Бейсенбі, Қыркүйек 21

Серік Ақсұңқарұлы Сабыр берді ішінен тынатындай…

Не ғажап бар Тәңірдің қуатындай:

Ұят берді –Ұлтымның Ұятындай!

Топыраққа керемет кие салды,

Бөкейханнан –Әлихан туатындай!

Көкірекке көл қылып шер сіңірді

–Көз жасымен көйлегін жуатындай…

Иман берді – нәпсіні тыятындай,

Сабыр берді – ішінен тынатындай;

Тағдыр тартты – тар жол мен тайғақ кешіп,

Ақыл-есті абдырап жиятындай;

Далам қандай – бес бірдей Франция

Бебеулемей, беліме сиятындай!

Ар дарытты аздырмас текті ірітіп,
Көк Бөрісі кеудемде кекті – ұлытып!
…Қалай Тәңірі осынша ұлы ұлысқа
Ұлттық сезім сыйлауды кетті ұмытып…

2 Comments

  • Рустем Досымкулов

    Құрметті отандастар!\r\nСіздердің назарларыңызды күннің көкейтесті мәселелерінің біріне аударғым келіп тұр. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен байланысқан және негізінде тиісті экономикалық салалары арқылы өнім өндірісі мен тауар айналысы факторларының ықпалында тұрған елдің тұтынушы нарығы.\r\n Әлі күнге дейін елдің тұтыну нарығының ең үлкен үлесін импорттық өнім құрайды, импорттық өнім бағасының көтерілуі ішкі нарыққа теріс әсер етеді.\r\n Сондықтан ел Үкіметі инфляцияны қалыпты деңгейде ұстау шараларын қолданып, оларды дәйекті түрде іске асыруы керек.\r\n Алдағы уақытта алғашқы қажеттіліктегі тауарлар бағасын белгілі бір деңгейде ұстау, нақтылы экономиканы дамыту, тұтыну нарығын экономикалық тетіктер арқылы реттеу қажет.\r\n Экономика саласындағы мемлекет саясаты бірінші орынға жеке бастамалар мен кәсіпкерлікті жан жақты қолдауды қоюға тиіс.\r\n Осы бағыттағы бірінші мәселе жасанды әкімшілік барьерлерді жою, құқықтық нормативтердің жалпыға түсінікті болуы, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік ережелерді жеңілдету. Яғни, біз осы бағыттағы заңдарды, лауазымды тұлғалар көзқарасын өзгертуіміз керек.\r\n Шағын және орта бизнестің дамуы, әсіресе, өндірістік кәсіпкерліктің дамуы – бұл салықтың бюджетке жүйелі түрде түсуі және жұмыс орындарының көбеюі.\r\n Инвестициялық климаттың және кәсіпкерліктің одан әрі ұлғаюы қажет, соның ішінде жасанды әкімшілік кедергілерді және жемқорлықты жою – Қазақстан Үкіметінің экономикалық саясатындағы стратегиялық бағыты.\r\n Осыған байланысты, өндірістік кәсіпкерлікті ары қарай дамыту, жаңа техника мен технология тарту мақсатында ел ішіндегі өнім өндірісін үлкейту арқылы кәсіпкерлер жұмысындағы түрлі тексерістер мен ревизиялар үшін алғашқы үш жылдық мораторий жариялауды, тиісті министрліктер мен ведомстволардың «Мемлекеттік жеке серіктестік туралы» Заң құруын және оны Парламент пен Үкімет қарауына жіберуін ұсынамын.\r\n Қадірменді ағайын!\r\n Тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде өзінің ішкі және сыртқы саясатын жақын және алыс келешекке құрған, әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болған Қазақстан бүгінде болашақтағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани мақсаттарына қарай нық қадамдап келеді.\r\n Қысқа тарихи мерзімде халықтың және ұлт ұлдарының риясыз қолдауы арқылы, соның ішінде сіздердің, отандастарым, қолдауларыңыз арқылы үлкен жемісті жұмыс жасалды, қиындықтар мен кедергілерге қарамастан біз алдағы онжылдықтарға жол бастадық. Бұл – экономикалық және саяси егемендік жетістігінің, мемлекеттіліктің нығаюының, отандық экономиканың динамикалық дамуының жолы.\r\n Болашақтың негізін бүгіннен бастап қалау және нығайту – уақыт пен жаңа ғасыр талабы. Әлемдік қауымдастық пен өркениетті елдер ғылыми-техникалық революция ғасырында алға қарай ғарыштық жылдамдықпен қарыштап барады.\r\n Жердегі нағыз жұмақ саналатын сүйікті Отанымызды жаңа бейнемен, үнемі өсетін экономикалық әлуетпен және тұрақты техникалық және технологиялық дамумен қамтамасыз етуіміз керек.\r\n Қарама-қайшылықтар мен өткір ғаламдық бәсекелестікке толы мына әлемде бүгінгі және келер тағдырымызды қолға алуға, тәуелсіздік пен ұлттық мемлекеттілікті қорғауға, елдің қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге, ұлт мүдделерін қорғауға, үлкен жемісті жұмыстар атқарып және алдағы онжылдықтарға стратегиялық жоспарлар құруымыз қажет.\r\n Осыған байланысты материалдық-қаржылық мүмкіндіктерге қарай біздің стратегиялық мақсаттарымыз – индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру, елдегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, әсіресе, өндіруші саланың, ресурс жинау саясатын іске асыру,ел мен азаматтық қоғам тыныштығын және қорғанысын қамтамасыз ету.\r\n Сіз бен бізден ел халқы үлкен нәтижелер мен жетістіктерді, маңызды өмірлік мәселелердің шешімін – еңбекақының, зейнетақының және ақшалай жәрдемнің ары қарай жоғарылауын, жаңа жұмыс орындарының құрылуын, электроэнергия және газбен тұрақты қамтамасыз ету, қызмет көрсету жүйесінің жақсаруын, демалыс үйлері мен жаңа заманауи объектілердің, мектептердің, балабақшалардың құрылысын, заңның жоғарылығын, қылмыстың азаюын, өмір деңгейінің жоғарылауын күтеді.\r\n Қоғамның маңызды өмірлік мақсаттарына жету үшін біз барлық әлеует пен мүмкіндіктерімізді мобилизациялауға, жауапты болуға, таза қолымыз жіне ыстық жүрегімізбен, жоғары отаншылдық сезіммен, азаматтық парызды түсінумен өзімізге артылған мәселелерді орындауымызға, қоғам рухын көтеріп және оны сүйікті Отанымыздың жағдайына бағыттауға тиіспіз.\r\n Уақыттан және өркениетті қоғамнан қалмау үшін, әр басқарушыдан, депутаттан, маманнан, мемлекеттік басқару саласының кез келген жауапты қызметкерінен, жалпы, ұлттың әрбір ұлынан белсенді еңбек және Отанның бүгіні мен ертеңіне деген қамқорлық талап етіледі.\r\n Сіз бен біз әрқашан халыққа сүйеу болып және жемісті де құраушы негіздің алдында болуымыз қажет.\r\n Бүгінде әрқайсымыздың миссиямыз – Отанымыздың жетістіктерін бекіте отырып, сүйікті еліміздің болашаққа сенімді қадамдау үшін, Қазақстанның үні әлемдік аренада жаңғыру үшін қазақ халқын игілікті және тыныш болашаққа бастау.\r\n Тағы да еске саламын, мемлекеттің жиырма жылдық тәуелсіздігінің жемісті жолы қиындықтар мен кедергілерге толы болды, бірақ біз оларды халықтың мықты ерігі, ұлт зиялыларының жемісті талабы арқылы жеңіп шықтық.\r\n Менің ойымша, Қазақ ұлттық мәдениеті, тілі, дәстүрлері мыңдаған тұлғалардан құралған тұтас ұлтты біріктіреді. Денелер бір бірін жеңе алмайды және біріге алмайды, себебі олар материалды. Бірақ жан, ақыл, жүректер бірігіп, үлкен бүтінге айналады, себебі олар материалды емес және жоғарғы күшке бағынған. Жан, жүрек, сана рухтың терең заңдарымен өмір сүреді. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлап, қазақша өмір сүретін адам қазақ рухының тереңіндегі тамшыға айналады! Сол кезде оның жанына теңізге тамған тамшының тыныштығы мен қуанышы ұялайды. Егер қазақ отаншылдық – қазақ рухы теңізіне бастайтын соқпақ екенін ұмытпаса, оның жүрегі әрқашан миллиондаған отандастарының жүрегімен бірге соғады. Сондықтан да туған тілді сүю мен сақтау, отаншылдық пен ұлттық құндылықтарды насихаттау өте маңызды. Сол үшін де мен барлық мақалаларымда отандастарымды отаншыл болуға шақырамын.\r\n Еркін, лайықты, ежелгі, өркениетті қазақ ұлты гүлденуші болашағы мен бабалар жерінің дамуы үшін одан әрі көптеген ұлы істер атқарады.\r\n Осы жылы Қазақстан ұлы тарихи күндерді – тәуелсіздіктің 20 жылдығын, Кенесары ханның 150 жылдығын, Абылай ханның 300 жылдығын атап өтпек. Осы ұлы күндер Қазақстанның әр тәуелсіз тұрғынының өзіндік танымын, ұлттық бірлігін, отаншылдық намысын нығайтатынына, сонымен қатар ары қарай бабалар Отанының игі құрылысы мен ұлылығына көмектесетініне үлкен сенімдемін.\r\n Аталған мерекелер өзіндік танымы , ұлылығы, ұлттық намысы бар, тек бірлікте болған халық пен мемлекет қана өзін өзі жоғалтпайтынына көз жеткізеді.\r\n Қымбатты достар! Тәуелсіз және егемен Қазақстанның өмір сүрген жылдарында көптеген нәрсе өзгерді. Адамдар санасы да өзгерді.\r\n Біз ел және біріккен ұлт ретінде нығайдық. Осы ұлы сезім ары қарай өмірді жақсартуға, еңбек пен шығармашылыққа, өмір сүруге және жаңа ұрпақ тәрбиелеуге жайлы қоғам құруға көмектеседі.\r\n Менің адал еңбекке, даналық пен менімге деген шынайы көзқарасым, құрметті отандастар!\r\n Барлықтарыңызға және отбасыларыңызға мықты денсаулық, табыс және Отанымыздың бейбіт аспанының астында бақытты болуларыңызды тілеймін!

  • Сөз жоқ ғажап өлең.. Бір таң қалатыным Қаншама адам оқыпты, бірақ біреуі өз пікірін қалдырмапты. Сонда қалай екі жүзге жуық адамның ішінде жеке пікірі бар біреуі болмағаны ма?

Жауап жазу

Your email address will not be published.