Дүйсенбі, Қаңтар 22

Ғұндар, Түркілер және Шыңғысхан бастаған моғол татарлар кімдер?

Көк түріктен Шыңғысханға дейін

1 .ғұндар, түркілер және шыңғысхан бастаған моғол татарлар кімдер?.

ғұндарды барша түрік текті ұлыстардың ата-бабасы ретінде қарастырады, ал ол қалайша түрік тілды?

Жұңго жылнамаларында түріктерді ғұндардың басқа бір әулеті деп қарайды, ал одан бұрын жасаған телелер түрікпен ұқсас, салты да, тілі де бір.телелерден шыққан ұйғұр тайпасының тілі түрікше, бұны махмұт қашқари:”ұйғұрлардың тілі таза түрікше” деп баяндайды, ұйғұр қағаны мойынчордан қалған бытыктастағы тілде түркі қағаны білгі қағанның құлыптасындағы тылмен ұқсас.ал оғыздарда түрік, онда оғызбен ұйғұрдың ата-бабасы телелер яғыни төлестерде түрік болады, ал жұңго тарихнамаларында телелермен ғұндардың салты бірдей, тілінде тек аздаған парық бар дейді, бұған негізделсек ғұндарда телелермен ұқсас түрік тілды халық болады, бұған еш күмән келтіруге болмайды, ал .

 

Еۈрөпә, орыстың түрікпен өрттей өш тарихшылары үшін ғұн түрік емес, қазіргі мұңғұл атанған халықтың арғы атасы, себебі :оған тілдік дәлел аз екен, сондықтан оны түрік деп тұрақтандыруға болмайды екен, ал әдет-ғұрпыда, тілдік жақтанда дәлел аз болсада ғұн мұңғұлдың ата-бабасы екен, ал түрікке келгенде құлыптасқа жазылған жазу болмаса мойындамайды екенде, ал мұңғұлға келгенде еш дәлел болмасада мұңғұл дей салады, сондықтан олардың ұғымында ғұн, сәнби, жужан, моғолдар мұңғұл екен, әрине дәлелі аз болсада, ал ана түрік, теле, ұйғұр, оғыз, қыпшақ дегендердің құлыптасы және махмұт қашқаридың сөздігі арқылы зорға түрік деп танып отыр, егер олар болмаса олардыда мұңғұл дей салар еді, оларға иәкүтиадан анадолыға дейінгі 200 миллион түрік аспаннан түскен, ел құрмаған бейшәрәләр екенде, ал 10 миллионға толмайтын мұңғұл атанғандар бәрін істеп, бәрін тындырған болып көрінеді екен.әл қазақ елі %80 тен артығы мұңғұл болып өздеріне бағынған азғантай қаңлы, қыпшақтардың тілінде сөйлеп түркіленіп кеткендер екен!.

Ал осы айнымас ақиқат болып орныққан теуөриәні аударатын кез келген ұқсайды.

 

Бір ғажап жері шыңғысхан бастаған моғолдардың құрамында қиыр шығыста үйсін, дулат рулары болған, үйсіннен борохол ноян шыққан, ал дулаттар кейін моғолыстанның негізгі билігін ұстаған.ал осы екі тайпаның тарихы тым арыда жәтір.үйсін 2000жыл бұрын ғұн заманында шүлен таудан іле, жетысуға келіп ел құрған, кейін елінің саны 630 мыңған, әскері188800 ге жеткен.әл дулатты сол үйсін күнбиі елжәудің ортаншы ұлы дұлұдың еншісіне тиген ел деп қарайды.5-ғасырда үйсін елі жужандардың шапқыншылығынан жойылады.содан тартып үйсін атауы тарихтан өшеді.турә 10-ғасырға келгенде қиыр шығыста шығыс мұңғұлиадан бой көрсетіп тұйғын, мүркеттермен бірге қидан ханына тарту тартып барады.бұл туралы:”938-жылы 14-тамыз күні шүршіттен, 24-тамыз күні тұйғұн, үйсін, мүркеттенде мәмілілік кадесімен елшіліктер келді” (“жұңго жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер”3-том, 168-бет) .

Қидан патшалығына қарасты елдердің тізіміндеде “үйсін елі хан ордасы” деп аталады.

Ал дулат шыңғысхан заманында қияттардың нирун табындағы рулардың қатарынан бой көрсетеді.әл дулұ атты ұлыс .

 

Батыс түрік қағанатының белді руларының бірі болған.ал енді бір қайшылық шықты? Сонда бұлар қалайша батыста жүрген елдер бірі үйсін 5 ғасырдан соң, ал дулат 3 ғасырдан соң шығыстан бой көрсетеді, ал әлгі аталмыш еۈрөпә мен орыс тарихшылары бұған бас қатырмаған, олардың ойында батыс түрік қағанаты жойылған соң дулатта жойылып бейне жер бетінен жоқ болған да аяқ астынан шағатай хандығы құрылғанда пайда бола кеткен, онан қазақтың бір руы болған.ал ана шығыстағысы ол мұңғұл қазақпен қатыссыз дейді.әл үйсінде солай екен, 6 ғасыр жоғалып кетіп 9-ғасырда шығыста мұңғұл руы атымен пайда болыпты да олар мұңғұл иімпериәсін құрған дәрлекін қияттың бірі болыпты.ал оныңда қазақпен қатысы жоқ, ал қазақтағы үйсін ол 5-ғасырда жужаннан жойылған беті бейшәрә болып жүріп моғолыстан құрылғанда барып қайта ел бөліпті.ешқандәй тарихи оқиғаға араласпаған, тауда мал бағып қана жүрген, қазақтың үйсін дулаты мен ана қияттың үйсін дулаты аты ғана ұқсас, бір ел емес, ол ғана емес атағы таудай бір орыс тарихшысының айтуынша шыңғысхан заманындағы айбынды найман тайпасыда қазақтағы найман емес.өсіләйшә ұлы жүздегі біткен қазақтың көбі тарихсыз болады, ал кіші жүздың ?.

 

Бірен-сараны болмаса олардыңда тарихта аты жоқ тобыр ғана, ал орта жүздың қыпшағы батумен, шыңғыс қырғаннан аман қалған бейшәрәләрдә, ана керей, найман, қоңырат, жалайыр, меркіт дегендер шыңғысханнан жеңіліп қашып келген қашқындар екен орыстардың ойынша.

Ал қият руларының тізімінде сұнұт атты ру болса, түріктерде сонон руы болған;марғұз бастаған зубу яғыни сәбек (сүбүк) кейінгі керейді құраған, ашына тайпасының бір руы солтұ болса қияттың бір руы солтос, қорқыттың руы оғыз ішінде баяуыт, ал қияттың дәрлекін табының бірі тағы баяуыт, наймандар сегіз оғыз.батыс түріктің бір руы шаныш болса, қияттың бір руы шанышқұт.ғұнның бір руы сүбүк, ал түріктің бір руы сүбүк, керейлер сүбүк, ғұнның бір руы құян болса, шыңғысхан қиян (қият) .қандай ғажайып ұқсастықтар?.

Ғұндар:сұбұк, чұлұн, ланди, лан, құян, сұбұй қатарлы 6 тайпаға бөлінген.бүндә сүбүк түріктің сұбұ яғыни сәбек руымен аттас тағы чұлұн чұмұл руымен аттас, құян шыңғысханның қиян яғыни қият руымен әттәс.демек әр кездегі деректерде әр түрлі хатталсада негізгі .

 

Дыбысталуы өзгермеген.

Мына дерекке қарайық:” «теле тайпаларының қатарында бүркіт, тоңыра, құйғыр, байырқы, бұғыра рулары ;бұлар тула өзенінің сөлтүстігінде тұрған;

Мөнден, танағыр, сегет, ғұн, қоқсыр, деген арыстарының соғысқа жарамды адамы 20 мыңдайұбырдың батысы мен әнгенің терістігіндегі ақ тауды қапталдай қыбыт, бұлақшық, едер, сұба, нағар, оғыз, қырғұт, ядыр, иүрегірле р отырады.бұлардыңда соғысқа жарайтын адамы 20 мыңдай.алтайдың батыс күнгейінде сыр-ендә, тайнақ, зыбан, дарқыттар мекендейді.бүләрдә жорыққа 10 мыңдай адам аттандыра алады.қаңлының теріскейіндегі еділ өзенінің бойын едіз, ғажар, барғұт, биған, қоқы, қабыш, ажасу, баяуыт, кердерілер мекендейді, бұларда жорыққа 30 мың адам аттандыра әләді.теңіз көлінің шығыс және батыс жағалауларында салар, қият, үш сақсын, марсұқ, сақыралар отырады.бұларда 8 мыңдай жасақ бар.пұрұмның батысында ұңғұт, алан, печенек, құлас, барғұндар мекендейді, бұларда 20 мыңдай жан бәр.сөлтүстік теңіздің күнгейінде тыбалар отырады. (“жұңго жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер”2-том 340 бет) .

 

Ал 5-ғасырдағы қаңғарлар арасында ғұнның құян яғыни қият руы қайдан жүр деп таңғалуыңыз мүмкін.бүған еш таңғалудың қажеты жоқ, бұлар ғұндар батысқа еۈропаға ауғанда каспидың маңында қалып қойғандар деуімізге болады.

Ал үйсін түрікпе? Иранба?

Орыстардың ойынша 2000 жыл бұрын қазақыстанда жасаған сақ, қаңлы, алан бәрі түрік емес.әл жұңго деректерінде үйсіндердің ғұндардың бір түрі екендігі айтылған, ал елжәу күнбидің аңызыда бөрі аңызы, түріктерге ұқсас.бұған негізделгенде үйсіндер даусыз түрде түрік болады.ал сөзінде тұрақ жоқ орыс тарихшыларының үйсін молаларына жасалған әнәлизінде үйсін %80 еۈропалық болып шығыпты, міне еۈропалықнасыл болса түрік емес (тағы бір қайшылық жері сол сары нәсілді таза түрік тілінде сөйлеген түркі халықтарын әсіресе көшпенділерді мұңғұлданғандар анық түрік емес деп, ал керісінше орта шығыс еۈрөпә шегіне барып бүкілдей еۈрөпәләнған тұркиялықтарды нағыз түрік деп санайды, сонда түрік қай нәсіл?), иран болады екен, ал тарихи деректерде үйсіндердің алғашында 20-30 мың ғана әскері бар шағын ек екендігі айтылады.ал олардың санын көбейткен сол іле, жетісудің тұрғылықты сақтары.ал ?.

 

Сақтар иран текті болсын дейік, ондай болғанда ана орыс архолоктарының үйсін дер деп жүргенінің көбі сақтар болады, олар үйсіндерге бағынышты сақтардың моласына зерттеу жүргізген болады.ал қытай деректеріндеде:”үйсіндер шүңірек көк көзды, жирен шаш-сақалды, ат жақты келеді” деп айтылады, ал сол 630 мың халықты қаншасы үйсін? Қаншасы сақтар? Алғашында 30 мың әскері бар үйсіндерде 150 мың адам болады, демек %75 тен артығы жергілікті адамдар деген сан шығады, ал үйсіндерде таза сары нәсіл деуге болмайды, ғұндардыңда %11 ы еۈрөпейд шыққан, ал олардың батысында иүзілер (тохар) лармен аралас жасаған үйсіндерде еۈропалық құрам онанда көп болуға тиісті.әл жужандар үйсін мемілекетін жойған кезде осы бағынышты сақтар үйсіндерден тәуелсіздік алады, үйсін одағы ыдырайды, тағы шапқыншылық соғыстада қырғынға ұшырайды, бас сауғалап бөтен елдерге телім болатын жағыдайлар көп, сонан үйсін әлсіреп кіші елге айналады, ал бұндай жағыдай кейінгі түрікпен, ұйғұрдыңда басынан өткен, оларда мемілелеті құлаған соң азайып әлсыз елге айналған. ?

ал түрік қағанаты құрылғанда үйсіндер сол батыс

 

Түріктің құрамындағы шағын ел болса керек, сондықтан үлкен есепке кірмеген болуы мүмкін, ал ол кезде үйсіннен шыққан дулат яғыни дулұлар белді руға айналған.ал 657-жылы батыс түрік жойылған соң бұлардың аты өшеді, батыс түрік одағындағы түркештер басты күшке, кейін шығыстан келггн қарлықтар басты күшке айналады, онан кейінгі қарахан дәуірінде махмұт қашқари дерегіндеде түрік тайпаларының қатарында үйсін, дулат жоқ, онан бұрынғы “құдұд әл ғалам”дада аталмайды, шыңғысхан жорығынан бұрын қазақ даласындағы қыпшақ руларының қатарында қаңлы бар, тағы үйсін, дулат көрінбейді, жетісудада аталмайды, тек шыңғысхан жорығынан кейін шағатай хандығындағы рулармен алтын орда руларында атала бәстәйді.демек олар даусыз түрде шыңғысхан жорығымен бірге қазақ даласына келген :керей, найман, қоңырат, жалайыр, оңғұт, меркіт, қатаған, барлас, дүрбен, маңғыт… Руларымен бірге келген болады.анық ақиқатыда солай, олар қияттар, үйсіндер, дулаттар, баяуыттар бұрын қазақ жерінде жасап кейін шығысқа көшкен, арада бірнеше ғасырдан соң мекеніне қайта оралған, бейне жоңғар соғысында қазақтардың араға 2 ғасыр салып шығысқа .

 

Оралғаны іспетті.әл қоңыраттың батыры”алпамыс жырындада қоңыраттардың қазіргі озбекыстандағы жиделі бәйсінді жәйләғані айтылады, ал қоңыраттар кейін шығыс мұңғұлиадан көрінеді, кейін оларда қайтадан сол жиделі байсынға келеді…

2.түрік тайпаларының шығысқа қоныс аударуы .

Неше ғасырдан бері түркі қағанаты туралы көп зерттелседе түркі қағанатын түрік тайпасы құрғаны туралы орыс тарихшылары айтпай келді, ал түрік тайпасы ол тағы ішінен ұсақ руларға бөлінеді, оның ауызға алынатыны тек ашына әулеті ғана, бұнда не сыр бар?

Себебі өте анық, түрік руларының ішіндегі рулар моғол руларымен аттас, кейінгі шыңғысхан шыққан тайпада сол түріктердің шығысқа кеткен тобы болғандықтан, оны жазса бүкіл әлем алдында өтіріктері айпарадай ашылатындықтан айтпайтыны табиғи.

Түркі текті ұлыстардың қайсы бірі қағанат құрса мемілекет сол ұлыстың атымен аталатын болған, місәлі:түрік тайпасы-түрік қағанаты, ұйғұр-ұйғұр қағанаты, оғыз оғызҚағанаты, қарлық-қарлұқ қағанаты, түркеш-түркеш қағанаты, қара-қараханилар әулеті, қимақ-қимақ хандығы, қыпшақ-қыпшақ хандығы.ал орыстың зерделі тарихшылары сол басқасын жазсада түрік қағанатын түрік тайпасы құрғанын, түрік атымен атанған тайпа құрғанын сырыт айналып кеткен, кейін оның орынына түріктен басқа түркі тектес руларды алға тәртқан.тіпті түрік қағанатын оғыздар құрған деген де логика шығарған.

 

Ал түрік қағанатын құрған түрік тайпасының рулары туралы мынадай деректер бар:

 

630-жылы шығыс түрік, 657-жылы батыс түрік қағанаты таң иімпериәсі жағынан жойылғаннан кейін, шығыс түріктер ды гуәнней бұлығы арқылы басқарған онда 19

 

Дуан, бес тұтық түрік, 18 дуан, 9 тұтық құйғұр болған.онан сырт хыбей бұлығында 2 дуан түрік болған, одан басқа кидән шығайлар 17 дуан, ғилар 9 дуан болған.ал батыс түрік қағанаты жеріндегі лұңю бұлығында удан, 27 тұтық түрік болған.

“жишияң тұтығына 4 дуан қараған, олар атық дуаны, ашына тек ұлысында құрылған, шішпет дуаны шішпет ұлысында құрылды, сұнұн дуаны сұнұн ұлысында құрылды, баян дуаны. (бұлар елік қағанның қауымы еді) .

Жоғарыдағылар шияжоу тұтығына қарады.

Иұнжұң тұтығына бес дуан қарады (оларда елік қағанның батыс ұлысы еді) .олар шал дуаны, шал-тұл ұлысында құрылды, ашына дуаны-ашына ұлысында құрылды.чык дуаны чік ұлысында құрылды, сәбек дуаны, бәгдең дуаны.

Самған тұтығына торт дуан қарады.олар үкек дуаны-үкекше ұлысында құрылды, неш дуаны тәдінеш ұлысында құрылды, беріш дуаны беріш ұлысында құрылды.чырақ дуаны.

Қағиян тұтығына 3 дуан қарады, олар:қара дуаны-қара ұлысында құрылды, қарлық дуаны, едіз дуаны.

Жоғарыдағыларды тәңірқұт басқақтығы басқарады. (мұңғұл үстіртінің шығысындағы һинган тауының .

 

Батысында, ергүнә өзеніне қарай сөлтүстікке орналасқан) .

Сенле дуаны-кермәндәнің ұлысы үшін құрылды (кермәндә адам аты) .ғұнсу дуаны (қарлұқтардың өтүкен тауын қоныстанған сол қанат ұлысы үшін құрылды, бөрілі тау дуаны (қарлықтардың оң қанат ұлысы үшін құрылған) .

Кенгүн тұтығы (қырғыздар, оны шыбара ябғұ басқарған) .

Жоғарыдағыларды әнбей басқақтығы басқарған.

Хыбей бұлығы

Түрік екі дуан

Түріктер тыныштандырылғанда лиңжоу, иұйжоу дейтін екі дуанның жеріндетүрік ұлыстары үшін шұнжоу, южоу, хуажоу, чаңжоу қатарлы 4 дуан тұтық құрылды және беикай, бейниң, бейфу, бей ән дейтін 4 дуан тұтықта құрылды…сұнұн ұлысы бөлінгенде де өнен ауданы құрылып, билік орталығы шюрұң болды да шұнжоуға қарады, кейін бәрі қалдырылды…рұйжоу дуаны, ол ұтұқан тарқанның ұлысына иыңжоу өңірінде құрылды…жоғарыдағыларды баста иыңжоу тұтығы басқарды, кейін ли жинжұң иыңжоуды басып алып шұнжоуды южоу тұтығына бөліп бергенде, түріктер сұңжоу өңіріне көшірілді.

лұңю бұлығы

Түрік 3 дуан, 27 тұтық.

Гаулан дуаны-ашына тек ұлысында құрылған.

Шиңши тұтығы

Тыка дуаны, керлақ дуаны

Мыңчы басқақтығы, ашына қара ұлысын негіз етіп құрылған.

Күнлиң басқақтығы

Бөкен тұтығы-шүмуген тұтығында құрылған.орлык дуаны-түркеш саға тұтығында құрылған.кертау тұтығы түркеш алаш тұтығында құрылған.екы өгіз тұтығы шеп шад, тон чор ұлыстарында құрылған.иыңса тұтығы-шаныш шопан чор ұлысында құрылған.тұзкол дуан тұтығы-күлік чор ұлысында құрылған.барқынтау дуан тұтығы-қарлықтың 3 ұлысы 3 тұтыққа бөлінгенде бұлақ ұлысында құрылған.дешты құм дуан тұтығы-қарлықтың чігіл ұлысында құрылған.шуанчы тұтығы-қарлықтың ташылық ұлысында құрылған.жиыфу дуан тұтығы.

Лұнтай дуан тұтығы

Жемсәрі дуан тұтығы-чұңұт ұлысы үшін құрылған.

Яғыма дуан тұтығы (яғыма руы), янлу дуан тұтығы, қағай дуан тұтығы, қасо дуан тұтығы, батыс түзкөл дуан тұтығы, шығыс түзкөл дуан тұтығы, чілік дуан

 

Тұтығы, кашет дуан тұтығы, иыңлақ дуан тұтығы, шада (шада түрік) дуан тұтығы, далан дуан тұтығы” (“жұңго жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер” 2-том, 463-беттен 473-бетке дейін) .

Ал енді мына деректен мынадай рулардың тізіміне ие боламыз: ашына тек (ашына руы, түріктердің қағандары осы рудан болады), шішпет, сұнұн, баян, шал-тұл, чік, сәбек, үкекше, тәдінеш, беріш, қара, қарлық, едіз, қырғыз, сегет, шүмуген, түркеш, шәніш, күлік (құйлау депте аударылады), яғыма (жәймә), қасо, шада.

Бұның ішінде түріктен жат ру барма деп сұрарсыз, беріш руы қазірде кіші жүз қазағында бар, кейінгі қазар қағанатындада бершілік деген тайпа болған.бұл бір тайпаның екі тарапқа болынуы ғана (ғұндардың ата мекеніндегілері мен еۈропаға кеткендері сияқты) .беріш қазар қағанатында екі негізгі тайпаның бірі бөліпті.кейін қарлықтар ел сұрағанда қарлықтарға кірген беріштерде болған.мысалы «құдұд-аал-ғаламда» : .

«осы екі қыстақтың арасында (құлан мен меркі) үш қарлық тайпасы бар, олар бирыш, қай, бистан» .

Бұндағы қай әсылы оғыздардың тайпасы.қарлықтар бастабында 3 қарлық атанған, олар:бұлақ, жүз, ташылық рулары бөләтін.әзірге қарлықтарды түрік тайпасының бір бұтағы деп кесім айту ертерек.сондықтан қарлық түрікке жатпаса, оған кейін кірген беріш түрікке жатуы әбден мүмкін.әл қырғыз ғұн заманында жиәнкүн деп қатталған ежелгі ұлыс, ал шадалар түрік текті чұңұттардан тарайды.ал едіздермен сегеттер ұйғұр одағындағы рулар, оныда түрік деп кесіп айта алмаймыз.ал қасо тайпасыда 3 қарлықтың құрамында болмаған, қарлық одағына кейін кіргенін білеміз, демек олар түрік болуы мүмкін.

Осылайша түрік тайпасы ретінде мына руларды тұрақтандыруға болады:

Ашына, шішпет, сұнұн, баян, шалтұл, чік, сәбек, үкекше, тәдінеш, беріш, қара, шүмуген, түркеш, шәніш, күлік (құйлау депте аударылады), яғыма (жәймә), қасо.

Яғыма тайпасы мен қара тайпасы кейін қарақанилар мемілекетін құрған, мемілекет атының қарахандар атануында ол қағандардың қара руынан шыққандығы болса керек, мемілекет аты қараболғанымен билеушілері өздерін түрік атаған, оған дәлел сол қарақандар мемілекетіндегі ақсұйектерден шыққан атақты тіл ғалымы махмұт қашқаридың өзін түрік атағаны, «түрік тілдер сөздігі» ын жәсәғані.егерде ол .

 

Түрік тайпасы болмаған болса, не басқа түркі текті рудан болса сөздік атын олай қоюы екітәләй еді.

Ал кейін шыңғысхан заманында бұндағы сұнұн руы-сұнұт, сәбек руы тұғырылдың атасы марғұздың тұсында сәбек (зубу, 1090-жылы марғұз сахарадағы руларды біріктіріп зубу патшалығын құрған, деседе 10 жыл ғана өмір сұрып, татарлардың сатқындығы салдарынан қидандар оны ұстап ағаш есекке шегелеп өлтірген, сонымен зубу қағанаты құлаған), ал қара руыда керейлермен байланысты, керейт кидән тілінде қаралар немесе қарғалар деген мағынада, рашид-адинда керейлерді бір ханның сегіз ұлы өңкей қара болғандықтан керейлер атанған дейді.өл тек оң түсіне ғана емес киген киімінеде қаратылса керек, ол заманда яғыни 10-12-ғасырларда сахарадағы керей сияқты руларды қара татар атаған, сол тектес түрік рулары қара қаңғалылар атанған.ал қойлау керейдің ителі руының арғы тегі, шумуген шимойын болуы ықтимал.

Ал түркеш түркеш қағанатын құрған ру, ал шәніш кейін қият руларының ішінде шанышғұт (шанышқы немесе шанышқылы) атымен белгілі.

Бұл ғана емес ашына руының өзі мынадай руларға бөлінген:әшінә, қали, ашашымды, шары теөлис, луад, парсиян, сұнұн, небдәл, рінгикеۈ, солто, янты.бұлар түрікше жазу бойынша оқылу болмағандықтан парықтау қиын, бұндағы солто руы қияттың сұлтұс (бұндағы с көпше мағынада, айталық, байыс, байт) руы болып шығады.

Түріктер ғана емес, оғыздардың баяуыт руы да қияттардың дәрлекін табындағы баяуыт руы болған, ал меркіттің бір руыда оғыз меркіт болған.ал жалайырды ұйғұр қағанатының хан әулеті яғылақармен байланыстырады. Чұңұт яғыни кейінгі шадалардан оңғыттар тарайды…

Түрік тайпасы қанша адам болған?

Түрік тайпасының адам саны қалайда 200 мыңнан кем болмаған, 550-жылдары бумин қаған алғаш бас көтергенде 50 мың отбасы төлес тайпаларын бағындырған, соған қарағанда 50 мың түтін немесе оданда көп деп айтуға болады.630-жылы елік қаған жеңілгенде оған қарасты 100 мың адам ішкеріге көшірілген, кейін сахараға қайта қайтарылған, бұл шығыс түріктің барлығы емес, ал оған тағы батыс түрік қағанатындағы түріктерді қосыңыз, қалайда 200мыңнан кем емес.

 

Батыс түріктермен шығыс түріктердің шығысқа көшірілуі

601-жылы 7-мамырда түріктердің ер-әйелі болып 90 мың адам келіп бағынды» .» («жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том, 764-бет) .

630-жылы шығыс түрік қағанаты жойылған соң шығыс түрік жеріндегі түрік тайпасы ішкі қытайға көшіріледі.

Қытай деректерінде:

««елік күйреген соңоның қол астындағылардың бір бөлігі сыр-ендаға паналады, бір бөлігі батыс өңірге кетті, 100мыңнан астам адам сарайға бағынды…таң патшасы әузыр уын янбоның ұсынысын қабыл алып түріктерді сөлтүстікте южоудан лиңжоуға дейінгі шұнжоу, южоу, хуажоу, чаңжоу дейтін торт тұтық құрды да және еліктің байырғы жерінің сол жағынан диңшиң, оң жағынан иұңжұң тұтығын құрып бір тұтас басқарды.ұлыс басыларынан 500 адам санғұн, нөкер, сардар болып мәртебе алды, жүз шақты адам сарай нөкері болып мәртебе алды, сонымен чаң-ан қаласының есебіне неше мың түтін кірді…» («жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том, 359-беттен 363-бетке дейін) осылайша елікке қарасты түріктер ұлы қорғанның ішіне қоныстандылып, мұңғұл сахарасын сыр-ендәләр сұрады.

«…кейін уәзірлер айтқандарынан қайтып, түрікті кіндік қағанатқа тұрғызу қауыпты деп қарап патшаға уақ айтты, патшада хауыптенып ашына сыманы ілбіс низек сілік бій қаған деп жариялады да, оған ли әулеті есімін беріп ордасын хуаңхының сүлтүстігіне тіктірді, түріктерді түгелдей ата-мекеніне көшірді» («жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том, 359-беттен 363-бетке дейін .

Осылайша түріктер қайтадан сахараға қайтқан, бұдан сыр-ендәләр қауыптенып әскер қинаған, таң патшасы оған ақыл айтып көндірді, түріктер 641-жылы мекеніне қайтты, 100 мыңнан аса халық, 40 мың әскер, 90 мың жылқысы болған екен.

Ал осыдан кейін 657-жылы батыс түрік қағандығы күйрейді. Оған ілесе батыс түріктер шығысқа көшіріледі.

Бұл турасында: ««ашына бүтін өз елінде сол тұрғауыл тай санғұн еді, мышымен бірге қараны тыныштандырған соң тай санғұн, мыңшы басқағы, жалғас қаған деген лауазымдармен бес нүшбе ұлысын биледі, сонан көп өтпей өлді.өнің ұлы құшыра өз елінде бөрі шад атанып еді.685-жылы оң санғұн, мыңшы басқағы деген шендер беріліп, жалғасты қаған лауазымына мүрәгерлік етіп бес нүшбе ұлысын биледі…өнің ұлы ашына оңғарға іркес-тіркес оң тұрғауыл тай санғұн, сәнәткер уәзір деген шендер берілді.кейін көлік уәзірі, мыңшы басқағы және он оқ қағаны болып ауысты.онан кейін он оқ ұлысы бүг чордың (соңғы түрік қағаны) сұғанақтығына ұшырап өлгені өліп тозғаны тозып жоғалды.құшыра соңынан ерген бар-жоғы 60-70 мың адамымен ішкі өңірге барып қоныстанды, батыс түрік әулеті осылай аяқталды» («жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том, 411-бет) .

«699-жылы құшыра тоқсауыл тай санғұн, батысты тыныштандыру алайының аға төбенәйі болып тағайындалып, елін орнықтыруға жіберілді, бұл кезде үшеліктің (түркеш қағаны) қолы көп әрі күшті еды. Құшыра еліне қайтуға жүрексініп қол астындағы60-70 мың адамымен ішкеріге қоныс аудардыда кейін чаң-анда өлді» («жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том, 548-бет).

«766-779-жылдары қарлұқ нығайып, сұяп өзенінің бойына қоныс аударды, сарылар мен қаралар (сары түркеш пен қара түркештер) әлсірей келе қарлықтарға кірім болды, құшыраның қалған ұлысы құйғұрларға тізе бүкті, құйғұр жойылғанға дейін (745-840) гі аралықта құйғұр қағаны бың тегін әнге қаласына орын теуіп өзін ябғұ атады. Ұлысының қалған бөлегі боғдаға бекінді, адамының ұзын қарасы 200мың адам еді». («жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том, 557-бет).

«712-жылы он оқ ұлысының бес түрік чорлары мен оң қанат бес нүшбенің бес іркіні және …едіз тұтығы, едіз сетейлер өз ұлыстарымен келіп бірінен соң-бірі сарайға тізе бүкті, олар он мыңдаған шаңыраққа жетті, оларды сары өзеннің өңтүстігіндегі айырғы мекеніне қоныстандыру…абұс елін бастап келіп сарайға тізе бүкті» («жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том, 381-бет).

«717-жылы биыңжоудың зұрғаны жаң бин хат жазып: «түріктің тоғыз ұлысынан жаңа бағынғандар тайюанның сөлтүстігіне бытырай қоныстаныпты. Оларды ұстап тұру үшін, бұл жерлерге көп әскер әкелуді өтініш етемін» .» («жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том, 858-бет).

«көп өтпей бағынған елдер арсылан, едіз сетейлердің басшылығында сарайдан бет бұрып түрікке қосылды». («жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том.,

382-бет).

Соңғы түріктің жойылуы

«…қарлық сияқты бес ұлыс озмышқа шабуыл жасады, озмыш қашып кетті, батыс ябғұ абұс пен қараша 5 мың түтінді бастап сарайға (таң патшасына) тізе бүкті, қарашаға шапағатқа бөленген қаған деген нәм берілді… Келесі жылы (арада ашына әулетінен шыққан басымыл қағаны елтеріс қаған болған, 3 жылдан соң қарлықтар мен ұйғұрлар жағынан өлтірілді) ұйғұр қағаны бекби қағанды өлтіріп, оның басында астанаға жеткіздірді. Білге қағанның әйелі құтылық себүк қатұн жұртын бастап келіп тізе бүкті, көктың ұлы хуа-ы сарайында дастарқан жайғызып топты уәзірді қабылдады, бұл ысты өлеңмен мадақтады, қатұнға бағын ел ханымы деген шен берді, жылдық поа далабына жирма тұмен теңге босатты» («жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер», 2-том, 527-528-беттер).

Бұл деректерден байқайтынымыз: шығыс түрік жойылғанда шығыс түріктерден 100 мыңнан артық адам ішкеріге көшірілгенімен көп ұзамай оларды сахараға қайтарған, ол жерде оларды басқару дуан, тұтықтарын құрған.

 

Ерзат Меллатқанұлы

жалғасы бар…

 

Жауап жазу

Your email address will not be published.