Дүйсенбі, Қаңтар 22

Ұлы көш – 2016

2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды, — деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

          «Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 65,5 пайызы — Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ, 24,9 пайызы — Қытайдан, 3,2 пайызы — Түрікменстаннан, 2,7 пайызы — Моңғолиядан, 3,7 пайызы — өзге елдерден оралған қандастарымыз», — делінген министрліктің хабарламасында.

Сондай-ақ, қандастардың басым бөлігі, яғни 33,9 пайызы — Оңтүстік Қазақстан облысына, 25,4 пайызы — Алматы облысына, 10,6 пайызы — Маңғыстау облысына, 5,8 пайызы — Жамбыл облысына, 24,3 пайызы — еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанғаны айтылып отыр.

Елге оралған қандастарымыздың 65,4 пайызы — еңбекке қабілетті жаста болса, 16 жасқа дейінгілері — 28,6 пайызы, зейнеткерлер — 6 пайызын құрайды.

Ал еңбекке жарамды этникалық қазақтардың 10,8 пайызының жоғарғы білімі бар болса, 20,3 пайызында орта арнаулы білім бар, 65 пайызы жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 3,9 пайызының білімі жоқ.

Алты алаш – ақпарат

Жауап жазу

Your email address will not be published.