Дүйсенбі, Қаңтар 22

Қаны сұйылған Қазақ айтысына жүйе керек

\r\n

\r\n

Соңғы жылдары Айтыстың басынан дау арылмай жүр. Әрине, халықтың ең сүйікті әрі тарихи өнері қай кезде де құрметке лайық. Саяси жағынан алғанда халықтың мұң-мқұтажын жырлап, қоғамда дүмпу қозғай алады немесе биліктің де сойылын соғуға дайын. Әне, сол үшін де бұл өнер көкпарға айналып жүргенін көріп жүрміз. Айтыстың қалай өткенін  “кімнің ықпалында өткен айтыс” екеніне байланысты біле алатын болдық.Қазір айтыс ақындары да мақсат-мүдделеріне, дүние танымындағы көзқарастарына орай жіктеле бастаған. Біреу билік жағаласа, біреу әлде бір топтың сойылын соғып нәпақасын тауып жүр. Дегенмен өз деңгейінде салауатын сақтап жүргендер де баршылық. Пенделік не істетпейді дейсіз!? Оның үстіне тұрақты жұмысы мен дайын пәтері болмаған соң сары бала, қара қазанның қамы үшін ақшасы мол радикалды танымдағы топтардың сойылын соғып жүргендер де жоқ емес немесе бәз біреулерден сыйлығының қарымжысын қайтаруды мақсат тұтқандары да бар.  Бұл жағын кей топтар мықтап пайдаланып, түрлі сый мен сиапат арқылы өздеріне тартып әлек.1355909167_aytys\r\n\r\nЖалпы Айтыс – саяси партиялардың күресі емес, сөз сайысы. Ендеше сол айтылған өлең сөзінің мәні мен сұлулығы, оралымдығы мен құнарлылығы, ғажайып көркемдігі мен тапқырлығы, сөздік қоры мен тәбиғилығы таласқа түссе құба құп болар еді. Әзірше оның ауылы алыс. Себебі: төмендегідей кедергілер Айтыстың бағын байлап, айтыскерлердің ізденісіне кедергі келтіріп отыр.\r\n\r\nБіріншісі, Айтысты бағалудың жүйесіздігі. Атап айтқанда, Айтысты бағалаудың нақты ережелері жоқ(критерилері) жоқ. Дайындап алған бір сөзін(загатовкасын) 5-10 жыл сықпыртып, сөзінде көркемдік құнар болмаса да, халықтың шер-мұңын айтып арзан өлеңмен ақын атанғандар жетеді.  Бұл тіптен, үкіметтің ренішін тудырып, Айтыстың біраз уақыт шектелуіне себеп болды.\r\n\r\nЕкінші, Айтысты бағалайтын қазыларды тағайындау ережелері жоқ. Атап айтқанда, әлдебір атағы бар көлденең көк атты Қазы атанып, өзі ұнатқан көзқарас пен ақынға бағасын береді. Мейлі ол айтыс пен өнерден, сыннан хабары болмаса да.\r\n\r\nҮшінші, Айтыста ақындардың жүрегін соқтырып, тәубесін есіне түсіретін сын жоқ. Егер сын айтыла қалса әлгі бір мүдделі тобы өре түргеліп, сыншының шашын жұлуға бар. Бірін-бірі қорғаштаған топ.  Сондықтан, бағалайтын қазылардың көзқарасы мен дүниетанымына, дәрежесіне қарай дайындалу ақындардың дағдысына айналған. Сосын аудитория деп аталатын халықтың шерін шығаратын сөздер арқылы эмоцияны пайдаланып баға алуды көздейді. Тіптен, тұшымды сын мен пікір айтуға ілікпейтін болғасын бұрыннан айтып жүрген сөздерін(загатовкаларын) төгіп жіберетінін қайтерсіз.\r\n\r\nТөртінші, Айтыскерлер одағы мен айтыскерлер факультеті жүйелі түрде жұмыс істемеуде. Негізі Астанда құрылған Айтыс факультеті айтыскерлерді дайындап қана қоймай, диплом беріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасайтын орын болуға тиісті еді. Өкініштісі, сол факультетте 4-ақ бала оқиды.  250–ден астам айтыс ақындары бар Қазақстан үшін бұл түкке тұрғысыз. Шын мәнінде, бұл құрылымдар түрлі семинарлар мен конференциялар өткізу арқылы ақындардың дәрежесі мен зяткерлігін көтерулері, нағыз сөз сайысы ретінде қалыптасуына жетелеуі керек еді. Қазыларды да арнаулы семинарлар арқылы  әділ де асқақ қазылар тобын құруға, дайындауға міндетті болатын. Өкінішке орай саяси мүдде үшін немесе ақындарды пайдаланғысы келгендер үшін бұлар қазірше тиімсіз болып тұр –ау!\r\n\r\nМіне бұлар, айтыскерлердің алға дамуына кедергі жасап, сөз өнерінің нағыз сынға түсуіне мүмкіндік бермей отыр.  Оның үстіне әртүрлі Діни көзқарастағы түсініспеушіліктері айтыстың өз деңгейде өтуіне салқынын тигізіп, жікке бөліне бастағанын көрсетеді.\r\n\r\nҰлы Тәңірдің берген сыйын өз деңгейінде көтеріп жүру – бізге сын. Десе де қазіргі айтыстың басы-қасында жүрген  ағаларымыздан оны әлі күтіп жүрміз. Мүмкін бұл да біздерге немесе ұрпақтарымыздың  санасына артылған  аманат шығар!\r\n\r\nОсындайда кезінде Айтыс сахнасының саңлағы болған Ринаттың сөзі еріксіз ойға оралады. “Мен қазіргі айтыссымақ, айтысқа ұқсас шоуға қатысқым келмейді. Айтыс болады, болса сонда қатысамын… Қазіргі болып жатқан дүниелер – ол мүлде айтыс емес. Оны 100% дәлелдеп бере аламын. Қазір айтыс жоқ. Қазір айтысқа ұқсас шоу бар”.\r\n\r\nАлтай Бұқарбаев\r\n\r\n

One Comment

  • Қайыпхан

    Қазіргі заманғы айтысты 18-19-ғасырлардағы айтыстармен салыстыра қарау мұлде дұрыс болмайды.Айтыс сөз таластыру емес,ой таластыратын интеллектулдық өнер сайысы болуы керек.Айтыстың объектісі адам және оның іс-әрекетінің нәтижесі болуы тиіс.Айтыстың көркемдік өлшемі қарсыласын мақтамен бауыздай ала білуінде,тура,дөкір сөздермен емес,астарлы,екіұшты мәнді/ішің білетін/сөз қамшысымен дұрелеу.Айтыскер ақын өзінің тұратын аймағының барын асырып,жоғын жасырып қалың елге таныта алуы керек,Сын объектісі нақты адам не ұжым өз атымен/тұспалсыз/аталуы тиіс деп ойлаймын,Осы бағыттағы Қатимолла бауырымның пікірі ойға қонымды,Айтыс тақырыбынан ішкі саясат,халықаралық мәселелер алшақ болғаны жөн.Қазылық жағына келсек,оны реттеп тағайындауды спорт жарыстарындағыдай басқа аймақ,басқа өңірдің өкілдеріне сеніп тапсыру керек.Ол үшін қазақстан ақын-жыршылар одағы жанынан қазылар алқасы институты қалыптастырылуы тиіс.Тек араларына атақ пен даңққа мастанған,сөз қадірін түсінбейтін дүбәралар еніп кетпесе болғаны, Болашақта айтыс өнерінің сапасы менмаңыздылығы артсын десек,оларды да деңгейлеп, үш лигаға бөлу керек,Үшінші лига-ауыл ақындары,екінші лига-аудан,қала ақындары,бірінші лига-осы екуінен айтыс барысында іріктеліп шыққан жүйріктер-бір жыл бойына жоғарғы лигада айтысу құқына ие болады.Айтыскерлерді марапаттау Одақ есебінен немесе демеушілер есебінен,яғни айтысқа бару-келу жол ақысы,жамбасақы,ішіп-жемі тегін,Ал сыйлыққа тек Қазақстан балаларының қолынан шыққан бұйым-кәдесыйлар беріліп тұрса деген ой қосқым келеді.Ақын елдің үстінен күн көретін заман өтті.Ақындардың ел алдындағы борышы үлкен.

Жауап жазу

Your email address will not be published.