Дүйсенбі, Қаңтар 22

Румыниядағы мыңдаған халықтың наразылығы: халық коррупцияға қарсы

Румындықтар билікке бас берер емес, Бухарестің орталығында наразылық науқандарын жалғастыруда. Полицияның берген мәліметінде бейсенбі күні 80 000-нан астам халық жиналған. Ал сәрсенбі күні наразылыққа шыққандардың саны 250 000-ға жеткен. Басты мақсат биліктегі коррупцияға «жол ашатын» декреттің күшін жою.

Наразылық науқанына қатысушылардың бірі: «Біз осында декреттің күшін жойып, осыны қабылдаған үкіметті таратуды талап етіп шықтық. Түннің ортасында қол қойылған заңнан бас тартқандарын қалаймын,” – дейді.  Бухарестің тағы бір тұрғыны: “Олардың өз қызметтерін атқарғандарын қалаймын. Мен үкіметтің  күшпен тарағанын қаламаймын. Олар  халықтың көз алдында тонаушылықпен айналыспай, өздерін жақтап дауыс бергендердің алдында соңына дейін жауапты болуы керек. Біз осы заңның күші жойылғанға дейін өз наразылығымызды тоқтатпай, күн сайын шығатын боламыз!» дейді.

Біз айтып отырған Заңда, егер коррупциялық сипаттағы қылмыстардағы істің құны 45 000 еуродан аспайтын болса, жауапкершілікке тартылмайтындығы қарастырылған.

Жауап жазу

Your email address will not be published.