Дүйсенбі, Қаңтар 22

Ахметбек Нұрсила Қазақтың жауы – сетевой маркетинг!

Осы Facebook-ті құзырлы орындардың өкілдері оқи ма екен? Құзырлы орындарда (КНБ, прокуратура ) істейтін таныстарыңыз қайсыңызда бар?

Бүгін “Айтуға оңайға” Бейсен Құранбек бауырымның шақыруымен өз командаммен түсіп келдім. Түсірілімге бір топ бизнес жастар келіпті көрермен болып қатынасуға! Жастардың жанарында от жоқ! Эксперт шалдар келді.  «Сен не шатып отырсың, сонда не қазақтың бәрі кәсіпкер болып бай болып кетуі керек пе» деп. Тура осылай айтты! Өзі ауқатты бизнесі бар адам. Ал басқа Қазақ бай болады десе ШОШИДЫ!!
Ата бабамыз осындай бай да кең ұлан асыр жерді тастап кетті бізге! Неге ҚАЗАҚ КЕДЕЙ болуы керек???Түсірілімнен кейін бастары салбырап, көздері мөлиіп тарап жатқан жастарды көргенде өкіріп жылағың келеді екен! Неге солай рухы түсіп кеткен Қазақтың?
Бір жас қыз келіп айтады: «Аға сізге ешкім сенбеді, очередной Сетевой маркетинг қой» деп кетті дейді. Мен Сетевой маркетинг дегенді естігенім болмаса, білмейді екен не істеп, не қойып жүргендерін! Ана “Айтуға оңайда” істейтін қыз бала небір сұмдықтарды айтты:
Сендер бай болу керексіңдер, сендер айына осынша ақша табу керексіңдер, сендер осылай киініп жүру керексіңдер деп мотивация жасап, жасап алып; Ертең 250 000 теңге алып кел, қасыңа 5 адам ерте кел, содан соң сен өмір бойы айына керемет ақша алып тұрасыңдар деп саналарын улайды екен. Қалай ақша жинап алып барғаныңды өзің білмей қаласың” дейді.
Осыдан артық жауыздық болады ма? және де жастардың кәсіпке деген сенімін мүлде жоқ қылып тастаған ғой бұл иттер!

Егер бұл рас болса НЕГЕ ҚҰЗЫРЛЫ орындар олармен айналыспайды? Кім біледі?

Автордың facebook парақшасынан алынды

2015 ж жарияланған

Жауап жазу

Your email address will not be published.