Сейсенбі, Тамыз 22

Қ. Қожамжаров: Халық әртісі айыпталушы болады деп кім ойлаған?!

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров алқа отырысында Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты былай деді:

«Кейде қоғам не болғанын түсінбей қалады. Себебі қылмыстық қудалауға көбіне танымал түседі. Олар түрлі салаларда жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы, Жаманқұлов. Халық әртісі, еліміздің сүйікті азаматы айыпталушы болады деп кім ойлаған?! Біз дәлелдерді көрсетуіміз керек».

Қ.Қожамжаров «CentralAsiaMonitor» газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге қатысты да ойын айтты.

«Ғабдуллинге қатысты қылмыстық іс енді басталғанда журналистер менен дәлелдерді көрсетуімді сұраған. Сот ашық өтті, ол кінәсін мойындады. Барлық дәлелдер мен тергеу жұмыстарының нәтижесі қоғам алдында көрсетілді. Сондай-ақ, оның «маған белгілі бір сомада тапсырыс бермесеңіздер, жағдайларың қиын болады» деп айтқаны туралы дәлелдер бар» деді агенттік төрағасы.

Алты алаш – ақпарат

Жауап жазу

Your email address will not be published.