Дүйсенбі, Қаңтар 22

Алмас Сырғабаевтың «Ұлы дала тарихы» атты сурет көрмесіне шақырамыз!

 \r\n\r\nЕртең, яғни 29-шы мамыр күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен талантты жас суретші, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің түлегі Сырғабаев Алмас Болатханұлының кітап графикасынан 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Ұлы дала тарихы» атты сурет көрмесінің салтанатты ашылуы болады.\r\n\r\nБұдан біраз жыл бұрын республикалық «Ұлан», «Балдырған» сынды балалар басылымдарында жемісті жұмыс істеген жас талант, есімдері елге белгілі көптеген ақын-жазушылардың кітаптарының безендірушісі болған.\r\n\r\n2009 жылы М.Мақатаевтың 80 жылдық мерейтойына байланысты Қазақстан Жазушылар Одағының және Қаламгер-media ашық акционерлік қоғамының демеушілігімен жеке көрмесі Республикалық көлемде аталып өтті.\r\n\r\n2011 жылы «Википедия», «Викибілім» қоғамдық қорында мультилликатор суретші болып жұмыс жасады.\r\n\r\n2012 жылы «Диалог Еуразия» платформасының ұйымдастыруымен Түркияның үш қаласында (Стамбұл, Бурса, Измир) шығармашылық көрмесі қойылды.\r\n\r\n2013-2014 жыл «Ертегілер елінде» балалар журналында бас суретші, қазіргі таңда Астана қаласындағы ТОО «Interactiv Kazakstan» компаниясының суретші иллюстраторы ретінде қызмет атқаруда.\r\n\r\nСуретші Алмастың негізгі тақырыбының бірі – ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығы хақында да жемісті еңбек етті. Тынымсыз еңбектенудің нәтижесінде ол 2007 жылы Мұқағалидың «Райымбек, Райымбек!» тарихи дастанының желісі бойынша сериялы графикалық суреттер жинағын кітап етіп шығарды. Бейнелеу өнерінің өз адамына айналған Алмастың шығармашылық ізденістері талғампаз өнерсүйер қауымы тарапынан жақсы бағасын алып келеді. Алмастың еңбектері 1998 жылы Астанада өткен халықаралық «Шабыт» фестивалінде, 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығында, 2007-2008 жылдары Талдықорған қаласында өткен жеке көрмесінде қойылған.\r\n\r\nОн күнге жуықсозылатын көрме Астанақаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасыныңғимаратында өтеді. Аталған көрмеде қасіретті жылдары жазықсыз жапа шеккен қуғын-сүргін құрбандары мен Алаш көсемдерін суретпен сөйлете білген Алмас Сырғабаевтың көптеген жаңа туындылары өнерсүйер қауымның назарына ұсынылатын болады.\r\n

“Алты Алаш” ақпарат

\r\n 

Жауап жазу

Your email address will not be published.