Сейсенбі, Шілде 25

Ықылас Ожайұлы Қара өлең – тұтас ұлттың рухани генефоны

Қара өлең – ықылым замандардың елегінен өткен, бір ғана автордың емес, тұтас ұлттың рухани генефоны. Дәлірек айтсақ, тектік негізі мен жаралымы. Эпостарға ЕС жұпарлап, қара өлеңге КІНДІК байламайынша қолға қалам алуға болмайды.

Емлесі (жазылуы) қазақша дегеніңіз болмаса, ойын (мазмұнын) адам түсінбейтін, бейнебір тәржімә іспетті тексіз (генетикадан ада) өлеңдердің қаулап кетуінің түпкі тіні осында жатыр. Біз Алла жеткірсе бұл тақырыпқа қайыра оралып, сол шіркіндердің атын атап, өңін түстей отырып жеке-жеке жіліктейтін боламыз.

Қысқасы, сөзуар, күшеншек, қолдан түнеріп өлең құрайтын «ақынсымақтарға» ШЫН ӨЛЕҢНІҢ мәртебесі осылай болады деген мақсатпен қара өлеңнің ғашықтық саласынан бірер шумақтар ұсынып отырмын…

Жылқым жусар сәскеде Шаппакөлге,

Жаным сергір сен жақтан соққан желге.

Сен есіме түскенде беу, қалқатай,

КӨЗІМНЕН АҚҚУ ЖҮЗЕР АҚҚАН СЕЛГЕ.

 

Ауылың Жасыбайдың ақ сорында,

Таласар жаман асқа, жақсы орынға.

Аққудай толқын соққан көлбең етіп,

АҚ ҮЙДІҢ ҚЫЛАҢ БЕРШІ ЖАПСАРЫНДА.

 

Әуеде ұшып жүрген қара инелік,

Ұшады қара инелік зар иленіп.

Сен есіме түскенде қимас қалқа,

ҚАТАДЫ ҚАБЫРҒАМА ҚАН ИЛЕНІП.

 

Қолында жылқышының ақтан құрық,

Ат міндім кертөбелді баптандырып.

Қайырылтып ақ тамақтан бір сүйгізші,

ОРЫНЫНДАЙ ТҮЙМЕНІҢ ДАҚ ҚАЛТЫРЫП… ( деп кете береді)….

Ықылас Ожайұлы

Алты алаш-руханият

Жауап жазу

Your email address will not be published.