Дүйсенбі, Қаңтар 22

Серік Ерғали: 22 желтоқсан мен 25 желтоқсан қандай күн?

 \r\n\r\nЕртең ең қысқа күндіз, ең ұзақ түн… Ежелгі түркітектілерше – Күннің жылына бір рет “өлер” күні. Ескі таным бойынша содан үш күн өткенде Күнсәби қайта туылады-мыс. Яки 25 желтоқсан – Күннің “воскресетін” (қайтадан кірестенетін, айқыштанатын – аша таңбаны еске алыңыз), яғни шуақтанатын күні. Былайша айтқанда Күнсәбидің (Көктің ұлы) туған күні! Рождество осы. Орыстың бұл сөзі ежелгі туылу үдерісін беріп тұр, туған күн деген ұғымды емес. Бұл күнді әлі поляктар “Қызыл жұмыртқа” мерекесі түрінде тойлайды. Неге? Ежелгі таным бойынша жұмыртқа – ұрықтың жандану нышаны, ал қызыл – сәбилік түсті белгілейді. Қазақтағы “қызыл шақа” ұғымына сәйкес. Шақа/шаға – бала деген ежелгі түркі сөзі.\r\nҚызығы сол, каталоликшілер осы күнді Иса пайғамбар туған күнмен бекер шендестірмеген.\r\nШамасы, ежелгі түркілік танымды жақсы білген саясатшылар каталик дініне тамызық етіп, отын маздатып жіберді. Ал Исаның туған жылының қалай пайда болғаны тарихта аз-мұз белгілі.\r\nӘлқисса. Содан Күн мен Ай арбаса отырып, Наурызда “теңеседі”. Одан Сақа халқының жаңа жылы саналып жүрген (олар өткен ғасырларда Наурызда жыл басын атапты) Ысыах мерекесінде (21 маусым) күшті Күн алады да, ең ұзақ Күндіз бен ең қысқа Түн болады. Сөйтіп күзге жеткенде күзгі күн арбасуы 22 қыркүйекке сәйкес келеді. Бұл кезде Сабантой мерекесі сәйкес келеді – жиын-терін. Бірақ мұның “Ақ ай” дейтін аналогы болған құсайды. Маңғолдар (Шыңғысхан қағанаты) Сарсаған (саршаған – сар/КҮН+цаған/шаған/АҚ) мерекесі аталған, кәзір бұл қысқы қытай жаңа жылымен қабаттасып жүргендей, шамасы Құбылай хандығының дәстүрінен (әлде Құбылай ұлысы қытайлық күнтізбене алды ма…-зерттеу керек) қалса керек. “Шаған” сөзінің түркілік ШАҒА/бала сөзімен сәйкесуі тегін емес…\r\nНеге “ақ ай”? Қыркүйектегі күннің тоқырау сәті оның қызуының кетіп, “оңатынын” көресетеді. Яғни өмір өлімге беттейді. Осыдан барып Батысты түркілер ақ түспен белгілеген – Күннің өлетін тұсы… Өлген адамды аққа орайды – ақ кебін. “Ақтық” сөзі ақырғы, соңғы дегенді білдіреді.(Біздің спорт журналист жарықтықтар соңғы/ақырғы финалды АҚТЫҚ финал деп соғып жүр;) бүгінде). Яғни “Ақ ай” мерекесі Күн өлуге бет алғанымен, Табиғаттың бар берекесін жиып-теріп беретін тәбәрік сәті. Бұл бертін келе таза шаруашылық “Сабантойға” айналған. Бірақ шұбаштарда қыруар ежелгі рәсімдерден тұратын мереке бар.\r\n\r\nСөйтіп, Күн мен Айдың арбасуы түркілер үшін төрттармақты айқасты/айқышты елестетеді – төрт басында жылдың төрт айтулы күні. Айқыш/Икс-крест Күннің шуақ шашу сәтін бейнелейтін ежелгі таңба. Ол Аспанды да білдірген.\r\nБірақ христиандар өзара таласып жүріп, бірі 25 желтоқсанды, енді бірі 7 қаңтарды (Григориан күнтізбесінің әлегі болар) Рождество етті. Сайып келгенде жаңаның бәрі ұмыттырған ескі…\r\nАйтпақшы… біздің бүгінгі қысқы тірлікке қамданатын соғым науқаны да басын осы Күннің өліміне арналған ежелгі құрбандықтан басын алса керек… Бұл да сабантой секілді шаруашылық сипатқа көшті. Ысыахтың советтік шопантойға (Маусымдағы төл санау науқанын атап өту мерекесі ересектердің есінде болар) айналғаны секілді.\r\n\r\n21 желтоқсан Астана

Жауап жазу

Your email address will not be published.