Бейсенбі, Қыркүйек 21

Сырымбек Төлеуұлы   XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы

«Алаш» ұғымы-қазақ халқының байырғы сөзі. Мағынасы – елдік, тұтастық, бірлік, айбарлық деген бірнеше ұғымдарды жинақтайды. Қазақ ішінде «алаш алаш», «алты сан алаш», «алаш мыңы» секілді тұрақты тіркестер ежелден айтылады. Сондай-ақ, «Керегеміз-ағаш, ұранымыз-Алаш» деген нақыл ұстаным да бар.Бұдан шығатын қорытынды, алаш-қазақ ұлтының өте бір аяулы сөзі. Мұны қазақ этнонимінің синонимі десек те болады. Жалпы тілдік негізі тұрғысынан келсек, алаштың түбірдегі «ал»-от, қызыл, арай дегенді білдіретін ежелгі түркі сөзі.

Мысалы, Алтай, алау,алқызыл, албырт, аластау, албар, аламан, алөкпе, алаң алқап тағы басқа сөздердің арғы түбі «от» ұғымына (қуат, күш, жігер, шапшаңдық, қызбалық, тегеурін, зор деген мағынадағы ) барып тіреледі. Отандық зерттеушілер ішінде Шоқан Уәлиханнан бастап Алаш ұғымын зерделегенін байқаймыз.Ол қазақ пен алаш ұғымдарын қатар қоя отырып («начало народ казахов или алач…»), былай деп жазады: «У киргиз разные роды имеют свою тамгу и уран. Уран у всех киргиз есть алач».

Бұдан Алаштың-елдік-мемлекеттік рәмізге айналған ұғым екені көрінеді. XX ғ. басында Ә.Бөкейхан бастаған ұлт қайраткерлері Алаш атын партияға да, үкіметке ұлт кеңесі де бергенде осы ұстанымды басшылыққа алғаны анық. Азаматтық тарихымыз үшін аса маңызды Алаш қозғалысы кезеңінде Алаш идеясы-қазақтың ұлттық идеясының темірқазығы болды. Зиялылардың  Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа еліміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. XX ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол-Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр.Алаш идеясы үшін күрескен кезең-1907 жалдан 1930 жылға дейінгі уақытта ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. Алаштың қайраткерлері-Ә.Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досымұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы. Алаш зиялыларының алдағы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше.

Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да-солар болды. Алаш зиялылары-елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар-барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы. Алаш алыптарының бірі Міржақып Дулатов «Оян, қазақ» деп жарсалса, Алаштың тағы бір қайраткері Халел Досымұхамедов «Өз тілін өзі б ілмеген ел-ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт-жойылған жұрт» депті. Уақытынан оза туған Алаш қайраткерлерінің идеялық мұрасын терең зерттеп, бүгінгі күннің қажетіне жаратып, олардың ісін жалғастырған абзал болмақ. Алаш орда үкіметінің құрылуы мемлекет үшін қажет етті. Олардың қазақ ұлтын ұйыстырыудағы, оятудағы бірнеше жылдық пәрменді әрекеттерінде жоғарыда аталған қажеттіліктер көрініп жатты. Мемлекеттің іргесін қалау мәселелері жазған еңбектері мен атқарған істерінен айқын көрініп тұрды. Алаш қайраткерлерінің облыстық, уездік съездер мен комитеттерді, жалпықазақ съездерін ұйымдастыру, сол тұстағы Уақытша үкіметпен келіссөздері, бағдарлама дайындауы, қаулы-қарарлар қабылдауы-олардың қаншалықты дәрежеде саяси сауатты қайраткерлер болғандықтарын көрсетеді.

Алаш зиялыларының мемлекет басқару ісінде қаншама озық ойлы, құқықтық мемлекет құрудың алғышарттарын жасағандықтарына көзіміз жетіп отыр. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тетіктер өркениетті елдердің озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен саяси, ұлттық жағдайларға байланысты қалыптасып құрылды. Осыған қарай мемлекеттік тетіктің құрамында Президент ерекше орын алды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан халқы Тұңғыш Президентін сайлады. Осыдан келіп қарасақ, Алаш қайраткерлерінің «мемлекеттің басшысы Президент» деп тұжырымдауын өмірдің өзі дәлелдеді. Алайда тәуелсіздік жылдары Алаш идеясын өткен шақта қарастырыу басым.Тәуелсіздікті жариялаумен тәуелсіздікке қол жеткізіу ұзаққа созылатын тарихи кезең. Қазақ ұлтының бүгінгі болмысы, тұрмыс тіршілігі «Ақ жол»партиясы Алаш идеясы немесе қазақ идеясы мазмұны жағынан терең, бір партияның іс-әрекетімен, бағыт-бағдармен сарқылмайтын құндылық. Ал коммунистерден басқа партиялар да алашшыл азаматтар баршылық. «Ақ жолдың» орны бөлек, жүгі ауыр, ұлт идеясын сабақтастық дәстүрмен жалғастырыушы партия.

Бұның дәлелі «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауы Қазақстаннның «Ақ жолы»Демократиялық партиясы «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауын өткізгені белгілі. Шараның басты мақсаты «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын зерделеу және оны қазіргі заманғы Қазақстан қоғамына тарту болып табылды. 2013 жылы Қазақстан  Республикасының Премьер-Министрі С.Н.Ахметовтің атына жолданған «Ақ жол»партиясының Парламенттік фркациясының депутаттық  сауалында осындай мәлімдеме жасалды.Фракция депутаттарының атынан сөз алған Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясын өткен жылы Алаш қозғалысының 95 жылдығының қарсаңында Алаш рухын ардақтауда әлі де атқарылмай жатқан істер көптігіне назар аударып, Үкімет басшысының атына сауал жолдағаны, оған Алашқа байланыстыҚазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері істелген жұмыстар туралы хабардар еткен Премьер-Министр қол қойған жауап алынғанын еске салған еді. Қараша айның 23-інде «Ақ жол» партиясы осы датаға орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен  XXI ғасырда Қазақстан қоғамы жаңғыртудағы «Алаш» қозғалысы идеяларының өзектілігі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.Осы конференцияның және Алматыда,бірқатар облыстарда жалғасын тапқан Алаш тақырыбына өткізілген әртүрлі жиындардың қатысушылары «Алаш» қозғалысының 100 жылдығын еліміздің өміріндегі аса маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, оның дайындығына Үкіметті, Парламентті, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды кірісуге шақырған еді.

Сонай-ақ  2014 жылың 13 желтоқсанында Астана қаласында «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің Пленумында «Алаш идеяларын бүгінгі және келер күнге жаратуға бағытталған бағдарлама қабылданғаны белгілі» және де «Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесі тағы бір аса маңзды шешім қабылдады. Партияның Саяси бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде әзірленген «Ақ жол» партиясының 2015-2020 жылдарға арналған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын зерделеу және тарату жөніндегі Бағдарламасының жобасы» негізінде алынып, оның аса маңызды құжат екендігін ескеріліп, ол барлық партия ұйымдарында екі ай ішінде кеңінен талқыланып, Жыл басы-наурыз айының 22-і қарсаңында партияның жоғарғы басшы органдарының бірімен қабылдануы үшін ұсынылатын болды. Мәңгілікке ұмытмайтын ұл жоқ. «Елбасымыз Қазақстан-2050» Стратегиясын Қазақстан халқы зор қуанышпен қабылдады. Бұл-аса маңызды тарихи құжат. Ұрпаққа жауапты-талап.

Ұлттық интелегенция, олардың шығармашылығын қалыптастыруда, тіліміздің мәртебесі, экономикамызды дамытып, Еліміздің тұғырын көтеруде Елбасымыз игілікті мақсаттармен Алаш азаматтарының ниеттері арасында үлкен сабақтастық жатыр.Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында «Бабалармыз тірі болу үшін бір болса,біз әрдайым ірі болу үшін бір болумыз керек» деп тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» ету мұрат ететінімізді жариялады. Және оның ең басты шартын да атады: «Бабалардың ерлігі,бүгінгі буының ертен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз» Бұл ретте атқаруға тисті міндетіміз –жасампаз және өміршең ұл қалыптастыру жолында еңбек ету,осы мұратқа жеткізеді. Бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасыр уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің атарухы алдндағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру,соған лайық еңбек ету,өткенге құрмет көрсету болып табылады.

Астана қаласы

Бұрын жарияланған

Алты Алаш-ақпарат

2 Comments

  • Ұлттық интелегенция, олардың шығармашылығын қалыптастыруда, тіліміздің мәртебесі, экономикамызды дамытып, Еліміздің тұғырын көтеруде Елбасымыз игілікті мақсаттармен ғылымға білімге өте мән беруі біз үшін бақыт. себебі, адам адамды тек қана білім, ғылым арқылы ұта алады. соның ішінде жастардың шетелде білім алуына мүмкіндік беруі салиқалы саясатының көрінісі.

  • Ұлттық интелегенция, олардың шығармашылығын қалыптастыруда, тіліміздің мәртебесі, экономикамызды дамытып, Еліміздің тұғырын көтеруде Елбасымыз игілікті мақсаттармен ғылымға білімге өте мән беруі біз үшін бақыт. себебі, адам адамды тек қана білім, ғылым арқылы ұта алады. соның ішінде жастардың шетелде білім алуына мүмкіндік беруі салиқалы саясатының көрінісі.

Жауап жазу

Your email address will not be published.