Дүйсенбі, Қаңтар 22

Ахметбек Нұрсила Бір-ақ секіріп шығам деп…

Бизнес деген не? Бизнесті қандай түрлері болады?

Мен бизнесті Сауда Қызмет Өндіріс бизнестері деп үшке бөлер едім.

Бизнесті не үшін ашады? Пайда табу үшін! Ақша табу үшін, Сізге халық, мекемелер ақшаны қашан төлейді? Сіз оларға бір пайдалы іс жасасаңыз! Сондықтан сіз халыққа қандай пайдалы іс жасай аласыз? Енді соны қалай табыс көзіне, ақшаға айналдыруға болады?
Алдымен мына сұраққа жауап беру керек:Қолыңыздан не келеді? Қандай қызмет түрлері?
• Қолмен істейтін қызмет ( шаштараз, үй жөндеу, көлік жөндеу т.б.)
• Баспен істейтін қызмет ( программа жасау, заңгер, бухгалтер, фотоға түсіру т.б.)
• Ұйымдастырумен істейтін қызмет (жалға алып жалға беру, той ұйымдастыру, асхана ашу)
Өндіріс
• Қолмен істейтін өндіріс ( пеш жасау, бақша егу, мал өсіру, тоқаш пісіру т.б.)
• Ұйымдастырумен істейтін өндіріс (кез келген өндіріс орнын басқа адамдарды жұмысқа алып істету)
Сауда
• Өзіңіз жалғыз істейтін сауда ( Өзіңіз бір жерден зат алып, алдырып өзіңіз бутиктен не ғаламтор арқылы сатасыз)
• Ұйымдастыру арқылы істейтін сауда ( Адамдарды жұмысқа жалдап, сату компанияын ашып сауда жүргізесіз)
Кәсіп жасауға қанша қаражатыңыз бар?
• Стартап- Нөлден бастау- Алғашқы баспалдақ ( Қаражат өте аз (100 000 – 500 000 теңгенің маңы)
 Өзіңіз жалғыз, не отбасыңызбен не өзіңіз сияқты серіктес тауып алып бастайсыз.
➢ Өзіңіз қолмен істейтін қызмет түрі.
➢ Өзіңіз баспен істейтін қызмет түрі
➢ Өзіңіз жүргізетін сауда
Бұл жағдайда кредит алуға мүлде болмайды, не нәрсені алдымен өзіңіз және отбасыңызбен бастайсыз. Барды жинастырасыз, инвестор табасыз не бастапқы капиталсыз бастайтын кәсіп түрін іздейсіз.
Қой дегенге тіл алмай,
Іс қылмай ма ол кісі?
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады – дейді Абай
Даму- Бар бизнесті дамыту –Екінші баспалдақ
➢ Ұйымдастырумен істейтін қызмет
➢ Ұйымдастырумен істейтін өндіріс
➢ Ұйымдастыру арқылы істейтін сауда
Бизнес бір арнаға түсіп, пайда әкеле бастаған соң ғана оны “Көлемді” қылу керек. “Масштабировать” Жасап жүрген бизнесіңізден түскен пайданы басқа бір бизнес түріне салу үшін көп ойлану керек! Оған сіздің Біліктілігіңіз (Компетентность) жетеді ме, жетпейді ме соны анықтау керек!
Енді аз мөлшерде кредит алуға болады. Қайтара алатыныңызға 200% сенімді болған соң ғана. Сұраныс көбейіп келе жатса , алатын жер бар тұрақты болған жағдайда.
Жүйелеу Бизнесті жоғары деңгейге шығару – Үшінші баспалдақ
➢ Білім жетілдіру және кеңесшілерді көмегіне жүгіну, бизнесті бір жүйеге келтіру
Бизнестің көлемі өскен сайын оны бір ыңғайлы жүйеге келтіріп алмаса, автоматтандырмаса, “Регулярный менеджмент”, бизнес процесстерді кіргізбесе ондай бизнес “Басқарусыз” “Неуправляемый” болып кетеді. Ол адамның барлық уақытын алады, жүйкесін құртады. Бизнес адамға емес, Адам бизнеске қызмет ететін болады. Ал жүйеленген  бизнестің басқаралуы да жеңіл, табысы да көп, дамуы да зор болмақ!
2015 ж жарияланған, Алты алаш – руханият

Жауап жазу

Your email address will not be published.