Жексенбі, Желтоқсан 17

Мэлс ҚОСЫМБАЕВ. Адамға дос керек шығар, Ақынға дос керек емес…

Бақытымның шырқамай байтақ әнін,\r\n\r\nБасымды тасқа соқтым, байқамадым.\r\n\r\nМұхит-сезім өзімді тұншықтырып,\r\n\r\nМұқағали тағдырын қайталадым.\r\n\r\n \r\n\r\nЖауда қалып қойыппын жарақтанбай,\r\n\r\nЖасаған жалғыз қылып жаратқандай.\r\n\r\nҚанжығама бөктеріп кетіп едім,\r\n\r\nҚара көзді қауқар жоқ қаратқандай.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарамаса қара көз, қарамасын,\r\n\r\nТабаласа, тағдырым табаласын.\r\n\r\nҚамсыз ғана жүрейін деген едім,\r\n\r\nҚара жерге сыймайды қара басым.\r\n\r\n \r\n\r\nБұлдырап жоқ болады бір күн елес,\r\n\r\nБұлт болып нөсер-сезім сіркіремес.\r\n\r\nЕртегіден хор қызын әкелсең де,\r\n\r\nЕнді ғашық болуым мүмкін емес!\r\n\r\n \r\n\r\n*  *  *\r\n\r\n \r\n\r\nТоп қыздар сыбырласып тоқтай қалған,\r\n\r\nТоқтай қалып, көздері шоққа айналған.\r\n\r\nОралдың қалдың екен қай жерінде,\r\n\r\nОн тоғыз жасым менің, оттай жанған?\r\n\r\n \r\n\r\nАдал едім мен сонда, ақ болғанмын,\r\n\r\nАрқырап арғымағы  шапты арманның.\r\n\r\nАлғашқы махаббат деп өзімді алдап,\r\n\r\nАлбасты махаббатқа тап болғанмын.\r\n\r\n \r\n\r\nБасында бәрі жақсы болды әдемі,\r\n\r\nБаратын Ел жаққа да жол бар еді.\r\n\r\nЖайындар жұта жаздап жүргенінде,\r\n\r\nЖайық, сен құтқарғансың сонда мені.\r\n\r\n \r\n\r\nСаусағымнан аспаған санаулы ағам,\r\n\r\nБілемін, әлі де өкпең бар-ау маған.\r\n\r\nБұйдасын бұл балаңның сен ұстадың,\r\n\r\nНарынның топырағы нар аунаған.\r\n\r\n \r\n\r\nӨлеңім, өшесің бе, өсесің бе,\r\n\r\nШабыттың шайқаласың кесесінде.\r\n\r\nҚасқайып такси күтіп мен тұрамын,\r\n\r\nҚасымның жүріп өткен көшесінде.\r\n\r\n \r\n\r\nЖырласам жақын түгіл, жат қараған,\r\n\r\nАйтыста талай қақтым ақ барабан.\r\n\r\nДомбырамды несіне қор қыламын,\r\n\r\nДоңыз шығып жатса егер атқорадан.\r\n\r\n \r\n\r\nМен өр болам, намыстан нәр алғасын,\r\n\r\nСен жүре бер жалтаңдап, жалаңбасым.\r\n\r\nҚара өлеңі қазақтың, сен аман бол,\r\n\r\nЕй, менің қан жұқпайтын қара алмасым!\r\n\r\n \r\n\r\nЖете ме, өмір, сені оқуға әлім,\r\n\r\nСаңырау заманым бар, соқыр заңым.\r\n\r\nСен мені сағынатын сияқтысың,\r\n\r\nДүниеге келмеген оқырманым.\r\n\r\n…Ақынның өлеңінен өзі шығып,\r\n\r\nКөресің бе қасыңда отырғанын?..\r\n\r\n \r\n\r\n*  *  *\r\n\r\n \r\n\r\nМен емеспін көмек сұрар,\r\n\r\n(Жағдай қиын-себеп емес…)\r\n\r\nАдамға дос керек шығар,\r\n\r\nАқынға дос керек емес…\r\n\r\n \r\n\r\nҚыздар да көп қызыл-жасыл,\r\n\r\nҚырғи болсаң, ілмейсің бе?\r\n\r\nМиы ашыған мыжың ғасыр,\r\n\r\nМылжыңдамай жүрмейсің бе?\r\n\r\n \r\n\r\nТәнім-жерде, жаным-көкте,\r\n\r\nОйлана алмай отырамын.\r\n\r\nАрқалаймын ауыр көпке,\r\n\r\nӨлеңімнің топырағын.\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиетпен тағдырластыр,\r\n\r\n(Жазушының біткен жері)\r\n\r\nКейіпкерің «Жәңгір қасқыр»,\r\n\r\nҚасқыр дұрыс, иттен гөрі…\r\n\r\n \r\n\r\nАйтысамын, анда-санда,\r\n\r\nСезім де жоқ шынайы шын.\r\n\r\nӨзім білем бармасам да,\r\n\r\nҚойыңдаршы, Құдай үшін!\r\n\r\n \r\n\r\nҚарға біткен қазға айналды,\r\n\r\n(Қанаты да бөлек шығар).\r\n\r\nҚаламым да жазбай қалды,\r\n\r\nЖазғанда не демексің ал?\r\n\r\n \r\n\r\nАғаларым, жеңгелерім,\r\n\r\nҚұлағына таққан айды.\r\n\r\nАяғы бар пенделерің,\r\n\r\nАрды қалай аттамайды?\r\n\r\n \r\n\r\nЖұлдыз шашты жұртқа жарық,\r\n\r\nБәрінің де баяны жоқ.\r\n\r\nШайтан судан ұрттап алып,\r\n\r\nШал да кетті, аяғы жоқ.\r\n\r\n…Таяғы бар, баяғы жоқ…\r\n\r\n \r\n\r\n*  *  *\r\n\r\n \r\n\r\nӨлең жазам ешкімге де керексіз,\r\n\r\nБіз екеуміз – елес жігіт, елес қыз.\r\n\r\nТіршілігі ешқандай да дерексіз,\r\n\r\nБіздер адам емеспіз…\r\n\r\n \r\n\r\nМен елеспін, қасымдағы ол да елес,\r\n\r\nЕлестеуден басталады ерегес.\r\n\r\nТемекіні тартып жүрген мен шығар,\r\n\r\nДомбыраны тартып жүрген мен емес.\r\n\r\n \r\n\r\nДомбыраның шанағында тербелдім,\r\n\r\nСұрағанның сыбағасын бергенмін.\r\n\r\nЕй, дүние, көз алдыңда жарқ етіп,\r\n\r\nЕлестеп бір кету үшін келгенмін.\r\n\r\n \r\n\r\nӨтер ме екен елес болып өлмей жыр,\r\n\r\nӨлмейтінді көзің сірә көрмей жүр.\r\n\r\nШапан киген шайтан қаптап кеткесін,\r\n\r\nМенің тіпті ақын болғым келмей жүр.\r\n\r\n \r\n\r\nМен елестен, елес менен қалмайды,\r\n\r\nБолған емес біздер үшін жан қайғы.\r\n\r\n«Телефоның бар ма?» дейді біреулер,\r\n\r\nБар болғанмен… ешкім бірақ алмайды.\r\n\r\n \r\n\r\nЖерім жоқ еді жырлағанда бөгелген,\r\n\r\nСөз құйылып жатқандай-ақ төбемнен.\r\n\r\nЕлестеп бір сахнадан өткенге\r\n\r\nСен несіне қол соғасың, көрермен?\r\n\r\n \r\n\r\nАқын едім, ақылы-нұр, ары-гүл,\r\n\r\nГүлді жұлма, айналайын, әрі жүр.\r\n\r\n«Өлең оқы» дейді маған бір досым,\r\n\r\nОқығанмен түсінбейсің бәрібір!\r\n\r\n \r\n\r\nӨлең менің басымдағы бақ тұрған,\r\n\r\nКөзге ерсі, көрерменге жат тұлғам.\r\n\r\nЖақтырмаған және біреу жақтырған,\r\n\r\nАқ қағаздан тағдырымды таптырған.\r\n\r\n \r\n\r\nӨзіңсің ғой бәріне де төреші,\r\n\r\nАйдынға шық, келешектің кемесі.\r\n\r\nСен мен үшін мақтана алсаң болғаны,\r\n\r\nМенің құрттай елесімнің елесі!\r\n\r\n \r\n\r\nМұсылман да, кәпір де емес шоқынған,\r\n\r\n(Ойдан жасап алып жүрмін оқырман)\r\n\r\nӘуре болма «автограф» алам деп,\r\n\r\nАқын емес мұны жазып отырған…\r\n\r\n \r\n\r\nЕлес болып ерте келген көктеммін,\r\n\r\nКөктеммін ғой, кейде бірақ өктеммін.\r\n\r\n«Тарихта да танысым бар» дегесін,\r\n\r\nМен өлеңді саған беріп кеткенмін.\r\n\r\n \r\n\r\n..Мұның бәрі түсім екен, түн деймін,\r\n\r\nДауыс шықты дәл осындай, күл, мейлің.\r\n\r\n-Енді қашан келесең сен? – деп едім,\r\n\r\n- Білмеймін…\r\n

 “Алты Алаш” ақпарат

10 Comments

  • Anonymous

    Мелс Қосымбаев қатысқан Айтыс2007 Қазақстан чимпионатын қайтадан эфирге шығарып халыққа тағы бір рет көрсетсе тамаша болар еді Қазақстан теле каналының архивінде сақталып қалған болар осыны қолға алса екен Алла сəтін салсыншы

  • рая

    мелис ага салеметсизбе жаралы жанынызды журеги казак деп соккан арбир жан тусинер деп ойлаймын айтысты адилетсиз екенин баримизде билемиз сондай жырларынызды телевизордан коруге букил ел калайды десем артык айтпас едим акырзаманда таяп калган кезде елдин жанына медет болсаныз нур устине нур болар еди алланын нуры жаусын сизге курметпен рая

  • Нурсултан

    Мэлс ага сендей маркаска агаларымыздын аркасында биздер тайсалмай осип келемиз дурыс айтасыз адамга дос керек шыгар акынга дос керек емес дурыс айтасыз акындар жалгыз болып кетедигой омирде

  • Ассалаумағалайкум Ага! Кайда кеттиниз? Үтіктейтiн көйлек шалбарларыныздын кырын салып берер бауырыныз сизди де сагынды… С/н: озиниз айткан Данди

  • Темірбек /Тимур/

    Мэлс бауырым! Сөз өнерін өлеңмен өрнектеп, оны буыркантып бұрсантып айтыс алаңына шыққанда арқаң қозып үлкен бір дауыл тұрғыза төкпектете айтатын қасиетіңе сонау студенттік кезден тәнтімін. Шабытың шайқалмай, айтыс өнерінің биігінен көріне бер. Шындықты айта алатындар ғана -шын Ақын, ал айта алмайтындар шапан жамылған шайтандар екені рас. Мен сені қолдаймын!

  • Ұлжан

    Мелс неге көрінбей кеттің десем ішіңде жатқан сырың бар екен-ау, әттең оны түсінген кім бар, осылай өтіп кетерміз бұл заманда бірімізді біріміз түсінбей.

  • Асылхан Қымызбайұлы

    Ағамыз шабысынан жаңылмапты ғой.Тамаша тәуекелшіл аға шабытыңыз шалқарынан аса берсін!

  • Қали Жолдасов

    Оқи бастағаннан-ақ әрі қарай өзі жетелей кететін, жүрегіңді алып-ұштыратын мұндай жырларды оқымағалы қашан! Рахмет, Мелс інім, жақсы жырларың үшін!

Жауап жазу

Your email address will not be published.