Жексенбі, Қараша 19

Сүйінші ағайын, Ата Заңымыздың 26-бабы өзгермейтін болды!

“Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды” деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 26-баптың 1-тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының азаматтары» сөзін «Әркім» сөзіне ауыстыруға қатысты өз қарсылығы ретінде оның қауіптілігі турасында көп талқыланды. 25 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы президент Нұрсұлтан Әбішұлының жарлығы шыққан болатын. 2017 жылғы 26 қаңтар – 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізілген бүкіл халықтық талқылауға ұсынып отырған «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасындағы

26 бапқа қатысты өзгеріске халық өте наразы болды. «Қамшы» порталы және басқа да қазақ тілді БАҚ қоғам талабын ашық көтерді. Естеріңізге сала кетейік, 26-баптың 1-тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының азаматтары» сөзін «Әркім» сөзіне ауыстырған Жұмыс тобының енгізген ұсыныстары баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Бұл ең алдымен қоғамдағы жекелеген мүшелердің шетелдіктерге жерге меншік құқығын береді деген алаңдаушылықтарына байланысты туындады. Кейбір саясаткерлер, заңгерлер мен жай азаматтар тарапынан бұл норма өткір сынға алынса, белгілі ғалымдар мен практиктер тарапынан қолдауға ие болған. Айта кетер болсақ, 2016 жылы Қазақ жерін аукцион арқылы шетелдіктерге сатуға байланысты да бүкілқазақстандық митингілерден өткеннен кейін Елбасы жер туралы заңға мараторий жариялаған еді.

Жауап жазу

Your email address will not be published.