Дүйсенбі, Қаңтар 22

ЖҰМА КҮНІНІҢ ӘДЕПТЕРІ

4555\r\n\r\nӘрбір мұсылман жұма күнінің фазилеті мен ерекшелігін біліп сезінгені дұрыс . Жұма күні – күндердің ең абзалы әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді . Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады . Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп , әдептерін ұстанса Аллаһ оның сауабын арттырып , күнәларын кешіреді . Бұл күнде бір сәт бар . Егер мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді . Пайғамбарымыздан( с.ғ.с) жеткен бір хадисте былай делінген :\r\n\r\nКүндердің ең абзалы жұма күні . Бұл күні Адам атамыз жаратылған . Және осы күні жаннатқа кіргізілген . Әрі осы күні одан шығарылған . Қиямет те осы жұма күні болады .\r\n\r\n/Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен /\r\n\r\n \r\n\r\nИбн Аббастан келген хадисте Пайғамбарымыз ( с.ғ.с) осы жұма күні туралы былай деп айтқан :\r\n\r\nРасында бұл күн Аллаһтың мұсылмандар үшін мейрам еткен күні . Сендерден біреу жұмаға келетін болса ғұсылдансын ( толық жуынсын ) . Және кімде иіс су бар болса себінсін . Әрі мисуакпен¹ тістеріңді тазалаңдар .\r\n\r\n/ Ибн Мажа риуаят еткен . Албани хасан хаддистерден деген /\r\n\r\nАбу Һурайрадан келген сахих хадистердің бірінде жұма күнінің фазилеті мен артықшылығы жайында былай делінген :\r\n\r\nКім ғұсылданып жұма намазына барса . Әрі өзіне бұйырған нәпіл намазын оқыса . Одан соң имамның құтпасын ақырына дейін мұқият тыңдаса . Кейін онымен бірге намаз оқыса , онда ол үлкен күнәларға ұрынбаған болса осы жұма келесі жұма арасындағы кіші күнәлары кешіріледі . Және оған қосымша үш күн . ( Яғни , жалпы он күндік күнәлары кешіріледі )\r\n\r\n/ Муслим риуаят еткен /\r\n\r\n \r\n\r\nЖәне Абу Һурайрадан риуаят етілген шарапатты хадистердің бірінде :\r\n\r\nЖұма күні бір сәт бар . Егер мұсылман пенде намаз оқыған хәлінде со сәтке тұс келіп бір жақсылықты сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді , – делінген .\r\n\r\n/ Муслим риуаят еткен /\r\n\r\n \r\n\r\nАл , енді төменде мұсылманға істеуі абзал болған жұма күнінің кейбір әдептерін келтіреміз .\r\n\r\n \r\n\r\n1.Сол жұма күнінің таң намазының парызында «Сәжде» және «Инсан» сүрелерін оқу .\r\n\r\n \r\n\r\nБұл әдепке Ибн Аббастан келген мына хадис дәлел болады . Ол хадисте :\r\n\r\nПайғамбарымыз ( с.ғ.с) жұма күнінің таң намазында «Сәжде» және «Инсан» сүрелерін оқитын – делінген .\r\n\r\n/ Муслим риуаят еткен /\r\n\r\n \r\n\r\n2. Мисуак – дегеніміз арак деп аталатын ағаштан алынатын , тіс тазалау үшін қолданылатын бұтақша . Онымен тіс тазалау сүннет амалдарына жатады .\r\n\r\n \r\n\r\n3. Жұманың күндізі мен кешінде Пайғамбарға (с.ғ.с) салауатты көп айту .\r\n\r\n \r\n\r\nБұл әдепке мына хадис дәлел :\r\n\r\nЖұманың күндізі мен кешінде маған салауат айтуды көбейтіңдер .\r\n\r\n/ Байһақи риуаят еткен . Албани хасан хадистерден деген /\r\n\r\n \r\n\r\n4. « Кәһф » сүресін оқу .\r\n\r\nБұл әдепке мына хадис дәлел :\r\n\r\nКім жұма күні « Кәһф » сүресін оқыса , онда оған екі жұма арасына нұр болады .\r\n\r\n/ Абу Сағидтан Әл-Хаким мен байһақи риуаят еткен . Албани сахих хадистер қатарынан деген /\r\n\r\n \r\n\r\n5. Жұманың күнін арнайы оразамен , ал түнін арнайы намазбен ерекшелемеу керек .\r\n\r\nБұл әдепке Абу Һурайрадан келген мына хадис дәлел . Ол кісі Пайғамабардың (с.ғ.с)\r\n\r\nСендердің ешбірің жұма күнінің алдынан , не соңынан бір күнді қоспай , жалғыз ғана жұма күні ораза тұтпасын – дегенін естідім дейді .\r\n\r\n/ Бухари мен Муслим риуаят еткен /\r\n\r\nТағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с)\r\n\r\nЖұманың түнін басқа түндерден арнайы намаз оқып ерекшелемеңдер деген – деп айтқан .\r\n\r\n/ Муслим риуаят еткен /\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n6. Жұма намазына дайындық жасау .\r\n\r\n \r\n\r\nОған төмендегі істер жатады :\r\n\r\n• Ғұсылдану\r\n\r\n• Иіс сулармен жұпарлану\r\n\r\n• Мисуакпен тіс тазалау\r\n\r\n• Жұма намазына ертерек шығу\r\n\r\n• Ең жақсы , таза киімдерін киу\r\n\r\n• Сүннеттегі денеге қатысты тазалықтарды атқару ( тырнақ алу , қолтық пен әурет түктерін кетіру сияқты )\r\n\r\n• Сүннет бойынша жұмаға жаяу бару\r\n\r\n \r\n\r\nБұл істерге дәлел болатын көптеген хадистер бар . Олардың кейбірін келтіріп өтеміз. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) былай деген :\r\n\r\nҚайсы бір адам жұма күні ғұсылданып , шамасы келгенше тазаланса , және үйіндегі жұпарлы майлардан немесе хош иісті сулардан қолданса . Кейін мешітке шығып , мешіттегі жақын отырған екі адамның арасына қыстырылыспай ( яғни , өзгелерге кедергі болмай бос орын тауып жайғасу) , өзіне бұйырған нәпіл намазды оқыса . Одан кейін имам сөйлеген уақытта оны мұқият тыңдаса , онда бұл жұма мен келесі жұма арасындағы күнәлары кешірілді .\r\n\r\n/ Салман Фарсиден Бухари риуаят еткен /\r\n\r\nАус ибн Аус деген сахаба Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)\r\n\r\nКім әйеліне ғұсыл алдырып¹ және өзі де ғұсылданса . Кейін жұмаға ертелеп шықса . Және көлікке мінбей жайау барса . Әрі имамға жақынырақ жерден орын алса . Имамның сөзіне мұқият құлақ салып , бос сөз және бекер істермен айналыспаса , онда ол мешітке дейінгі әрбір басқан қадамы үшін бір жылдың оразасы мен намазының сауабына жетеді –дегенін хабарлаған . / Абу дауд , Тирмизи , Нисаий , Ибн Мажа және имам Ахмадтар риуаят еткен . Албани сахих хадис деген /\r\n\r\nЖәне Пайғамбарымыз (с.ғ.с)\r\n\r\nЕгер жұма күні болса , мешіттің әрбір есігінде періштелер тұрып , әрбір келушілерді бірінен соң бірін жазып отырады . Ал , имам мінберге шығып отырса , олар парақтарын орап қояды да , өздері де зікір тыңдау үшін келеді . Және жұмаға алғашқы болып келушінің мысалы бір түйені құрбандық еткен адаммен тең . Одан кейінгі келушінің мысалы сиырды құрбандық еткенмен тең . Ал , одан кейінгісінің мысалы қошқарды құрбан еткендей . Ал , одан кейінгі келуші тауықты құрбан еткендей болады . Ал , одан кейінгі келуші жұмыртқаны құрбан еткенмен тең болады – деген .\r\n\r\n/ Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен /\r\n\r\nСахаба Абу Һурайра айтады :\r\n\r\nПайғамбарымыз (с.ғ.с) жұма күні намазға шығардан бұрын тырнағын алып , мұртын қысқыртатын .\r\n\r\n/ Табарани , Байһақилер риуаят еткен /\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n7 . Мешітке жұма намазы үшін жүрісінде асықпастан , аптықпастан бару .\r\n\r\n \r\n\r\nНегізінде әрбір намаз үшін мешітке асықпай , аптықпай бару шариғаттың үйрететін әдептерінен . Бұл әдепке Абу Қатададан келген мына хадис дәлел болады :\r\n\r\nБіз бірде Пайғамбармен(с.ғ.с) бірге намаз оқып жатқанымызда , бір кісілердің асығыс тапырлап келген дауыстары естілді . Пайғамбарымыз (с.ғ.с) намазын бітіргеннен кейін :\r\n\r\n- Сендерге не болды ? – деп сұрады . Олар :\r\n\r\n- Біз намазға асыққан едік – деді . Сонда Пайғамбар (с.ғ.с)\r\n\r\n- Ендігіде олай істемеңдер . Егер намазға келген болсаңдар асығып , аптықпаңдар . Намаздан үлгерген ракағаттарыңды оқып , үлгермеген ракағаттарыңды толықтырып бітіріңдер – деді .\r\n\r\n/ Бухари , Муслимдер риуаят еткен /\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n8. Азаншының намазға шақыруын естіген уақытта оған жауап беріп . сауда –саттық тағы сол сияқты дүние істерімен болған байланысты тоқтату .\r\n\r\n \r\n\r\nОған Құраннан мына аят дәлел :\r\n\r\nЕй , иман кетіргендер ! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде , дереу Аллаһты еске алуға ( намазға ) ұмтылыңдар . Және сауданы қойыңдар . Егер білген болсаңдар сол нәрсе сендер үшін жақсы .\r\n\r\n/ Жұма : 9 /\r\n\r\n9. Тахиятул масжид намазын оқу . ( Яғни , мешітке сәлем намазы ) .\r\n\r\n \r\n\r\nБұл намаз мешітке имам құтпа айтып жатқан кезде кірсе де оқылғаны жөн . Өйткені Жабир Ибн Абдуллаһ атты сахаба былай деген :\r\n\r\n- Жұма күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мінбер үстінде құтпа айтып тұрғанда Ғатафандық Сулейк деген кісі келді де , мешітк сәлем намазын оқымастан бұрын отырған еді . Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған :\r\n\r\n- Екі ракағат намазды оқыдың ба ?-деді . Ол кісі :\r\n\r\n- Жоқ – деп еді , оған :\r\n\r\n- Тұр да ол екеуін оқып ал – деді . Кейін Пайғамбар (с.ғ.с) адамдарға бет бұрды да :\r\n\r\n- Егер сендерден біреуің имам құтпа айтып жатқан тұста келген болса , қысқартып екі ракағат оқысын – деп айтты .\r\n\r\n/Муслим мен Абу Даудтер риуаят еткен . Албани сахих хадистер қатарынан деген /\r\n\r\n \r\n\r\n10 . Жұма намазын оқыр алдын , мешітке сәлем намазын оқығаннан кейін , Аллаһтың разылығын тауып , Оған жақындау үшін қалағанша нәпіл намаздарын оқу .\r\n\r\n \r\n\r\nБұл әдепке жоғарыдағы Бухаридің Салман Фарсиден келтірген Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) « … өзіне бұйырған нәпіл намазды оқыса … » – деген сөзі дәлел болады .\r\n\r\n \r\n\r\n11. Имам мінберге шыққанша Аллаһты зікір ету , Құран оқу сияқты істермен шұғылдану .\r\n\r\n12. Жұма намазына келгенде адамдардың үстінен аттап , немесе жақын отырған екі адамның арасына қыстырылысып , немесе біреуді орнынан тұрғызып оның орнына отыру сияқты істерден сақ болу .\r\n\r\n \r\n\r\nОған дәлел Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) құтпа кезінде алдынғы жаққа өту үшін адамдардың үстінен аттап бара жатқан кісіге : « Отыр басқаларға зиян келтірдің ғой »-деген сөзі .\r\n\r\n/ Абу Дауд риуаят еткен . Албани сахих хадистердің қатарынан деген /\r\n\r\n \r\n\r\nЖәне бұған тағы бір дәлел жоғарыда Бухаридің риуаятында келген , Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) : « Жақын отырған екі адамның ортасына қыстырылыспай »- деген сөзі .\r\n\r\nСонымен қатар бұл әдепке мына бір хадис те дәлел болады :\r\n\r\nСендердің ешбірің жұма күні бауырын орнынан тұрғызып , кейін оның орнына отырып алмасын . Бірақ :« Орын ашыңдар » деп айтыңдар .\r\n\r\n/ Бухари , Муслим риуаят еткен /\r\n\r\n \r\n\r\nАдамдардың үстінен аттап өту мәселесіне қарай имам Шафиғи былай деген :\r\n\r\n- Намаз оқитын орынға жету үшін өзге жолды таба алмаған адамнан басқаға , адамдардың үстінен аттап жүруі мәкруһ .\r\n\r\nЖәне Ибн Хажар :\r\n\r\n- Лажсыз жағдайда адамдардың үстінен аттап өтуге рұқсат етілген кісілердің қатарына ; имам , алдындағы сапты жалғастырушы , не саптың үзілген жерін толықтырушы , яғни алдындағы адамдар оны істемесе , және өз орнынан зәру бір жағдаймен шығып кетіп , сол өз орнына қайтқысы келген адам .\r\n\r\n/ Итхафул Қори кітабы . Жұма бабы . 485 – бет /\r\n\r\n \r\n\r\n13 . Құтпа айтылып жатқан кезде , мүмкіндігінше имамға жақын отырып , бос сөздер мен бекер істермен айналыспай құтпаға мұқият құлақ салу .\r\n\r\nБұл әдепке жоғарыдағы Аус Ибн Аус деген сахабадан келген хадистегі Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) мына сөзі дәлел :\r\n\r\n- … Әрі Имамға жақынырақ жерден орын алса . Имамның сөзіне мұқият құлақ салып , бос сөз және бекер істермен айналыспаса … – деген сөзі .\r\n\r\nТөмендегі екі хадис те осы әдепке дәлел болады :\r\n\r\n- Егер жұма күні имам құтпа айтып жатқан кезде қасыңдағы жолдасыңа ; « құтпаға құлақ сал » деп айтсан , бос сөз айтқанмен тең боласың .\r\n\r\n/ Абу Һурайрадан Бухари мен Муслимдер риуаят еткен /\r\n\r\n \r\n\r\n- Кім дәретін жақсылап алып , жұмаға келіп имамның сөзіне мұқият құлақ салып тыңдаса , онда оның екі жұма арасындағы күнәлары кешіріледі . Оған қосымша үш күндік күнәлары тағы кешіріледі . ( Яғни , он күндік күнәлары кешіріледі , егер ол адам үлкен күнәларға ұрынбаған болса ) . Және кім құтпа кезінде таспен ойнаса¹ , онда ол бос іспен айналысқан болып есептелінеді .\r\n\r\n/ Абу Һурайрадан Муслим мен Абу Дауд келтірген /\r\n\r\n14. Құтпа кезінде тізені құшақтап отыру макрух .\r\n\r\n \r\n\r\nМуғаз Ибн Анас әкесінен мына хадисті келтіреді :\r\n\r\nПайғамамбарымыз (с.ғ.с) жұма күні имам құтпа айтып жатқан кезде тізені құшақтап отырудан тиған .\r\n\r\n/ Тирмизи , Ибн Мажа , Ал-Хакимдер риуаят еткен . Албани хасан хадистерден деген /\r\n\r\nБұл хадиске байланысты Имам Хаттаби былай деген :\r\n\r\n- Тізені құшақтап отырудың тиым етілуінің себептері ; бұл отырыс ұйқыны шақырыды , әрі дәреттің бұзылуына да себеп болуы мүмкін . Сонымен қатар әуреттің ашылып қалуы² да ықтимал .\r\n\r\n/ Тухфатул Ахуази Сунан Тирмизидің шархы /\r\n\r\n15 . Жұма күніндегі дұғаның қабыл болатын сәтіне тұс келу мақсатында ол уақыттарды дұғалармен , зікірлермен толықтырып өткізіп алмауға тырысу .\r\n\r\nАбу Һурайрадан келген хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) былай деп айтқан сөзі бар :\r\n\r\n- Жұма күні бір сәт бар . Егер мұсылман пенде намаз оқыған хәлінде сол сәтке тұс келіп Аллаһтан бір қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді .Әрі ол кісі сол сәттің аз ғана уақыт екенін қолымен ишарат етіп көрсетті .\r\n\r\n/ Бухари , Муслим риуаяттарынан /\r\n\r\n1. Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) кезінде адамдар кілем , жайнамаз төсеместен жәй жердің үстіне намаз оқи беретін . Сондықтан қазіргі уақытта таспен ойнау сияқты істердің қатарына кілем , қаламсап , телефон сияқты т.б. заттармен де ойнау кіре береді .\r\n\r\n2. Бұл сөз сол кездегі араптардың киетін киіміне байланысты айтылған . Олар ол тұста ұзынша бір көйлекті киетін . Сондықтан кей жағдайда тізені көтеріп отырса , сандарының көрініп қалуына себеп болатын .\r\n\r\n \r\n\r\nҒұламалар осы сәттің уақытын белгілеуде бірнеше пікілер айтқан . Сол пікіртердің ішіндегі дәлел күштірегі мына бір екі мезгіл .\r\n\r\nБірінші мезгіл : Ол сәт имамның мінберге отырғанынан бастап парыз намазынан босағанға дейінгі аралық .Бұл мезгілге дәлел ретінде мына хадис келтірілген :\r\n\r\nАбдуллаһ Ибн Омар бір күні Абу Муса Ал-Ашғаридің ұлы Абу Бардадан : « Сен әкеңнен жұма күнгі сәт туралы бір нәрсе естідің бе ? » – деп сұрайды . Сонда Абу Барда : «Иә , мен оның былай дегенін естіген едім . Әкем маған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с):« Осы сәт имам құтпа үшін мінберге отырғаннан бастап намаз біткенге дейінгі аралық » – деген сөзін айтқан деді . / Бухари риуаят еткен /\r\n\r\n \r\n\r\nЕкінші мезгіл : Ол мезгіл Аср намазынан күн батқанға дейінгі аралық . Оның дәлелі Абдуллаһ Ибн Саламаның сөзі .Ол кісі :\r\n\r\n-Мен Пайғамбарымызға (с.ғ.с) « Біздің кітабымызда ( Яғни , Тауратта . Ол әуелде яһуди дінінде болған . Кейін исламды қабылдаған ) жұма күні бір сағат бар екені айтылған . Иманды пенде намаз оқып , бір нәрсе сұраған кезінде сол сәтке тап келсе ,Аллаһ Тағала оның қажетін орындайды » делінген деген едім , Аллаһтың елшісі (с.ғ.с) қолымен бір сағаттан да азырақ деп ишарат етіп көрсетті . Сол кезде мен « Иә , дұрыс айтасыз , Аллаһтың елшісі ! Бір сағаттан да азырақ »- дедім . Кейін «Тауратта айтылған сол сәт қай мезгіл ?» деп сұрадым . Аллаһтың елшісі (с.ғ.с) : « Күннің күндізгі уақытының ең соңғы мезгілі » – деді . Сол кезде мен : «Ол кез намаздың уақыты емес қой»- дегенімде , ол кісі: «Иә -деді де – егер иман келтірген құл намаз оқып болғаннан кейін , намаз үшін отырса ( яғни , келесі намаздың уақытын күтіп ) , ол намаз хәлінде болып есептеледі»- деді .\r\n\r\n/ Ахмад және Ибн Мажа риуаят еткен /\r\n\r\nӘдептердің соңында айта кететініміз , мұсылман пенде жұма намазына бекем болып , одан себепсіз қалудан сақтануы қажет . Себебі Дамарилік Абу Жағдтан келген хадисте :\r\n\r\nКім себепсіз немқұрайдылықпен үш жұманы қалдырса , Аллаһ оның жүрегін мөрлеп қояды – делінген .\r\n\r\n/ Абу Дауд риуаят еткен . Албани хасан , сахих хадистерден деген /\r\n\r\nЯғни жүрекке мөр басылса жүрек қатайып , ізгі істер мен уағыз –насихат , дұға , зікірлерден болатын пайдалы әсерлер мен ләзаттардан махрұм қалады .\r\n\r\nПайғамбарымыз(с.ғ.с) мінбәрінде тұрып: «Адамдар жұма намазынан қалуды тоқтатсын немесе Аллаһ Тағала олардың жүректеріне қара таңба басуы хақ. Кейін ондай адам қапы пенделер қатарына жазылып қалады,»- деп айтты.\r\n\r\n/ Ибн Омардан Имам Муслим риуаят етті.\r\n\r\nБарша мақтау бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға тән . Және Аллаһтың игілігі мен сәлемі Пайғамбарымыз Мұхаммедке болсын !\r\n

 

\r\n

Құрастырып, дайындаған: «ӘЛІ БЕКЕН» мешітінің найб имамы Әбдімүтәліп Сәттібайұлы. ОҚО. Кентау қаласы.

Жауап жазу

Your email address will not be published.