Сейсенбі, Шілде 25

Жаза басқан жүргізуші (бейне)

Лос-Анджелесте американдық киноакадемияның бас жүлдесін табыстау рәсімінің соңы күтпеген жерден дау-дамайға ұласты. Барлық номинация бойынша «алтын адамдар» табысталып болып, сыйлықтың сұлтаны «Ең үздік фильм» үшін Oscar жеңіп алған картинаны атау кезінде актриса Фэй Данауэй мен актер әрі режиссер Уоррен Битти шатасып, «Ла ла лендті» айтып қалып, сахнаға осы фильмді түсірген топ шығып, жиылған жұртқа және ағайын-туыстарына жүрекжарды алғыс білдіре бастаған еді. Бірақ, сөйткенше болған жоқ, актерлік аламанның бас жүлдесі «Лунный свет» картинасына берілгені анықталды. Бұған сенер-сенбесін білмеген жұрт есеңгіреп барып, есін жиды. Рәсімнің шымылдырығы түрілер кезде жүргізуші Джимми Киммел «түбінде осылай масқара болатынымды біліп едім» деп, жұрт алдында ағынан жарылды.

Алты алаш – ақпарат

Жауап жазу

Your email address will not be published.