Дүйсенбі, Қаңтар 22

Жауластырмақ, жаушыда…

Мемлекеттік дума депутаты Павел Шперовтың шекараны қайта қарау туралы айтқанына орай Ресей Сыртқы істер министрлігі ресми пікір білдірді.

“Ғаламторда Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы қызу талқыланып жатқанына қатысты айтарымыз – Ресей Федерациясының сыртқы саясат мәселелері бойынша Ресей президенті, Ресей Үкіметінің Төрағасы, Сыртқы істер министрі, олардың өкілетті тұлғалары ғана ресми мәлімдеме жасайды. Біздің стратегиялық серіктесіміз және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы(ҰҚШҰ) бойынша одақтасымыз Қазақстанмен қазіргі қарым-қатынас 1992 жылғы 25 мамырда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартының негізінде  жүзеге асырылды. Бұл қарым-қатынастар 2013 жылғы 11 қарашада Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында ХХІ ғасырдағы ізгі көршілестік және одақтастық туралы шартына қол қойлығаннан кейін нығая түсті”, – делінген Ресейдің сыртқы саяси ведомствоның ресми хабарламасында.

Еске салайық, БАҚ-та Ресейдің Мемлекеттік дума депутаты Павел Шперовтың шекараны қайта қарау туралы, оның ішінде Қазақстанға жер жөнінде талаптар бары айтылған.

Мұның алдында ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстан Ресей Федерациясының Мемлекеттік дума депутаты Павел Шперовтың айтқанына қатысты алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеген.

Ал қазақстандық саясаткер Ерлан Қарин мұндай сөздерді қатаң тыйып отыру керек деген болатын. 

 

Жауап жазу

Your email address will not be published.