Бейсенбі, Қыркүйек 21

Банк жүйесін қалпына келтіру экономикалық өсімге жаңа серпін бермек

Үкіметтің банк секторын қалпына келтіру мақсатында 2 трлн теңге бөлуі туралы соңғы жаңалықтар негізінде Рrimeminister.kz осы сұраққа қатысты сарапшы пікірін білді.

Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі, ҚР Үкіметі жанындағы Экономика мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес мүшесі Олжас Құдайбергенов банкті «нашар несиелерден» тазарту – кейінге шегеруге болмайтын атқарылуы маңызды шаралардың бірі деп есептейді.

Сарапшы ел Президенті өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің қаржы секторын «қайта қалыпқа келтіру» керектігін айтқанын еске салды және де банк секторын қалпына келтірудің кешендік шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы банктерді «нашар несиелерден» тазарту жұмыстарын жеделдету керек деп есептейді және қажеттігінше акционерлер тарапынан оларды толық капиталдандырумен қамтамасыз ету керектігін айтты.

Осы орайда проблемалық несиелер қорын 2 трлн теңге көлемінде капиталдандыру жұмыстары қарастырылған болатын.

О. Құдайбергеновтың айтуынша, «нашар несиелер» мәселесі 2008-2009 жылдардан бері созылып келеді.

«Осы уақыт бойы ол мәселені шешудің түрлі тәсілдері қолданылды. Әлі күнге дейін банк секторын «нашар несиелерден» тазартатын тиісті тетіктер жоқ, соның салдарынан банктер олардың көлемін төмендетудің түрлі жолдарын қолдануға мәжбүр, сонымен қатар нашар қарыздардың шынайы қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізуге ынталы емес», – деп есептейді сарапшы.

Оның пікірінше, банктердің несиелік белсенділігіне жұмыс істемей тұрған несиелердің жоғарғы деңгейі үлкен жағымсыз әрі тұрақсыздандырғыш әсер береді. Осы жағдайда аталған мәселені шешу жалпы қаржы секторын одан әрі дамытудың маңызды факторы болып табылады.

«Нашар несиелерден» тазалаусыз, банктер несиелердіруді ұлғайта алмайды, ал жалпы экономика дами алмайды», – деді сараптамалық кеңес мүшесі.

Сонымен қоса, ол несиелерді жай ғана шығарып тастауға болмайтынын айтты. Әрине, бұл жерде әңгіме нашар қарыз алушыларды шектеу туралы ғана айтылып тұрған жоқ, сонымен қоса мемлекет тарапынан да, банктердің акционерлері тарапынан да капитал құйылуы керек.

О. Құдайбергенов жалпы бағдарлама әр банктің ерекшелігін ескеруі тиіс екенін, және бір мезгілде банктерді жедел тазартуға ынталандыратын салық ынталандырулары пысықталған болуы тиіс екенін атап өтті.

Осы ұсыныстардың барлығы ҚР Үкіметінде экономика мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес отырыстарының бірінде айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңестің ортақ пікірі әзірленді, оның негізгі ойы шаралардың бір бөлігін алдағы жұмысқа бағыттау болып табылады. Бастысы, барлық сарапшылардің пікірі бір жерге түйісті: аталған мәселені кейінге қалдыруға болмайды.

О. Құдайбергенов ҚР Үкіметі жанындағы экономика мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес «нашар несиелермен» күрделі мәселені шешуге өз үлесін қосатынын сеніммен айтты.

Ол сондай-ақ аталған Сараптамалық кеңес Премьер-Министрге елдің мүмкіндіктерін қатты тежейтін экономикадағы түйіндерді біртіндеп шешу үшін баламалы, объективті және сапалы пікір алуға мүмкіндік беретін алаңға айналатынына үміт білдіретінін айтты.

Банк жүйесін сауықтырудағы тағы бір маңызды қадам, Сараптамалық кеңес мүшесінің пікірінше, Мемлекет басшысының Жолдауы болуы тиіс. Ол алдыңғыларына қарағанда, кейінгі Жолдау Ұлттық банктің экономикаға қатысты саясатын едәуір өзгертетінін атап өтті. Егер бұрын баға тұрақтылығы реттеушінің жалғыз басымдығы болса, ендігі Ұлттық банк экономикалық өсімді қамтамасыз етуге септігін тигізуі тиіс.

«Еліміздің қаржы жүйесі мен экономикасы үшін – бұл ережелердің жақсы жаққа қарай едәуір өзгеруі», – деді О. Құдайбергенов.

Еске салсақ, ҚР Үкіметі жанындағы экономика мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңес 2016 жылғы қарашада құрылды. Оған Үкімет мүшелері, ҰКП, сараптамалық қоғамдастық, бизнес өкілдері енді. Аталған кеңестің мақсаты Қазақстан экономикасының өзекті мәселелері бойынша ой-талқы өткізу болып табылады.

Алты алаш – ақпарат

Жауап жазу

Your email address will not be published.