Жұма, Маусым 23

Министрлік қоғамның әрбір ұсынысын ескереді

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты заң жобасындағы жұртты алаңдатып жүрген екі баптың алынып тасталғанын жеткізді.

“Қымбатты достар, біздің министрлік ақпарат және коммуникациялар мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша түрлі алаңдарда қоғамдық талқылау өткізуде. Бұл процеске сарапшылар мен журналистер және азаматтық сектор тартылуда.
Талқылаудың барлық кезеңінде қатысушылар айрықша назар аударған нормалардың бірі жасырын пікір қалдырушылардың алдын алу (деанонимизация) мәселесі болды. Атап айту керек, бұл норма троллингке, тексерілмеген ақпараттарды тарату мен арандатуға, экстремизмді насихаттау мен әлеуметтік жанжалдарға шақыруға қарсы күреске бағытталған болатын.
Сонымен қатар, жұмыс тобы отырыстарының аясында сарапшылар мен журналистер тарапынан блогерлерді тіркеу ұсынысына қатысты да көптеген ескертпелер түсті.
Біз бұл нормада желідегі танымал қолданушылардың БАҚ-пен теңестірілуін және бұл процестің ерікті түрде атқарылуын қамтамасыз етуді көздеген болатынбыз.
Министрлік барынша ашықтықты ұстанғандықтан және қоғамның әрбір ұсынысын ескеруді жөн көргендіктен, бүгін жоғарыда аталған нормаларды Заң жобасынан алып тастау жөнінде шешім қабылданды.”

Алты алаш – ақпарат

Жауап жазу

Your email address will not be published.