғы жылдардағы озбырлық саясатын төмендегі төрт тармаққа жинақтауға болады.

 

Бірінші: Дінсіздендіру – қытай қызыл үкіметі алғаш құрылған күннен бастап өз бодандығына алған халықтардың дінни сенім бостандығына қол сұғып келді. Қытай ата заңында «Азаматтардың дінни сенім бостандығы болады» дегеніне қарамай Қытайда мектепте, жоғары оқу орындарында оқып жатқан тәлімгерлерге, үкіметтен жалақы алатын мемлекет қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, партия мүшелеріне діни орындарға барып, дінни жоралғыларды орындауға, дінни кітаптарды оқуға қатаң тыйым салынған.

Екінші: Тілсіздендіру – Қытай үкіметі «Қытай Халық Республикасының негізі ата заңына сай» ұлттық автономиялы өңірлерде жергілікті халықтың тілін сақтауға, мемлекеттік тілмен қатар қолдануына жағдай жасау тиіс болатын. Бірақ соңғы жылдары Қытай үкіметі «Ұлттық автономия заңын» мүлде қайрып қойып, ұлттық автономия өңірлерінде ашықтан-ашық дөрекілікпен жергілікті халықтың тілін жоюға кірісті. «Қос тілді оқу-ағарту саясаты» деген атты жамылғанымен аз ұлттар қоныстанған өңірлерде қытай тілін қытайлармен теңдей білмесең жұмысқа орналасу мүлде мүкін емес болды.

Үшінші: Жерсіздендіру – Қытай үкіметі «жер мемлекеттікі» деген саясатты ұстанады. Бірақ мемлекет иесі ханзу ұлтына келгенде «жер мемлекеттікі» деген заң заңдық күшін жояды. Қытай еліндегі ханзу ұлтынан шыққан байлар аз санды ұлттардың елу жылға дейін заңды түрде жалға алған келсім-шартты бұзып, заңды белден басып, жергілікті халықтың пайдаланып,ө мір сүріп отырған жерін тартып алып, әртүрлі мақсаттарға пайдалануда. Бұл Шығыс Түркістанда өте белсенді жүруде. Әсіресе, шұрайлы жайлымдармен суы мол егістіктерге ие қазақ жерлерін заңсыз, зорлықты күшпен тартып алып алуда. Оған дәлел Боғда тауы баурайында жане Алтай, Іледегі жер даулары мен қақтығыстарын мысалға келтіруге болады.

Төртінші: Ұрпақсыздандыру – Қытай үкіметі 1978 жылдан бастап «аз балалы болу, кешігіп балалы болу, сапалы балалы болу» саясатын жолға қойды. Алайда бұл заң сайда саны, құмда ізі жоқ, нопос, тіркеусіз жүрген жүз миллиондаған ханзу ұлтына атқарылуы мүмкін болмады. Сонымен «аз балалы болу» саясатының кесірін тұрақты тіркеуі, қоныс бар, үкімет бақылауында отырған қытайдағы аз санды ұлттар көрді. Қытай үкіметі бала тумағандарды шабыттандырып, ақшалай сыйлағанымен қоймай, үкімет рұхсат берген соңғы баласын тууға келген әйелдерді иесінің жане әйелдің рұхсатынсыз «балалы болмау операциясын» жасап тастап отырды. Осындай оспадарлық заңсыздықтан кейін кейбір жалғыз баласынан айрылған аналардың қайта балалы болу мүмкіндігі болмай, ауыр азаппен жынданып кеткендері де кезікті.

Қытай үкіметі соңғы жылдары демографиялық жағдайға байланысты хан ұлтына екі балалы болуға рұхсат бергенімен аз санды ұлттарға әлі де қатаң саясат ұстанып отыр. Қытай ақпарат құралдарының аз балалы болуға жасаған үгіт-нәсихаты мен экономикалық жақтан алдауларынан кейін көп санды ата-аналар өздігінен ұрпақты болудан бас тартып жатыр. Қытай үкіметі әртүрлі тәсілді толық пайдаланып, аз ұлттарды ұрпақсыздандыруға күш салуда.

 

Үрей мен қауіп

Шығыс Түркістандағы көп санды ұстайтын ұйғырлар сонау 1993 жылдардан кейінгі бірнеше дүркін қанды қақтығыстары қытай үкіметіне жақсы сабақ болмады. Олар осы сәтсіздіктен тәжірибе алып, ұлттық автономиялы аймақтарда заңға сай әрекет еткеннің орнына аз санды ұлттардың тіліне, дініне шектеу қойып, тіршілік көзі – жеріне ауыз салды. Соңғы жылдары Шығыс Түркістандағы бұрыннан бар ұлт-азаттық идеяны ту еткен ұлтаралық қайшылық енді ашық әлеуметтік теңсіздікке, ұлттық кемсіту, қорлауға ұласып, Шығыс Түркістандағы жергілікті халықтардың қытай үкіметіне болған наразылығын күшейте түсті. Шығыс Түркістандағы ұйғырлардың радикалдық бағытты ұстанған ұлтшылдары қытай құрсауынан қашып шығып, Ауғанстан, Сирия, Пакстандағы қарулы күштерге қосылып, сонда жаттығудан өтіп, керек кезінде Шығыс Түркістанға қайтып келіп, теракт жасауға ұрынды. Әсіресе АҚШ үкіметінің Ауғанстаннан әскерін шығаруы – Шығыс Түркістандағы ұйғыр радикалдарына үлкен орай болды. Олар Пакстан, Ауғанстанды артқы база етіп, сол елдегі діни радикал күштермен астасып, Шығыс Түркістандағы қытай үкіметіне үрей салуға әрекеттенуде. Соңғы жылдары Қытай үкіметінің қыспағы ұйғырларға ғана емес, сол елде жасап жатқан ек миллионнан астам қандастарымызды да қыса бастады. Өз үкіметіне арқаланып, елірген ханзулар қытай үкіметіндегі жемқор билікпен сыбайласып, аз ұлттар қоныстанған өңірлерде өз ойына келгенін істеді. Мұндай жүгенсіздік Шығыс Түркістандағы Қазақтар мен қытайлар арасында да қақтығыстар алып келді. Бірнеше жылдың алдында қытайдың Шіңгіл, Қаба аудандарында ашық қақтығыс болып, халық әрең басылған еді. Ал Боғда тауындағы Қазақтарға жасалған жүгенсіздіктен кейін үрміжідегі Қазақ жастары көшеге шығып, наразылық шарасын өткізуге талпынды.

Қортып айтқанда Шығыс Түркістандағы қазақ-ұйғыр тағдыры қыл үстінде тұр. Қытай үкіметі ұлттық автономиялы өңірлердегі зор ханзушылқты тізгіндеп, заңның әділ атқарылуын қадағаламаса, қайшылықты әділ жолмен шешуге тырыспаса,ә леуметтік теңсіздікті жоюға талпынбаса онда Шығыс Түркістандағы қазір әржерде бой көрсетіп, күннен күнге ұлғайып келе жатқан наразылықтар күшейіп, ұлтаралық қайшылықтар қанды қақтығыстарға ұласып, Шығыс Түркістан қытайдағы ең тұрақсыз өңірге айналуы мүмкін.

Түйін: 

Елімізбен шагаралас отырған Шығыс Түркістан, яғни, Шыңжаңдағы тұрақсыздық, ұлтаралық қақтығыстар, Қытай үкіметінің қудалау саясаттары елімізге өз ықпалын тигізбей қоймайды. Біздің ел үкіметі қытайдағы екі миллон қазақтың тағдыры жайлы да ойлануы керек. Олардың бәрін көшіріп алмаса да сол елде тұрып жатқан қазақтардың тілінен, ділінен салт-дәстүрінен айрылып қалмауына адамгершілік, бауырластық тұрғыдан қолдау көрсету керек. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардан пайдаланып, қазақтар қоныстанған өңірлерде қазақтың мәдени күндерін, мәдениет орталықтарын ашуға ықпал ету керек. Бұл өз кезегінде қытайлардың Қазақстанда ашқан мәдениет орталықтары, тіл орталықтарына жауап негізінде болады.

Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі Шығыс Түркістанда қуғынға ұшыраған ұйғыр радикалшыларының тығынатын, тыныстайтын жеріне айналмауы керек. Біз ұйғыр халқының тәуелсіздік алуын қолдаймыз, құрметтейміз. Бірақ кейбір қылмыстық топтардың елімізге келіп бой жасырып, Тәуелсіздігімізге, халқымызға қауіп төндіруінен, арандатудан сақтануымыз тиіс деп ойлаймын.

 

“Алты Алаш” ақпарат

 

 

 

7 Comments

  • Менің көзқарасым қажет болса, Қытай мемлекетімен арадағы достық рас болса, алдағы ЕКІ ЖЫЛДЫҢ көлемінде, Қазақ атаулының барлығын… түгелдей көшіріп алған жөн. Қазақты ҚАЗАҚСТАНҒА көшіруге көмектесу – ҚЫТАЙДЫҢ достық көмегі болса, БОСАҒАН ЖЕРДІ – қытай мемлекетінің меншігіне беру – ҚАЗАҚТЫҢ достық көмегі болмақ ?! ӨЙТКЕНІ – ҚАЗАҚҚА КЕРЕГІ – ОТАНДАСТАРЫ БОЛСА, ҚЫТАЙҒА КЕРЕГІ – ЖЕР КӨЛЕМІ ЕКЕНІ РАС…

  • еркін-бек

    қытай өз көрін өзі қазып жатыр, көк көздер көр қазпағын ашып түсге дайын. тек тыныштық берсін! мөңкіп кетіп, қара көзден қанды жас ағызып жүрмесе болды!

  • еркін-бек

    қытай үкіметі әбден іріп-шіріп, қан алмаспай, жөні түзу шпион да қалмады. көбісі ішкі қақтығыс(қытайда жүріп жатқан үкіметшілдер мен парақорлар таласы) пен айналысып кетті. жоғарыға жөндеп хабар беретін адам жоқ! әбден шатасқан деген осы! )))))

  • еркін-бек

    Мақпал деген қай тексіздің ұрпағы!? қытайдың қойнында жатып шыққан арсыздың біреуі емессің бе өзі!!!

  • Мақпал

    Серік Мұратхан нені аңсап жүрсің Қазақстанды ұнамаса келген жағыңа марш шығыс түркістаныңа жоғал.

  • бек

    Қазақ пен Жоңғар соғысы 3 ғасырға созылған ғой. дұрыс жазыңдар.

Жауап жазу

Your email address will not be published.