Сейсенбі, Шілде 25

Жақсыдан үйрен…

Біздің ақжағалылар, депутаттар шетелге жиі барады. Бірақ жат жұрттардың қарапайымдылығынан, елсүйермендігінен үлгі алмайды. Марқұм Орал Мұхамеджановтың спикерлігі тұсында бір топ мәжілісші Еуропаның бір еліне барыпты. Сол елдің Премьер-Министрімен, депутаттарымен кездесуден кейін, лауазымды басшылар жөніне кеткен. Түскі ас ішетін жерге жаяу-жалпылап жеткен біздің қалаулылар қара терге малшыныпты. Мейманханада да ешкім қарсы алмаған көрінеді. Бір депутат шеткеріде дастарқан жайып жүрген адамнан: «Премьер-Министрлеріңіз қайда кетті?» деп сұраса: «Кешіріңіз, ол менмін!» депті. Бір қызығы, әлгі елдің Үкімет басшысы да, депутаттары да жұмысқа велосипедпен барып- келеді екен.

Жауап жазу

Your email address will not be published.