Дүйсенбі, Қаңтар 22

Қашаған мұнайы Новороссийскіге жөнелтілді

Қашаған мұнайын тасымалдау үшін жаңа құбыр желісінің ашылғаны туралы ақпаратты «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі хабарлады.

– Биылғы жылдың қаңтарында біз шикізат сапасын сақтап, Қашағанның жеңіл мұнайын Новороссийскіге дейін тасымалдай бастадық, – деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш ДОСАНОВ. – Ол «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы өтіп, әрі қарай транзитпен «ТрансНефть» ЖАҚ мұнай құбырының жүйесімен, күкірті аз Cібірдің жеңіл мұнайының жалпы ағымымен, Новороссийск портына дейін әрі қарай экспорттау үшін жөнелтіледі. Біз болашақта осы бағыт бойынша басқа қазақстандық кеніштердің жеңіл мұнайы тасымалданады деп күтеміз.

Новороссийск портында Қашаған мұнайын тиеу 80 мың тоннадан болатын жекелеген танкерлік партиялармен жүргізіледі. Қашаған мұнайы бар алғашқы танкер 22-23 ақпанда тиеледі деп күтілуде. Болашақта осында жеткізілімдер көлемі жылына үш миллион тоннаға дейін құрауы мүмкін, деп хабарлайды АқЖайық.

Естеріңізге салсақ, Қашаған кенішінен мұнайды «ҚазТранОйл» АҚ магистралды мұнайы құбырлары жүйесіне қабылдау 2016 жылдың 11 қазанында басталды. Новороссийск маршруты енгізілгенге дейін ол «Атырау-Самара» мұнай құбыры учаскесі бойынша тасымалданып, Ресейдегі Ленинград облысының Усть-Луга порты арқылы тиелген болатын.

Алты алаш – ақпарат

Жауап жазу

Your email address will not be published.