Сейсенбі, Шілде 25

Нұрбол ҚАБИ. Мағжанның жұмбақ өлімі туралы аңыз бен ақиқат

 Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылды ма?

Бастауыш сыныпта – ана тілін, орта буында – әдебиетті оқыдық. Бала күнімнен Мағжанды сүйіп оқушы едім. Шығармаларын ерекше қызығып оқыдым, патриоттық рухқа толы өлеңдерінен нәр алдым. Соңғы кездері мені бір сұрақ мазалап жүр. Барлық оқулықтарда Мағжанның өмірбаяны қысқа жазылатын, тиісішне бір ғана сөйлеммен аяқталатын. Әлі де солай. Онда: Мағжан Жұмабаев 1938 жылы наурыз айының 19-ы күні қайтыс болған делінеді. Мәселе әдебиет кітаптары яки Мағжан туралы тараудың қалай аяқталуында да емес, мәселе мынада болып отыр. Кейінгі кезде “Репрессияда Мағжан, Сәкен, Міржақыптар тірі қалған” деген сөздер ауыздан-ауызға айтылып та, жазба беттерінде жарыса жазылып та жүр. Жел тұрмаса – шөтпің басы қимылдамасы анық. Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатовтар туралы сәл кейінірек. Қазір маржан жырдың иесі Мағжан туралы һәм оның жұмбақ өлімі жайлы оқыған, естігендерімді ортаға салмақпын. Иә, репрессия кезінде Алаш жұрты «Алаштықтар» деп ат қойып, айдар таққан Мағжан Жұмабаев, Мәскеудің Әдебиет институтында білім алған зерделі ақынға саясаттың салқыны сезілмеді емес, сезілді. Сол кездегі салқын саясатқа Мағжан өз пікірін айтып, ұстанымынан танбағаны үшін де большевиктер қолынан келгендерін аяп қалған жоқ. Бір емес бірнеше рет түрмеге жапты, азаптап, қинап, соққыға да жықты. 1918 жылы алты айға қамалғаны аздай, 1929 жылы 10 жылға тағы да соттады. Оның жеті жылын Соловецк концлагерінде өтеді. Сосын Максим Горькийдің араласуымен 1936 жылы бостандық алады. Бірақ бір жылдан соң-ақ, 1937 жылдың 30 желтоқсанында «Жапон тыңшысы» деген жаламен қайта тұтқындалып, ең ауыр жазаға кесілгені тарихтан белгілі. Олай болса, жоғарыдағы сөздер қайдан шықты? Сонымен алдымда екі сұрақ тұр. Біріншісі, «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылмаған» деген сөз қайдан шықты? Екіншісі, Мағжан Жұмабаев 1938-де атылмағанына кімдер куә, қандай дәлел бар? Сонымен бірінші сұрақ: «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылмаған» деген сөз қайдан шықты? Ең әуелі болып «Мен Мағжанды көрдім» деп тарихты бір төңкеріп тастаған Бауыржан МОМЫШҰЛЫ болды.

Бауыржан МОМЫШҰЛЫ: Бауыржан Момышұлы «МЕН МАҒЖАНДЫ КӨРДІМ…»

  1948 жылы мен Сібірдегі 59-бригада командирінің орынбасары болып тағайындалдым. Кезекті әскери жаттығулар өткізіп жүрген кезімде ну орманның арасында отқа жылынып отырған бір топ адамды көріп, маңына жақындадым. Киген киімдері біртүрлі, әсілі сотталғандар болу керек. Олардан өзгешелеу, басында түлкі тымағы бар бір адам 10-15 метрдей жерде өз алдына жылынып отыр екен. Тегінде қазақ сияқты. Мен соған жақындап келіп, қазақша «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бердім. Ол менің сәлемімді ернін жыбырлатып қана қабылдап, түріме одырая қарады да үндемей отыра берді. «Бұл не қылған адам?» деп өз ойымды жинап алғанша, ол теріс қарап отырған күйінде:      – Маған жақындама, бәлем жұғып кетеді, – деді. Сол кезде барып менің есіме Мағжан түсіп, оның өлеңдерін жатқа айта бастадым. Ол сәл жібіп:       – Менің жағдайым қиын ғой, маған жақындамағаның дұрыс болады. Шамаң келсе, мені елге жеткіз, – деді. Мен оның қазақтың ақиық ақыны Мағжан екенін біліп, шамам келсе көмектескім келді де:     – Мен он шақты күннің көлемінде қайта ораламын. Сол кезде дайын болып тұрыңыз, – дедім. Он шақты күннен кейін уақытым болмай, қайтып келе алмадым. Бір айдан кейін келсем, түрменің бастығы маған оның сал айдап жүріп суға кетіп қайтыс болғандығын айтты                                                    (Қаһарман Бауыржан Момышұлы, 98-бет. Алматы, «Өнер» баспасы, 2008 ж.) Сөзіміз дәлелді болсын. Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті ғана болатынмын. Кезек әдебиет сабағы болатын. Пән мұғалімі – Кенжеахметова Зәмзәгүл Сейітқызы. Таныдыңыз ба? Бұл кісіні танымасаңыз мына кісіні танырсыз? Сейіт Кенжеахметұлын айтамын. Сейіт Кенжеахметұлы мен Зәмзәгүл апайды не үшін сабақтастыра, байланыстырып отыр деп ойлап отырған боларсыз. Онда айтайын,  Зәмзәгүл апай Сейіт Кенжеахметұлының қызы. Бауыржан атамызды көзімен көрген апайымыз бірі һәм бірегейі осы кісі.  Зәмзәгүл СЕЙІТҚЫЗЫ: «БАУЫРЖАН АТАМЫЗДЫҢ МАҒЖАНДЫ КӨРГЕНІ РАС»           Зәмзәгүл апайдың сабағы еді. Көп күтпедік, келді. Келгеннен-ақ, «Мағжан…» дегенің деп сөз бастады. Сейіт Кенжеахметұлымен, яғни әкеммен Алматыға, жазушылардың бір жиналысына бардым. Ол кезде әлі бала едім. Бір кезде екі кісі екі қолынан демеп бір кісіні алып келіп, орындығына отырғызып жатыр. Алып денелі, ірі кісі екен. Бала болсам да, Бауыржан атам екенін бірден білдім. Бауыржан Момышұлының Мағжанды көргені рас. Бауыржан атам Мағжанды алып кетуші еді, бірақ Бауыржан ата әскери киімде болғасын, Мағжан одан қорқып қашып кеткен. Неге десеңдер, Мағжан ол кезде НКВД-дан көп зорлық-зомбылық көрген болатын. Зәмзәгүл Сейітқызы, соншалықты қорлауына «Тыңшы» деп танылғасын ба, әлде басқа да себептері бар ма? –         Ол кезде «Үштік» атты Одақ болатын. Кімде кім белсенділік таныта бастаса болды, «Үштік» Одақ соларды апарып қамайтын. «Үштік» Одақ ойына келгенін істей алатын. Билік соларды болды емес пе?.. Көшеде келе жатқан кез-келген кісіге «Сен куәгерсің, мында қолыңды қой» деп қол қойдырып, сол қолдың күшімен «жемтіктерін» «Сен, Совет үкіметіне қарсы шықтың» деп апарып қамап, азаптап, соңында атқан. Ал, Мағжанның айыбы – өлеңі. Оларға өлеңдері үшін де айып тақты. Мағжан басқа «Алашордалықтарға» қарағанда өте бір сондай маржан тісті ақын болатын. Мағжанды қинағанда да тісін жұлып қинайтын. Сондықтан да болар, тамақ іше алмай, аштықтан қайтты. Зәмзәгүл Сейітқызы, сонда қазақ зиялыларының «сатқындығына» куәгерлік еткен кім? –         …танымайсың ғой. Бір өтірікші болған. Торғайлық. Өтірікш болғанда да суайт еді.  Әрі араққа жақындау еді. Аты Айса. НКВД-ның адамдары Айсаны ұстап әкеліп, «жемпіктеріне»  куәгер ретінде қолын қойдырып алып жібере салатын. Солай қаншама адамды ұрып-соқты, қаншамасын жазықсыз қамады, қаншамасын атып та тастады. (Төмен қарай қарап, мұңайған қалпында «Жер хабар бермесін» деп, бір күрсініп алды) «Мағжан 1938 жылы атылды» деген пікірге мықтап бекінген болсаңыз, тағы бір дәлел келтірейін. Дәлел емес, куәгер. Жоқ, сіз ойлағандай емес, көзі тірі. Жасы тоқсанды алқымдаған Абдулла Абдрахманов ақсақал.

Абдулла ӘБДІРАХМАНОВ:

Абдулла

1951 ЖАЛҒА ДЕЙІН МЕН МАҒЖАНМЕН КОЛЫМАДАҒЫ БЕРЕЛЕ ЛАГЕРІНДЕ БІРГЕ БОЛДЫМ 

 Абдулла Әбдірахманов 1921 жылы Атырау облысының Жылой ауданына қарасты Ақкиізтоғай ауылында дүнеге келген. Ол кезде бұл жер Амангелді ауыл советі деп аталған. Әкесі Әбдрахман Айғыров осы маңдағы 1800 жылдары салынған белгілі Дүйсеке ата мешітінде білім алған, қазіргі тілмен айтқан дипломды діни маман болған. – 1938 жылы алдымен әкемді ұстады. «Халық жауы» деп  бір түнде ұсталған 27 адаммен бірге Гурьевтегі НКВД абақтысында 9 ай тергеу-тексеруден өткізген соң маған беймәлім себеппен босатты. Алайда кейін колхоздың ат-есегін бағып күнелтіп жүрген әкемді соғыс басталған тұста 1941 жылы қайта ұстап әкетті. Кейін НКВД түрмесінде Шымкентте өлгенін білдім. Бейбіт заман туған соң Шымкенттегі саяси құрбандар жерленген орынға барып дұға қылып, осы жерде әкем жатыр деп, сол қорымға белгі қойып кеттім,-дейді ол.

 НКВД  ОНЫ «ЖАПОН ТЫҢШЫСЫ» ДЕП ТАНЫДЫ

Абдулла АБДРАХМАН

Соғыс жылдары Абдулла ақсақал Қосшағыл кенiшiнде оператор болып жұмыс iстеген едi. “Бәрi – майдан үшiн, бәрi – жеңiс үшiн!” деген ұранмен  бел шешпей еңбек  еткен 22 жастағы жас жiгiт ештеңеден аянып қалмаған-ды. Соғыс аяқталған соң да сол кәсiбiнен танбаған. Сөйтсе, репрессияның қанды  шеңгелi  әлi тыншымапты, тартар азабы да әлi алда екен. 1948 жылғы маусымның 6-сы күнi түнде  НКВД жендеттерi оны да алып кетедi. – Бiр ай абақтыда ұстаған соң, этаппен айдалып кете бардым. Сот маған “әкесi – халық жауы, өзi – Жапонияның агентi, Иранның десанты” деген кiнә тақты. Ал мен бар болғаны 3 кластық бiлiмiм бар, Жапония мен Иран тұрмақ, Гурьевтен аттап шықпаған адаммын. Оны кiмге дәлел қылып айтасың? – дейдi Абулла Әбдiрахманов. – Жендеттер мойындамасыңа қоймайды. Тырнағыңның астына ине тығып, қайта-қайта ұрып-соғады. Күнi бойғы жауаптан әбден әлсiреп, есiң танып құлайсың. Үстiңе шелекпен мұздай су құяды, сiлкiнiп қайта түрегелесiң. Бұны ендi қайтып көрсетпесiн. Бұл туралы тiптi айтуға тыйым салынған, “жазаңды бiзде өтегенiң туралы ешкiмге айтпайсың” деп қол қойдырып алады. Осылайша “жапондық тыңшы” жазасын өтеу үшін Магадан облысының Сусуманск ауданына аттанады. Абдулла Әбдiрахманов өзi тарқатып айтпағанымен, әңгiмесiнен  ол сол кезде СССР-дегi ең ауықымды саналатын Магадан облысындағы Дальстрой – жол және  өндiрiстiк құрылыс тресi жүйесiндегi ЗапЛаг-та болғаны-ау деп шамаладым. ЗапЛаг 01.04.32ж. ашылғаннан берi бiрнеше мәрте қайта ұйымдастырылған СевВостЛаг құрамында болған. – Маған «әкесі халық жауы, өзі Жапонияның агенті, Иранның десанты» деген айып тағады. Ал мен бар болғаны 3 кластық білімім бар, Жапония мен Иран тұрмақ Гурьевтен аттап шықпаған адаммын. Оны кімге дәлел қылып айтасың? –дейді  Абдулла Әбдірахманов. – Әрине тергеушіге  кінәсіздігімді айтып түсіндіруге тырыстым. Бірақ оны  тыңдаған ешкім болды, олардың мақсаты мойындатуға қол жеткізу. Күні бойғы жауаптан әбден әлсіреп, есің танып құлайсың. Үстіңе шелекпен мұздай су құяды, сілкініп қайта түрегелесің. Тырнағыңның астына ине тығып, ұрып-соғады. Не үшін?! Бұл азапқа ешкім де төзбейді, бірнеше күннен соң, берген қағаздарына қол қойдым. Бір айдан соң Абдулла  Әбдірахмановты Гурьев облыстық соты СССР ҚК 58-бабының 10,14-тармақтарымен түзеу-еңбек лагеріне 10 жылға  айдауға жіберіледі. Осылайша «жапондық тыңшы» жазасын өтеуге Магаданға аттанады. – Мені Сусуманск маңындағы алтын өндіретін кеніште қара жұмысқа салды. Ол жерде 9 ай қыс, 3 ай жаз болатын еді. Сондықтан қыс бойына жерді қазып топырақты үйе беретін едік те, жаз шығып, жер жібігенде құммен араласа шыққан алтынды сүзгіден өткізетінбіз. Арасында 6 ай Чукоткада да жұмыста болып, кері оралдық,- деп еске алады дейді ақсақалмен тілдескен Сания ТОЙКЕН.                                                          

АББУЛЛА АҚСАҚАЛ МАҒЖАННЫҢ ҚАБІРІН ІЗДЕП    МАГАДАНҒА ДА БАРДЫ
А.Абдразманов Осы күнге дейін «Мағжан ақын 1938 жылы атылды» делініп келгенімен, онымен соғыстан кейінгі Колыма лагерлерінде бірге болған Абдулла Әбдірахманов  ақынның аштық пен аурудан 1951 жылы қалай көзжұмғанын көргенін айтқан. Осы материалдан соң Мағжан Жұмабаевтың қабірін іздеуге арналған экспедиция Ресейдің Магадан облысына барып қайтты. Делегацияны «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек СӘРСЕНБАЙ басқарды. Оның құрамында «АЖ» тілшісі мен құлсарылық Абдулла Әбдірахмановтан басқа да Мағжан ақынның туыстары  Райхан ЖҰМАБАЕВА және Шәйзада БЕКІШЕВАЛАР  болды.         Магаданда болғанда Абдулла ақсақал әңгімесін қайта өрбітіп: – Көз алдымнан бәрі кино құсап заулап өтті. Осы жерде алтын қаздық, оны мына өзенде жудық. Үш ай жазда алтынды сүзіп үлгеруің керек. Қыста  суық 60 граудсқа дейін барады. Бет қаратпайтын аяз басталады, – дейді Абдулла ата.  Атаның көрсетуімен ақын тұрған барактардың ескі жұртына бет алдық. Ол қиқы-жиқы салынған жер үйлердің арасымен жүріп кетті.  – Осы тұс, мына жерде қатар қатар біздің барактар тұрды. Ал қасымыздағы еңсесі биік баракта Мағжан Жұмабаев тұрды. Мынау аула болған, ара-арасында тиіп қашып тіл қатысатынбыз, – деді ата көзі жасқа тола.  – Көзі жұмылғандардың бәрін апарып, осы маңға көме салатын. Оның ешқайсысын бөліп, арулап жерлемейді. Тек ішіндегі атақты зектарға ғана басына белгі орнататын. Онда да қада қағылып, есімі ғана жазылатын. Дұрыстап қараңдаршы, «1951 жыл. Сергей не Алексей» деген жазуды көрсетсеңдер болғаны. Мағжанды сол тұсқа көмген, – деген Абдулла ата бізді артқа тастап зираттарды аралап кетті. Магадан

                          (Осы қорымның бір бұрышында ұлы ақынның мүрдесі жатыр-ау…)

 – Мағжан Жұмабаевтың жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері қандай еді?    – Мағжан кербез жүретін (ата оның жүрісін салып келтірді). Сөйлегенде адамға тіке қарамай, мойынын бір жағына бұрып, қырындау отыратын. Даусы жұмсақ, биязы еді.  – Мағжан айтқан әңгімелерден есіңізде не қалды?   – «Алаш» партиясының мүшесі болғанын, оның басшылары мен қолдаушыларының түгел дерліктей қуғындалып, қамалғанын айтқаны ойымда қалыпты. Жұмабай Шаяхметов – Сталиннің оң қолы болмақ, Сәбит Мұқанов – Голощекиннің сол қолы болмақ, Асқар Тоқмағамбетов – Мәйкевский (Маяковский дегені – С.Т.)- болмақ көрінеді дейтін. Сәбит Мұқановтың түрін бір көрсем деуші еді. Неге олай дейтінін іштей ұғатынбыз.  – Одан басқа не әңгімесі есіңізде сақталды?   -Сәбиттен зәбір көрген ау шамасы. Қазақ зиялыларына жасалған қиянаттардың шет жағасын шығаратын. Қасындағылардың жау болып шыққанын айтатын еді. Бірінші рет  Сібір жақта отырып келген екен.  Елде жүргенінде Сәбит Мұқанов  жәрдем етіп, жұмысқа алдырыпты. Кейін «бұл шіріген жұмыртқа тағы шіріп жатыр» деп  хабарлапты. Соны айтатын. Ол (С.Мұқанов – C.Т.) мәдениет, өнер саласындағы барлығын соттатты, тек жалғыз кісіні алып қалды деді. Онысы ридәксияда бастық болыпты, Түркіменстан жақтың тумасы болған. – Мағжан Жұмабаевтың қайтыс болғанын қалай білдіңіз?   – Ертеңгісін жұмысқа апарарда сапта тұрғанбыз. Оның қайтыс болғанын естідік. Өліктерді жерлейтін арнайы адамдар болады. Солардың  әкетіп бара жатқанын көрдім. Қасына барып қоштасуға, жерлесуге күзетші әскер жібермеді. Іштей қамығып, көзге жас алдым.  – Мағжанның өліміне не себеп болды?  – Ол азапты көп көргендіктен денсаулығы нашар еді. Жұмысқа шықпай, ауырып жатқандарға 400гр. нан ғана беретін. Біз оған артылған нанымызды,шайымызды апарып беретінбіз. Шифер қайнатып ішетін. Өлер алдында ісініп, кеуініп, төрт тағандап жүре алмай қалды. Тістерінің бәрі босап, иектері ас жегізбейтін. Цингамен ауырды. Өмірден солай өтті.  – Мағжанның қандай өлеңдер жазғанын білесіз бе?   – Мен өзім сауатсыз адаммын. Оның үлкен ақын екендігін кейін білдім ғой. Аурудан арылмасын білді ме, ауылға жете алмасын ойлады ма,  бір күні бір сырты қапталған, су өтпесін деп  жазу жазылған, қолдан жасалған блокнотын берді. Көбін жәдитше және кейінгі әріппен жазған екен, мен оқи алмадым.  Оны «Алматыданмын деген қазаққа берерсің» деп аманаттаған еді. Елге жетерде поезда ұйықтап қалып ұрлатып алдым. Бұған әлі күнге дейін өкінем ( ата өкінішті үнмен өзін жазғыра сөйледі, күйінді).  (http://azh.kz/kz/news/view/1541)

Жоғарыда бейтаныс есімдерді байқаған боларсыз? Қайсы десеңіз есіңізге түсірейін «Мағжан ақынның туыстары…» деп келетін жері бар емес пе? Сол тұста Райхан ЖҰМАБАЕВА деген есімді байқаған боларсыз? Кім десеңіз айтайын, Райхан апайымыз, Мағжан Жұмабаевтың немере қарындасы. Інісі Қалижанның қызы. «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек СӘРСЕНБАЙ бастаған делегациямен бірге Мағжан атасының қабірін іздеп Колымаға жолға шықты.

Райхан ЖҰМАБАЕВА:

Райхан

КҮТПЕГЕН ХАБАР КОЛЫМАҒА ЖОЛ ТАРТТЫРДЫ

– Мен Мағжанның туған інісі Қалижанның қызымын, атым Райхан, – деп бастады әңгімесін сексенге келіп қалса да, ажарын бермеген апамыз. – Әттең, дүние-ай, ақын ағаның өзінен тікелей ұрпақ қалған жоқ, бірақ туыс-тума, жалпы Жұмабаевтар әулетінен Мағжан ағаның бар-жоғын түгендеп жүрген Қызылжарда, яғни туған жерінде Тасболат деген інісінің ұлы екеуміз ғана. Менің жасым болса – мынау, 77-демін, кәрілік күн санап өз дегенін жасатып, ауру-сырқау дегендер шыға береді екен ғой. Былтыр тамыз айында қатты ауырып, жансақтау бөлімінде жатқанмын. Сәл бетім бері қараған шақта маған Саят Жансүгіров хабарласты. Білесіздер ғой, Ілиястай ағамыздың ұлы. Екеуміз жақын дос, сырласпыз. Хабарласты да, халімнің біршама жақсы екенін сөзімнен, даусымнан білген соң: «31 мамырдағы «Жас Алашты» оқыдың ба?» деп сұрады. Ауырып жатып оқи алмай қалып едім, әйтпесе күнделікті баспасөзді қадағалап отырамыз ғой. Ауруханадан шыққан бойда әлгі газетті тауып, оқыдым. Сөйтсем, онда Атыраудың Құлсарысында тұратын Абдолла Әбдірахманов атты 92 жастағы қарт кісі кезінде өзінің Магаданда, Колыма лагерінде Мағжан ағаммен бірге отырғанын айтыпты. Әлгіні оқығанда төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей сілейіп отырыппын да қалыппын. Мәссаған, 1938 жылы атылып кетті деп жүрген ағамыз бертінге, 1951 жылға дейін тірі болыпты. Өз көзімен көрген адам міне тұр. «Егер туыстары болса, тіпті сол Мағжан жерленген жерді апарып көрсетіп, көрген-білгендерімді айтар едім, ақын аманаты әлі күнге мойнымда тұр, күні ертең арғы дүниелік болып кетсем, ол аманат мойнымда кетеді, екіншіден, қиянат жасаған болып табылам», – деген қария сөзінен соң өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей егіліп жылап алдым. Ол кісіге сол сәттен бастап ризамын, жасына қарамай, бізді сонау жер түбіндегі Магаданға бастап апарғанына да тіпті тәнті болдым. Тіпті 92 жастағы ол кісі түгіл, 77-дегі менің өзімнің сондай ұзақ жолға шығам дегеніме балаларым «бес минуты кем 80-десіз, ауруханадан шыққаныңыз да кеше» деп қарсы болды. Сонда да бой бермей «Мен бәрібір барамын, осыдан Мағжан ағам үшін жолда өліп кетсем, арманым жоқ» дедім. Расында, жол алыс та ауыр екен, қазақ текке «итжеккен» атамаған ғой: Мәскеуге дейін ұшақпен төрт сағат, ары қарай Магаданға дейін 12 сағат ұштық. Магаданның губернаторы қайта құдайына қараған азамат екен, әрі қарай Колымадағы лагерьге дейін тағы 650 шақырым кедір-бұдыр жолға төтеп беретін көлік пен қасымызға жол бастаушы адам қосып берді. Әйтеуір, әупірімдеп ит арқасы қияндағы Сусуман ауданына да жеттік қой. Ауылдың аты да қазақшаға ұқсайды екен өзі, Берелех деп аталады. Әбекең, Абдолла ағамыз, өзі отырған лагерьді көргенде жылап жіберді. Бір кездері көрген азабы, тозағы есіне түскен шығар. Мағжан ағамен сол жерде отырғанын, қалай көргенін айтып берді. «Қай қиырда жүрсе де, адам өз қанын іздейді екен ғой, лагерьден өзім секілді қазақты кездестіргенде ауылымды көргендей елжіреп, көзіме жас келгенін, сол сәттегі сезімді тілмен жеткізе алмаймын. Ал Мағжан ағаның бойынан ақсүйектігі білініп тұратын яғни қандай азап көріп, қандай жаман жерде жүрсе де, тектілігі білініп тұратын. Қайта-қайта «Сәбиттің көзіне бір қарар ма еді, шіркін» деп айтатын», – дейді редакцияға берген сұхбатында. – Сонда Мағжан ағамыз лагерьде қашаннан бастап отырған? – деген редакция сұрағына:

– «Атылды» деп шығарған 1938 жылдан 1951 жылға дейін сол азап лагерінде жүргенге ұқсайды. Бұл деректің шындығын растайтын бір адам да бар, ол – өтірік айтуы екіталай қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы. 1948 жылы соғыс біткен соң да әскери тапсырмалармен жүріп сол Магадан жеріне жолы түссе керек. Сонда «осындағы азап лагерінде қазақтың бір ақыны айдауда жүр» деген әңгімені естіп, әуелі естіген әлгі деректің растығына көз жеткізу үшін, екіншіден, оның кім екенін анықтау үшін барыпты. Сол жерде Мағжан ақынды көріп, таңғалып әрі оның аянышты халіне жаны ашып, намысы келіп, елге барысымен шығарып алуға кіріспек болады. Бірақ оны сезіп қойған сол кездегі басшылық Баукеңді шұғыл әскери бұйрықпен басқа жерге жібереді де, сол бойына екеуі кездесе алмай қалады. Әбекеңнің айтуы бойынша, Мағжан лагерьде 1951 жылға дейін отырыпты. «Бір күні, – дейді Әбекең, – Мағжанның тіпті жүруге шамасы  келмей, еңбектеп қалды». Қасына барып хал сұраған екен: «Аяқтарым ісініп кетіп, баса алмай тұрмын, еңбектемеске лаж жоқ» деп, сол еңбектеген күйі қара жұмысын істей беріпті. Қалай ауырмасын, өзі ол жердің қысы адам төзгісіз, 50-60 градус суық, одан мұзды судың түбінен құм алдырып, ол құмды елетіп, алтын іздетеді екен. Ал беретін тамақтары күніне небары 400 грамм нан ғана. Ауырмай қайтсін? Сөйтіп жүргенде көп ұзамай Әбекең таңертең далаға шыққанда сондағылардың аузынан «Магжан умер» деген қаралы хабарды естіген. Жүгіре жеткенде, ең аяныштысы сол, оны «қазақтың сондай бір беткеұстар тұлғасы-ау» деген ешкім жоқ, күрекпен алып, ары ысыра салған. Жалпы, лагерьде кім өлсе де, олардың жансыз денесіне қарап, рәсімін жасауға ешкімнің құлқы да, мүмкіндігі де болмайтындықтан, жан-тәсілім еткендер сол құлаған жерінде қала береді екен. Кейін барып оларды жинап әкетіп, бір жерге топтап көме салады. Соны естігенде қалай жыламайын?! – дейді alashainasy.kz сұхбатында.                                                             (http://alashainasy.kz/tan/33095/)  Мағжан атамызды көзімен көрген Бауыржан атамызды, Бауыржан атамыздың Мағжанды көргенін растаған Зәмзәгүл Сейітқызының да, тіпті Мағжанмен азап колониясында бірге болған Абдулла Абдрахмановтың да сөзін Шериаздан Елеукенов «Оның бәрі – лақап әңгіме» деп  жоққа шығарды. Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ, «Мағжан» атты монографиялық зерттеуі үшін Мемлекеттік сыйлық алған әдебиетші-ғалым. Ол кісінің пікірінше жоғарыдағы деректер, «тірі» куәгерлер, айтылған деректердің барлығы да – лақап әңгіме.

  Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ:

Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ    «ОНЫҢ БӘРІ – ЛАҚАП ӘҢГІМЕ»

 – 1995 жылы шыққан монографиямда мен Мағжанның қай жылы, қай күні атылғаны туралы 8-бөлімнің анықтама қағазын көрсеттім. Ал «Мағжан кейінгі жылдары да тірі болған» деген әңгімелердің бәрі өтірік. Ешкімнің ешқандай дерегі жоқ, бірінен бірі естіген, «анау айтыпты», «мынау айтыпты» деген лақап әңгіме әншейін. Бізде оның атылғаны туралы нақты құжат бар.  Бауыржанның оны қай кезде көріп жүргенін мен білмеймін. Мағжан 1938 жылы атылған.                                                                                                                                                                              (http://abai.kz/node/5542)  Осы орайда тарихшы-ғалым Талас Омарбековты айта кетпеу мүмкін емес. Ол кісінің ойынша ештемені де дәлелдеу мүмкін емес.

 Талас ОМАРБЕКОВ, тарихшы-ғалым:

Талас ОМАРБЕКОВ

 «БӘРІ БІР ЕШНӘРЕНІ ДӘЛЕЛДЕУ МҮМКІН ЕМЕС»

  – Бауыржан Момышұлының Мағжанды көргені туралы естелігі бары рас. Бірақ бүкіл құжаттарда «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атыл­ды» деп айтылады, солай қабылданған. Енді келіп «Олай емес екен, Мағжан атылмапты» деген әңгіме шығарудың не қажеті бар?! Бә­рібір ештеңені дәлелдеу мүмкін емес.        Жалпы, репрессия туралы ашылмаған ақиқат, айтылмаған әңгіме қалған жоқ. Бәрі жазылды, айтылды. Мағжан ақталды, кітаптары шығып жатыр. Басқа не керек енді?!                                                                                                                                                                                          (http://abai.kz/node/5542)  Хош, сонымен жоғарыдағы пікірлерді салыстырайық. Сізге түсінікті олу үшін кестені сөйлетейін. Сіз мұқият қараңыз.

«Мағжан Жұмабаев

1938 жылы атылған жоқ»«Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылды»«Атылмасын» мейлі «атылмасын»  1. Бауыржан Момышұлы: «Мен Мағжанды көрдім…»1. Шериаздан Елеукенов: «Оның бәрі – лақап әңгіме»1. Талас Омарбеков: «Бәрібір ештеңені дәлелдеу мүмкін емес»2. Абдулла Абдрахманов: «1951 жылға дейін мен Мағжанмен Колымадағы Берелех лагерінде бірге болдым»  3. Райхан Жұмабаева: «Атылды» деп шығарған 1938 жылдан 1951 жылға дейін сол азап лагерінде жүргенге ұқсайды»  4. Шайзада Бекишева: «Дәйек толық табылғанда ұлы ақынның НКВД жендеттері қолынан емес, Колыма түрмесінде қаза болғаны туралы анық айтылатын болады.»  5. Зәмзәгүл Сейітқызы: «Бауыржан атамыздың Мағжанды көргені рас»  Ортақ есеп.511 Сонымен, басқа  – басқа, сіз қандай ойға тоқтадыңыз? Сіздің ше Мағжан қай жылы қайтқан? Бірден жауап бере алмайсыз…

ТҮЙІН Мағжан Жұмабаев 1938 жылы қаза тапты. Біз әдебиетті, әдебиетті болғанда да  қазақ әдебиетін осылай оқып келеміз. Себебі ұстаздарымыз бізге осылай үйретті. Ұстаздарымызға да осылай үйреткен болар, сірә. Ал біз ше? Өзіміз «өтірік» оқығанымызбен қоймай, ертең киінгі ұрпаққа «өтірік» әдебиетті оқытамыз. Менің мамандығым мұғалім. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндеріміз біздерден әріп үйреніп, ана тілдерімен танысады. Ана тілі басталған сәттен-ақ кейінгі әдебиет өкілдері осы Мағжандармен танысады. Сонда оларға да «өтірік» айтамыз ба? «Өтіріктік құйрығы бір-ақ тұтам» деген де сөз бар. Мен бір ғана қазақ зиялысының өмірін қозғап, қазбаладым. Тек бір ғана Алаш зиялысының өмірінде қаншама былық, қаншама өтірік.  Ал басқа да қазақ зиялыларын не істейміз? Әлде тарихшы-ғалым Талас Омарбеков сияқты  «Бәрі-бір ештеңені дәлелдей алмаймыз», деп жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырамыз ба? Сіз не дейсіз?

НКВД

 Нұрбол ҚАБИ

Нұрбол ҚАБИ

Ату жазасына кесілгенімен қоймай, өз көрін өзіне қаздырған.

Нұрбол ҚАБИ

Ату туралы АКТ

Нұрбол ҚАБИ

Массагет.кз

Бұрын жариялаған; Алты Алаш – руханият

8 Comments

  • Жулдыз

    Сол Калымаға барып архивтерді ақтарып, мəлімет жинауға болмайды ма? Ешқандай құжат қалмауы мүмкін емес қой.

  • Қуанышбай

    менімше НКВД Алаш қайраткерлерін атылды деп жариялап атпай аяусыз азапты ауыр жұмысқа салып титықтатып қабарсыз құртуы әбден мүмкін \r\nСССР дың құпия архивтертерінен әлі талай шындық ашылуы мүмкін бәрі жас қайратты болды текке ата салмасы анық ақысыз тегін күш пайдаланған болу керек.АЛЛА АРЫСТАРЫМЫЗДЫҢ ИМАНЫН САЛАУАТ ЕТКЕЙ ШӘҺИТТІК ДӘРЕЖЕ БЕРГЕЙ.

  • Нұрғиса

    Мағжан ағамыздың жатқан жері жайлы болсын! Шериаздан Елеукенов пен Талас Омарбеков олай қарсы шықпасын олар тек НКВД деректеріне сүйеніп отыр олар ешқашан. Бауыржан ағамызбен Абдулла ақсақадың көзбен көргені ақиқат қо сондықтан келешек ұрпаққа Мағжан атамыз жайлы тың деректері кітапқа жазып қалдыруымыз керек.

  • Жұлдыз

    Алаштың арыстарының тағдырларын оқысаң сай-сүйегің сырқырап қабырғаң қайысады, жүрегің әр тағдыр үшін жылап, дәрі-дәрмекке жалынасың. Сонда байғұс қазаққа көзі ашық, сауатты болуда осындай құрбандықпен, орасан зор қасіретпен келген. Осы бір шындыққа қол жеткізген Тәуелсіздігіміз баянды болып келешек мұндай қасіреттен аман болсын.

  • Адай

    Кейинги урпактында осылай ой талкысына сала берген дурыс

  • Алаш арыстарына, Қазақ ұлтына жасаған қиянаты үшін есек орыстарды қалай сыйлауға болады? Меніңше, енді оларды аяудың керегі жоқ.

Жауап жазу

Your email address will not be published.