Дүйсенбі, Қаңтар 22

Нағыз ҚАПШЫҚБАЙҰЛЫ. Аудармадағы діни сөздер

dsds

\r\n Құранның отты беттерінен бүлінбей алынып, өздерінің дыбысталуымен де Мұхаммедтың аузынан шыққандай жалынды осынау сөздерді біздің дарынды аудармашыларымыз өз жұмыстарында қымсынбастан еркін қолданып келді.\r\n\r\nАударма үстінде сөз бояуын қанықтыра түсу үшін аудармашы кейде өзі айналысып отырған шығарманың бойындағы мәдениетке мүлде кереғар ұғымдағы діни сөздерді әдейі әкеп қосатыны болады.\r\n\r\nБұл біздің тәуелсіздік алғанға дейінгі аударма әдебиетімізде көркемдікке жетудің пайдалы тәсілі ретінде танылып, солай қолданылып келді. Бұны өзіміз құныға оқыған кітаптардың ішінен талай рет оқыдық. Мысал келтіру үшін оларды көп ақтарып та жатпайсың. Тұрпаты бөлек сөздер өздері де тез табылады.\r\n\r\nМысалы:\r\n\r\n«Үш Ноян» (ауд: Әбілмәжін Жұмабаев) 190-бет\r\n\r\n– Атос пен Портосқа да айтқан жоқсың ба?\r\n\r\n– Оллаһи!\r\n\r\nСонда. 254-бет.\r\n\r\n«Петр әулие саусақтарымен бата берді». «Әке мен бала үшін және әулиенің аруағы үшін».\r\n\r\n«Өлі жандар» (ауд: Энвер Ипмағамбетов) 58-бет\r\n\r\n– Иллаһим, жазылғай тағы.\r\n\r\n«Көтерілген тың» бірінші том. (Хасен Өзденбаев, Ғаббас Жұмабаев) 123-бет.\r\n\r\n– Зауали мәшхарда жауап бересің әлі.\r\n\r\nСонда. 359-бет.\r\n\r\n«Марина Құдайға құлдық ұрып, әбден діншіл болып алды, үлкен оразаны басынан аяғына дейін қалыс қалмай….»\r\n\r\nА.П.Чехов. «Зар»\r\n\r\n– Құдай ұрсын, оллаһи шыным.\r\n\r\nА.П.Чехов. «Қасірет»\r\n\r\n«Доктор қолын бір сілтеп, палатадан шығып кетті. Токариге де Алла әкбар!»\r\n\r\n«Ревизор» (ауд: Мұхтар Әуезов)\r\n\r\n– Жоқ, алда разы болсын, көнбеймін.\r\n\r\nЖоғарыда айтқан түпнұсқа мәдениетіне кереғар, бірақ көркемдікке жетудің тәсілі ретінде алынғаны «Оллаһи!» «Иллаһим», «Зауали мәшхарда», «Алла әкбар!» Зауали мәшхар – буддизмды қоспағанда ислам мен христиандық сенімге бірдей ұғым. Ал қалғандарында мұсылман адам ғана айтатын «Алла» сөзі қосарланып келген. Сөйте тұра біздегі аударма тілінде бұлардағы ішікі бұлжымас берік исламдық ұғымды сыртқы дыбыстық әуезділігі жеңіп кете берді де, діни отты мазмұнынан сөз ретіндегі әдеби әсерлігі күшейе түсті. Сөйтіп мазмұны күшті әрі сиқырлы әуезді сөзге құмар ақындарша аудармашылар да арабтың мұндай керек сөзін өз қажеттерінше жұмсай берді. Бұлардың ешбірі де кейіпкердің дінін бұзар кесел сөздер емес, оқушы сезіміне әсер еткіш күшті, әуезді сөздер. Осы жағынан, жаңағыдай сөздерді діні басқа мәдениетке қолданғанда сөзді күшейткіш тілдік құрал деп қарастырған жөн.\r\n\r\nАл, «ораза», «бата», «аруақ» дәл өзіндей болмағанмен ұқсас ниет, ұқсас түсініктен туған өзге діндерге де, кейбір халықтық дүниетанымға да жат емес туыстас, мазмұндас ұғымдар.\r\n\r\n«Алда разы болсын» задында «Алла разы болсын» болу керек. Алла сөзін бұрынғы қыр қазақтары өздеріне икемдеп «Алда» деп, Алланың біздің тілдегі қосары Құдай сөзі сияқты тағы бір сыңары етіп жіберген. Сондықтан бұны таза ислам ұғымындағы сөз деп қарастырмай, одан көрі қазақы жосында жұмсалатын сөздердің қатарына жатқызу керек сияқты.\r\n\r\nҚазіргі сақтампаз редакторларымыздың сүзгісінен мұндай сөздер сүзіліп алынып қалады.\r\n\r\nБіздің аудармашылар империялық кезеңде, аударма буыны енді ғана беки бастап, рухани аштығымыздың аранын өзге жұрттан тәржімеленген өлең-жыр, әңгіме-романдармен бітеп үлгіре алмай жатқанда, сонда да көркем аударманың ең бір үздік үлгілері жасалып қойған кезде «Тәңір», «Құдай» сөздеріне мәндес етіп «Алла» сөзін де бірге алып отырған.\r\n\r\nМысалы, Гогльдің «Таңдамалы хаттарында» (ауд:З.Қабдолов), Пушкинның «Капитан қызында». Есімізде қалмағаны қаншама, ал қалғанымен кейбірінің кітабы қазір қолымызда жоқ.\r\n\r\nГогольдің «Өлі жандарынан» Алла сөзін әр тарау сайын ұшыратуға болады.\r\n\r\nМысалы: 444-бетте.\r\n\r\n– Осы ниетіңізді Тәңірі сізге баянды етсін! – деді қуанып кеткен қарт. –Князға жалынып, сізге азаттық әперуге барлық күш-жігерімді жұмсармын. Сәті түсе ме, түспей ме, оны Алла (білер).\r\n\r\nӨлі жандардың аудармасында Алла сөзі Құдай, Тәңір сөздерінің синонимі ретінде қолданылғандықтан ол шығарманың өн-бойында берік орныққан таза русьтік тұрмысты, сонда қайнап өскен кейіпкерлердің мінез-кейіптерін мекке маңындағы қалашықтарда тұратын сәлделі арабтарға айналдырып жіберерлік хикімет күшті байқамайсыз. Алла сөзін айта тұра таза орыс мінезі аңқып тұрады.\r\n\r\nСондықтан аударма ісінде бұлардан қаша сақтану орынсыз. Шегінен асырмай орнымен пайдаланса аудармашы тіліне берекелі, ырысты дүниелер.\r\n\r\nАударма тіліне діни ұғымдағы сөздерді қыстырудан жөнсіз қашуды орынсыз десек, жоқ жерден орынсыз шұбарлауды да сондайлық жөнсіздік дер ек. Себебі аудармашы түпнұсқа мәдениетіне озбырлық жасап алудан өзін әманда сақтандырып отыру керек.\r\n\r\nДіни сөздермен қатар аударылатын тілдің мәдениетіне жат деп көбіне қақпай көретін сөздердің бір легі халықтық ұғымдағы сөздер. Бұл сөздердің бар кемшілігі ұлттық бояуының қалың болуында. Бірақ керек жерінде қолданса бұлар да сөз шырайын кіргізер көркем дүниелер. Түпнұсқаның дәуіріне қарай, кейбір тұрмыстық ұқсастықтарымызға қарай қолдану аударма дәстүрімізде бұрыннан бар.\r\n\r\nМысалы:\r\n\r\n«Көтерілген тың» 413-бет.\r\n\r\n– Сонда немізді егеміз, бетім-ау!\r\n\r\n(Сонда. 361бет.)\r\n\r\n– Адырам қал, ақ сайтан!……\r\n\r\n– Ойбай ғана сұм цыганның жылбысқысы-ай,…\r\n\r\n– Тәйт әрмен!\r\n\r\nСиыр сауып, қамыр иелеген, ұзын етекті көйлек киіп, басына жаулық тартқан XX-ғасыр басындағы шаруақор казак қатынының аузына осы тірлікті күнде көріп жүрген бейнетшіл қазақ әйелінің тұрмыстағы сөзін салу түпнұсқа мәдениетін бұзғандық болмайды. Орнын тауып қолданса Еуропа мәдениетімен өскен әйелге де біздің әйелдердің сөз саптасын әдемі етіп  қиюластыруға болар еді.\r\n\r\n \r\n

 Нағыз қапшықбайұлы

\r\n

 

\r\n

 

One Comment

Жауап жазу

Your email address will not be published.