Жексенбі, Желтоқсан 17

Есмұхан ЖАНИЗИН. «Кебін киген келмейді, кебенек киген өлмейді»

Қазақтың біртуар ұлы Жұмекен Нәжімеденовтің әкесі Сабыреденнің соғысқа кеткенде Ашақ сорындағы ізін қара қазанмен жауып, атасының көп уақыт көңіл жұбатқаны көпшілік оқырманға таныс. Жетпіс бес жастың белесіндегі қарияның жау жолына белін буған жалғыз ұлға деген сартап сағынышын сейілткен сол қазанда қасиет-кие жоқ деуге болмас. Сабыр Нәжімеденұлының туған жерін, тоғыз жан үй-ішін сағынып жазған жыры ел ішінде сақталған нұсқасы бойынша былай айтылады:\r\n\r\nСөз бір арнап жазайын ата менен анаға,\r\n\r\nҚарындас бар, іні бар, кейінде қалған балаға.\r\n\r\nТоғыз тәулік жүгіріп тоқтадық барып,\r\n\r\nШыршық деген қалаға.\r\n\r\n \r\n\r\nӘкеліп казармаға қамап қойды,\r\n\r\nКүніне екі реттен  санап қойды.\r\n\r\nБәлки де бір заттары жоғалар деп,\r\n\r\nЕсікке екі-екіден солдат қойды.\r\n\r\n \r\n\r\nЕл сағынады ер адам шықпаса да далаға,\r\n\r\nТоғыз жаным қалып тұр, аманат та Аллаға.\r\n\r\nТастап бір кеттім далаға, дала емей немене,\r\n\r\nҚалай ғана сенейін асырайтын балаға.\r\n\r\n \r\n\r\nБоранбай, Қуатпенен жайлаған жер,\r\n\r\nҚадіриқал тәуір малды айдаған жер.\r\n\r\nБасқасын әлен-пәлен не қылайын,\r\n\r\nШылбырын Қарагердің байлаған жер.\r\n\r\n \r\n\r\nЖиырма, жиырма бес жыл жүрдім елде,\r\n\r\nСонда да ғашық болдым қайран елге.\r\n\r\nТөселген қызыл тастан тақтайдай жер,\r\n\r\nТеңелмес қызыл шағыл туған жерге.\r\n\r\n \r\n\r\n«Боздақтар» кітабында Стамғазиев Сабыр, қатардағы жауынгер, 1915 жылы туған. 1941 жылы тамызда хабарсыз кеткен» деген мәлімет бар.\r\n\r\n 

Жауап жазу

Your email address will not be published.