Сенбі, Маусым 24

Тұран елінің патшасы Сары Оғлан Қараханның өсиеті

“Қара қытай қаптаса, Ыслабан жиеннен жақын жоқ” “Жөгіт” – келсе, “Желік туды” дауын көтереді. Ай бетінде Айдаһардың сүйегі бар. “Ұлы жылы істеген жақсылығың – Ұлы күндерге саналады. Ұлы жылы туғандар, күрең жолға бармасын! Күлбадам атқа мінбесін! Жұлдыздан хабар келсе, ілімнен қадір кетеді”. Диханшылық – судың, дəннің, жердің, нұрдың сырын білгенге қонады. Тəні сұлудың сəні тайса, ары бірге төгіледі. Ары – жаны сұлудың сəні тайса, иманы жабады. Керей көшпейді, көршісі жылап келмесе. Керей көшсе – дауыл тұрар. Қытай көршісінен қорықса – қорған салар.

Сүйегім керей болған соң, етімді Тұранға турап бердім.

Тұран керей болғанда, Жаһанды сұрар едім.

Керейдің сырттаны ұлыса, бөрісі сегіз туғаны.

Керейдің батыры атқа отырса – Қытайдың батпағы көбейер.

“Құсілімде” қынадай болдық, “Тұңғы” белде шіріді. Қыран тұғырдан құс алды. “Құсшөлдеген” жұт келді, жусандай қалдық Кер Атаның Керейі. Жаһанды “Би Самбы” сұрады. “Үш қаһабат” құлады. “Дамас Тəңірқұт Көкті” келді. Бəйтеректей шайқалды. “Баһанды” алды, болды. Түсіндірме: “Құсілім” – топан судың қайтып, тіршіліктің жанданып, қалыпты деңгейге түсуі. Қынадай болдық – дегені, тұқымымыз көп болды. Бізге тиер, қарсы шығар жау жоқ болды деп, Тұңғы – белде шіріді сөзі, яғни қанжар қынынан суырылмай бейбіт заман орнады дегені. “Би” – дегені жеті саны, “Самбы” – дегені қарақшыдай жау торуылдап, жердің бетін жеті айналып шықты, “Үш Қаһабат” – үш рет жеңіліп қайта шабуылдадық дегені. “Дамас Тəңірқұт Көкті” – көкте бір ғана билеушінің бар екенін мойындадық дегені. “Баһанды алды” – деген сөз, ел болып, бір көсемге бағынып, бір ілімді мойындадық – деп айтқаны. “Баһан” – Елбасшы, яғни “Көсем” – дегені. “Бисамбы” – Жеті қарақшы, яғни “Құсілім” заманында Жаһанды жеті рет жаулап алған. “Желік Туы” – дегеніміз не? “Желік Туды” – адам жегіш тайпалар мен олардың одақтасы Перғауындарға қарсы алғаш ұстаған Кер Ата. Арада жүздеген жылдар өткенде бұл ту Күрең Алашқа бұйырады. Күрең Алаш перғауындар мен адам жегіш тайпаларды қуалап “Егіз Тұмсыққа” кеткеннен оралмайды. “Желік Ту” Күрең Алаштың ұрпақтары Керүкі, кейін оның ұрпағы Ер Дəуітке бұйырады. Одан Шеймерден, Оқжезді, Төсболаттың ұрпақтары ұстаса, бұлардые ұрпақтары Он екі Ата Байұлының түп атасына еншілікке тиеді. Бұл Ту “Пір Бекетте” , “Шейіт құдықта” сақталған. “Желік Туын” соңғы ұстағандар Исатай мен Махамбет.

ХАСАН АЗАНИУРИННИ ОМАР ХАЯМНЫҢ АЙТҚАНЫ:

Ия Алла, аян берші сұрағыма

Бас иемін Киелі Құраныңа!

Қазақ Қаһан туылған Қазығұртта

Бір күні жəдігөйлерде тұрады ма?

Қазақ Қаһан көтерілген биік шыңға.

Жөгіттерде тырмысып шығады ма?

Əділдікті бұрмалап жолын байлаған

Мұхаммед пайғамбарға қастық ойлаған

Жəдігөй жөйіттерге жол бермеші

Келмесін қос емердің бұлағына

Қазығұрт Тектілер шыққан киелі тау!

Қазығұрт қоңыраулы “Кемелі тау”!

Киелі Анадай “Балбалым – ау”

Осы айтқаным жетеді ме құлағыңа!

Бес Ана , Көш Ана бар, Ду Ана бар

Тоқсан екі ұл бергенсің құрсағына!

Қазақтан тараған осындай ұрпағы бар

Бас иген ғаламның жартысы Қыпшағыңа!

Меккеге қорған болған Бағдат едік

Бағдатқа Бақ қондырған Қазақ еді!

Қазақты Қаһан еткен Кер Сақ Аб еді.

Ер Қазақ, Мəулім Қазақ, Мейірім Қазақ!

Дəулетің дəуіріңде тасығанда

Аузыңа төрт Құбыла қарап еді.

О, Тəңірім! Тектілердей қасиет бер!

Өшпейтін, өрнегі Нұр Өсиет бер!

Мені де мəңгілікке жаратпаған

О, жалған! Сен бір неткен қонақ едің?!

СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ БҰХАРА ƏМІРШІСІНЕ айтқаны Сарт садағам тыңдап қой ақиқаттан!

Ақарыс, Бекарыс- ау, Жанарыс деп

Қозғайсың өзіңе тартып шариғаттан

Қазақ Қаһанды айтуға дəтің шыдамас

Жаһанның Машқұр – санат Байтерегі!

Қазақты қалай қосасың Əлімсақтан

Қазақтың Алты ұлына əлем қараған

Алаша Қаһанды ұмытпа əр Қашан!

Құранда да Алты ұлының аты мəлім

Жаһаннамға аттандырайын ба жанын сатқан!

“Құрайыш” Ар мен Ғұнның жетінші ұрпағы

Мұхамед анасынан туылғанда

Тектілер жөгіттердің ханын құлатқан.

Жөгіттер “Етүрей” боп дінге кірді.

Қожалар тектіміз деп ауып шыққанда,

Кербалада Етүрейлер жолын тосқан

Қырылып араб, парсы Кербалада

Пайғамбарды шөлге тастап тұра қашқан..

Бұл дабыс тектілерге жеткен уəзір

Қол шыққан жер қайысқан Қазығұрттан!

“Бестаңба” Кер Сақабтың “Ғасыр табағын”

Керейлер Мұхаммедтің қолына ұстатқан!

Ақиқаттан Шариғатқа қасиет бітіп,

Өсиет қалған “Насият” деп Арыстан баптан.

“Ізбөрі” бұрынғы аты “Бестаңбаның”

Алланың Құдіретімен ілім түскенде,

Бес – сақаба оқып шығып осы кітапты

Құранға “Бестаңбаның” нұрын шашқан!

Исі мұсылман ағылып Түркістанға

Тектілері төрт құбыланың бəрін алады деп

Кəпірлерді қорқытудың жолын тапқан,

Тектілері атқа отырса дірілдеген

Дауыл тұрып, ғаламатты құйындатқан,

Өтің жарылып, жүрегің аузына келсін

Өтірікке атасы жоқ Сырым Датқаң!

Бұхараның бас имамы орнынан тұрып:

Уа, Сырым Датқа! Ақиқат пен шариғат егіз, бірақ бізге “Бестаңбаны” ұстатпайды, сондықтанда біз бір Алланың құзырына бас иеміз. Ал “Бестаңбаны” əркім ұстаса, адам баласы киелі “Қазығұрттың” тасына дейін арқалап, əркім өзін текті санап, жер бетінде қан төгіс тоқтамайды”- деп Құраннан аят оқып, Сырым Датқаға ырза болып,- біз сізге нала болмаймыз, Сіздей пенде туылмайды, жаназа екі жуылмайды. Əділдік Сіздің аузыңызға майын тамызған екен, жолыңыз болсын” -деп шығарып салады.

“Бестаңба” кітабынан

Ақпантай Байғұтов

Асан Тұрабаев

Ілесбек Байжанов

Алты алаш – руханият  (Шабдезим Галым мырзаның ФБ парақшасынан алынды)

Жауап жазу

Your email address will not be published.