Сенбі, Тамыз 19

Астанада «Turkvision» байқауы өтеді

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астанада алғаш рет «Turkvision» байқауы ұйымдастырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«ЭКСПО» көрмесі аясында «Turkvision» байқауын өткіземіз. Бұл – замануи-эстра әндерінің конкурсы. Байқау – түркі тілдес халықты біріктіретін шара. Көрме аясында Астанада алғаш рет осы байқау өтеді. Қазіргі таңда шара ұйымдастырушылармен келісілді. Барлығы кесте бойынша өтеді. Оған құрметті қонақтар шақырылады», – деді департамент директоры.

Оның айтуынша, іс-шараға байқауды өткен жылы жеңген әнші қатысады.- Қазір осы байқауға Түркия мен Орталық Азия елдерінде әншілер іріктеліп жатыр, – деді Алмаз Нұразхан.
Астанада «Turkvision» байқауы өтеді

Естеріңізге кетейік, 2014 жылы «Turkvision» байқауында қазақтың әнші қызы Жанар Дұғалова бас жүлдені иеленген болатын.

Алты алаш – Мәдениет

Жауап жазу

Your email address will not be published.