Жексенбі, Қараша 19

Елбасы Ресей Президентімен кездесу өткізді(бейне)

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті. Алатау бөктеріндегі басқосуға екі жақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер арқау болған. Елбасы өз сөзінде Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының ерекше екендігін атап өтіп, өзара сенімділіктің жоғары деңгейде қалыптасқанын тілге тиек етті. Мысал ретінде, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы мен еліміздегі 7 мыңға тарта бірлескен кәсіпорын қызметін алға тартты. «Оның үстіне, екі ел әлемдік ахуалдарға қатысты біркелкі мақсат-мүддені ұстанады» – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ал Владимир Путин өз кезегінде Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінің нәтижелі өткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде ғаламдық проблемаларды шешуге атсалысады деген сенімін жеткізді.

Алты алаш – ақпарат

Жауап жазу

Your email address will not be published.