Сейсенбі, Шілде 25

Тасмағамбетов балабақшаларды қазақ тіліне аударуға ұсыныс тастаған\\ видео

Қазір Қазақстанның Ресейдегі өкілетті елшісі қызметін атқарып отырған Иманғали Тасмағамбетов Үкімет басшылығында отырғанда Қазақстандағы балабақшалардың бәрін қазақ тіліне аударуға бастама көтерген деп хабарлайды Qamshy.kz. Мемлекет қайраткері Иманғали Нұрғалиұлы Үкімет мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында тіл мәселесі туралы және осы орайда  ешбір ата-ананың қарсы шықпайтынын алға тарта отырып, барлық балабақшаларды қазақ тіліне аударуға бастама көтерген болатын. «Егемендігімізге, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толды. Қазір барлық жерде балабақшалар салынып жатыр. Неге соны қазақ тілінде ашпаймыз,» дейді Тасмағамбетов. Айта кетер болсақ, өткен жылдың желтоқсан айында Астанада өткен Республикалық жастар форумының пленарлық отырысында жастар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтен еліміздегі үш тұғырлы тіл саясатына қатысты пікірін сұраған болатын. «Біріншіден, заң қабылданып, қажетті қаражат бөлінді. Мамандар дайындалды. Бүгінгі күні қарап отырсаңыздар, Парламенттегі жалпы жиындардың барлығы қазақ тілінде өтеді. Үкіметтің мәжілісі қазақ тілінде өтеді. Бірақ, бір нәрсе түсініксіз. Біз осы күнге дейін, қазақ тілі өзге емес, өзімізге керек екенін түсінбей келеміз. Жалпы қазақ тілі деген халықтың жаны. Бұдан артық айта алмайсың» деген болатын. Сондай-ақ, Қазақ тілінің дамуы турасында «Міне, мәселе осында, біз бір-бірімізбен қазақша сөйлессек, біз өз тілімізді өзіміз құрметтесек, біз оған шын мәнінде жанашырлық білдірсек қана тілдің болашағы болады. Тіл бар жерде қазақ бар, тіл жоқ жерде қазақ жоқ. Бітті, басқа формула жоқ бұл мәселеде”, – деп түйіндеп еді сөзін.

Жауап жазу

Your email address will not be published.