Дүйсенбі, Қаңтар 22

Кісілік: Көп нүкте

Осы әңгімеден кейін менің ойыма Түркияның бір кездегі падишасы Абдулхамид екіншінің кісі күлерлік қылықтары түсті.

Көзінің тірісінде ол баспасөзде «динамо» деген сөзге тыйым салған. Айттырмаған. Өйткені ол «динамит» деген сөзді еске түсіреді деген. Оның осы мінезін жақсы білетін баспасөз қызметкерлері «таз», «жексұрын»  деген сөздерден де ат-тондарын ала қашқан. Абдулхамид екінші соның бәрін өз адресіне қабылдаған. «Пьесаларда қалай жазылса, олай жазылсын. Бірақ театр сахнасында патшаларды өлтіруші болмаңдар!» деп қатты ескертпе жасаған. Басқа басқа, тіпті, көп нүктелердің өзіне тыйым салған. «Барлық пәле сол көп нүктелерде жатыр,» деген ол.

Қадыр Мырза Әли

Жауап жазу

Your email address will not be published.