Сейсенбі, Шілде 25

Талқан табылса – тамақ.

Қостанайлық бір топ кәсіпкерлер ұлттық тағамымыздың бірі – талқан туралы дабыл қағып, Президентке ашық хат жолдады. «Ұлттық тағамымыз ұмытылып барады» деген кәсіпкерлер талқанды күнделікті тұтынатын азық-түліктер тізіміне енгізіп, балабақша мен әскерде ас мәзіріне қосуды сұрапты. Құптарлық-ақ ұсыныс. Талқан тек құнарлы тағам ғана емес, емдік қасиеті мол азық. Ғалымдардың айтуынша, күніне 200 грамм талқан жеген кісі қан аздығы ауруынан құлан-таза айығады екен. Ертеде ата-бабаларымыз талқанды сусамыр дертін емдеуге пайдаланған.

Т. Тілеубай “Тәуелсіздік – тұмарым”

Алты Алаш – руханият

Жауап жазу

Your email address will not be published.