Дүйсенбі, Қаңтар 22

Әуедегі ең алыс арақашықтықтағы сапар

Qatar Airways ұшағы әлемдегі ең алыс арақашықтыққа  коммерциялық сапар  жасады.

Қатар әуе жолы компаниясының Boeing 777-200LR  Доха – Окленд рейсін орындады. Әуе кемесі 16 сағат 23 минут үздіксіз ұшып, 14 535 шақырымды бағындырған.

Qatar Airways өзінің twitter парақшасында, ұшақтың Жаңа Зеландия әуежайына сәтті қонғанын ресим түрде растады.

Келтірілген мағлұматқа қарағанда, ұшақ сапар барысында               10 сағаттық белдеуді кесіп өткен. Кеменің бортында 15 экипаж мүшесі, сонымен қатар  4 ұшқыш болған. Рейс барысында борт жолсеріктері жолаушыларға 1100 кесе шай мен кофе, 2000-ға жуық салқын сусындар және 1063 порция тамақ жеткізілген.

Алты алаш «Ақпарат»

Жауап жазу

Your email address will not be published.