Дүйсенбі, Қаңтар 22

Серік Ақсұңқарұлы. Гүлбаһрам мен Аян (Ескерткіштің жобасы)

«Пойыз Көкшетауға келді. Балам қолымда мәңгілікке көз жұмды… Буынымнан әлі тайса да, Аянымның өлі денесін құшақтап, қалаға тарттым…»

\r\n

(Гүлбаһрам)

\r\n\r\n

\r\n\r\nЖүрегін осы ойранды жылдар пышақтап,\r\nКөшеде жүрген аруақтарға ұсап қап,–\r\nБарады әлі бұл әйел талай қалаға,\r\nМарқұм ұлының өлі денесін құшақтап!\r\n\r\nҚұлар ма екен бір аттап, екі… үш аттап,\r\nМолада жүрген аруақтарға ұсап қап;\r\nЖалақорлардың үйіне кіріп барады ол,\r\nМарқұм ұлының өлі денесін құшақтап!!!\r\n\r\nМолада жүрген аруақтарға ұсап қап,\r\nЖүреді ол өстіп бір аттап… екі… үш аттап…\r\nКіреді ол өстіп Кагановичтің түсіне,\r\nМарқұм ұлының өлі денесін құшақтап…\r\n\r\nЖанары –тұман, көрсоқыр жанға ұсап қап,\r\nҚарады елге бір аттап… екі… үш аттап…\r\nБарады ол өстіп Сталин туған Гориге,\r\nМарқұм ұлының өлі денесін құшақтап!!!\r\n\r\nӨңі емес оның, көз алды – күңгірт түс аппақ,\r\nҚұлар ма екен бір аттап… екі… үш… аттап?\r\n…Елу жыл жүрді осы әйел кезіп көшені,\r\nМарқұм ұлының өлі денесін құшақтап…\r\n\r\nЗаманы құрып ұсақ пендемен – ұсақтап,\r\nҚарады тұрып бір аттап бізге… үш аттап…\r\nБарады кіріп «Тарих» дейтұғын күмбезге,\r\nМарқұм ұлының өлі денесін құшақтап…\r\n\r\nРепрессия құрбандарына ескерткіш орнату туралы әңгіме көтерілгенде менің көз алдыма осы көрініс елестеді. Дәл осындай ескерткішті Сталиннен бастап,сол кездегі Политбюродағылардың бәрінің туған жеріне қойып шықса, сауап болар еді. Топырақтан енді қайтып мұндай қанпезерлер тумауы үшін!\r\nКүндердің күні мүсіншілер Аян мен Гүлбаһрамға да ескерткіш қоюды қолға алар… Өйткені, өз шежіресіндегі әрбір тағлымды тарихи оқиғаны төл көркемөнерінде бейнелеу көргенді елдің қасиетті парызы .Алматыда әлі күнге дейін Сәкеннің ескерткіші жоқ! Сәкенге ескерткіш қашан орнатылады? Күтуден өткен азап жоқ екен.\r\nБірақ, мәселе сонда ғана ма?\r\nӘрбір адам үңірейген көшелер мен аңырайған алаңдарға қарап көзін сатпай, өз халқының бздақтарына, ең әуелі, өз жүрегінде өзі ескерткіш тұрғыза алмаса, адам баласының жады мен болмысында, тарихы мен болашағында қандай мән,мағына қалмақ?!\r\nМарина Цветаева «Менің Пушкинім» деген.\r\nАбайдың Пушкині одан бөлек еді…\r\nИә, әркімнің өз Пушкині, өз Сәкені болуға тиіс.\r\n

“Алты Алаш” ақпарат

\r\n\r\n

One Comment

  • Дұрыс айтасыз, аға әркімнің мына өмірге деген, өз елінің болашағына деген жеке көзқарасы мен ұстанымы, арман мақсаты болуы керек…

Жауап жазу

Your email address will not be published.